Хабарландыру!

«Қазалы ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің конкурстық комиссиясы «Қазалы ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Қазалы – Су сервис» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының директоры бос лауазымы қызметіне конкурс жариялайды.

Лауазымдық жалақысы 191250 теңге. (экологиялық коэффицентті қоспағанда).

Функционалдық міндеттері: Жалпы коммуналдық кәсіпорын жұмысына басшылық жасайды. Тиісті заңнамаларға сәйкес мекеме қызметінің қаржылық-шаруашылық нәтижелерінің орындалуын, қабылданатын шешімдердің орындалуын, теңгерімдегі немесе басқарудағы мүліктердің сақталуын және толық пайдалануын қамтамасыз етеді, өндірістік, шаруашылық және қаржы-экономикалық қызметіне басшылық жасайды. Кәсіпорын қызметінің саясатын, стратегиясын және оны іске асыру механизмін айқындайды. Қызметі бойынша шарттар, келісім-шарттар, операциялар жасайды, өкімдер мен бұйрықтары шығарады, кездесулерде мекеме атынан өкілдік етеді. Мекеменің ішкі құрылымдық жұмыстарын және өзара тиімді іс-қимылдарын ұйымдастырады, әлеуметтік және нарықтық басымдықтарды ескере отырып, олардың қызметін  жаңалықтар мен нарықтық жағдайдағы өзгерістерге жылдам ден қоятын, тауарлар мен қызметтерді икемді және ұтқыр өндіруді дамыту мен жетілдіруге бағыттайды. Бюджет, салық, жинақтаушы зейнетақы қоры және сақтандыру қорлары, өнім жеткізушілер, тапсырыс берушілер және банк мекемелерін қоса алғанда, мекеме алдындағы міндеттемелерінің, сондай-ақ шаруашылық және еңбек шарттарының (келісім-шарттардың) және индикативті жоспар мен бизнес-жоспарлардағы көрсеткіштердің орындалуын қамтамасыз етеді. Басқарудың экономикалық және әкімшілік әдістерінің үйлесуін, өндірістік және өзге мәселелерді талқылау мен шешуді, өндірістің тиімділігін арттыруды материалдық және моральдық көтермелеуді қамтамасыз етеді. Әлеуметтік әріптестік қағидаттары негізінде ұжымдық шартттарды әзірлеу, жасау және орындау, еңбек және өндірістік тәртіптің сақталуын қамтамасыз етеді, кәсіпорын жұмысшылары мен қызметкерлерінің еңбек ынталылығын, бастамасын және белсенділігін дамытуға ықпал етеді. Кәсіпорынның сумен жабдықтауын және кәріз нысандарын жөндеуді, пайдалануды, су және кәріз шаруашылығы қызметтерін көрсетуді, жүйелерге жөндеу және техникалық қызметтер көрсетуді, авариялық жағдайларды жоюды, ағымдағы жөндеу және күтіп ұстау, профилактикалық жұмыстарды жүргізуді ұйымдастырады. Қоршаған ортаны қорғауға бағытталған шараларды ұйымдастырады. Азаматтардың тиісті заң аясында арыз-шағымдарын, өтініш-хаттарын қарайды.

Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының Конститутциясын, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы, Мемлекеттік мүлік туралы Заңдарды, Еңбек кодексін, кәсіпорынның өндірістік-шаруашылық және қаржылық-экономикалық қызметін реттейтін, жалпы Қазақстан Республикасының дамуының басым бағыттарын айқындайтын заңнамалық және нормативтік құқықтық актілерді, өндірісті және еңбекті ұйымдастыру, салалық келісімдерді, ұжымдық шарттарды әзірлеудің және жасаудың және әлеуметтік-қатынастарын реттеу тәртібін өзге де қолданыстағы нормативтік құқықтық актілерді білуі тиіс.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Білімі жоғары техникалық (құрылысшы, инженер-құрылысшы, инженер-механик, транспорт, инженер-гидротехник транспорттық құрылыс).Кәсіпорнының бейініне сәйкес басшы лауазымдарда кемінде 5 жыл жұмыс өтілінің болуы;

Қошталатыны:

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Мемлекеттік кәсіпорынның басшысын тағайындау және аттестаттау, сондай-ақ оның кандидатурасын келісу қағидаларын бекіту туралы 2015 жылы 2 ақпандағы №70 бұйрығы негізінде жүргізіледі.

Конкурсқа қатысқысы келген азаматтар «Қазалы ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне келесі құжаттарды тапсырады:

1) Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігінің көшірмесі;

2) конкурсқа қатысу туралы өтініш;

3) мемлекеттік және орыс тілдерінде түйіндеме;

4) еркін нысанда жазылған өмірбаян;

5) білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

6) еңбек кітапшасының (ол болған кезде) немесе еңбек шартының көшірмесі не соңғы жұмыс орнынан жұмысқа қабылданғаны және еңбек шартының тоқтатылғаны туралы бұйрықтардың көшірмелері;

7) "Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушысының 2010 жылғы 23 қарашадағы №907 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама.

Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс өтіліне, кәсіби даярлық деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми жарияланымдар туралы құжаттардың көшірмелері, сондай-ақ бұрынғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар және т.с.) бере алады.

Аталған құжаттардың біреуінің болмауы конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады. Комиссия осы көрсетілген барлық құжаттары толық белгіленген талаптарға сәйкес болған жағдайда, құжаттар қабылдау аяқталған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде құжаттар тапсырған тұлғаны конкурсқа қатысуға жіберуге шешім қабылдайды.

Конкурсқа қатысуға жіберілген тұлғалардың тізімі бекітілгеннен кейін Комиссия конкурсқа қатысушылармен мына мекен-жайда әңгімелесу өткізеді:

Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті, Ж.Нұрмұхамедұлы көшесі №130 үй, 2-қабат, кіші мәжіліс залы.

Конкурстық комиссияның қорытынды мәжілісі әңгімелесу өткізілгеннен кейін 2 жұмыс күннен кем емес мерзімде өткізіледі.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған мерзімінен бастап 15 күнтізбелік күн аралығында мына мекен-жайға тапсырылуы тиіс:

Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті, Ж.Нұрмұхамедұлы көшесі №130 үй,

Телефон: 8 (72438) 79-2-80  /6952/

Почта: jkh_kazaly@korda.gov.kz

Аталмыш лауазымға орналасқан адам үшін көтерме шығындар төленбейді және тұрғын үй мен жеңілдіктер ұсынылмайды.

 

«Қазалы ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің конкурстық комиссиясы

Дата публикации
20 мая 2026