Сайлау учаскелерін құру туралы

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» 1995 жылғы
28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңының
23-бабына және «Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес Қазалы ауданы бойынша сайлау учаскелері құрылсын.
  2. Осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес тізбе бойынша Қазалы ауданы әкімінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
  3. Осы шешімнің орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазалы ауданы әкімінің орынбасарына жүктелсін.
  4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

                                                                      

 

Қазалы ауданының

            әкімі                                                            А. Есмаханов

 

 

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазалы ауданының аумақтық сайлау комиссиясымен

Дата публикации
22 мая 2026