Отандастарымыздың зейнетақы жинақтары 26,74 трлн теңгені құрады

 

 

Қазақстандықтардың зейнетақы жинақтарының көлемі  2026 жылдың 1 мамырына 26,74 трлн теңгеден асты. 12 айдағы өсім 3,64 трлн теңгеге немесе 15,8%-ға өсті.

2026 жылдың 1 мамырында міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) есебінен қалыптасқан зейнетақы жинақтарының көлемі 24,97 трлн теңге. Бір жылдағы өсім 3,09 трлн теңге (14,1%). 

Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) бойынша зейнетақы жинақтары – 731,99 млрд теңге, 12 айдағы өсім – 10,6%.

Дата публикации
19 июня 2026