Кірістер
2026 жылғы 1 мамырға аудан бюджетінің кірістер жоспары 5 999 093,5 мың теңге болса, нақты 6 066 744,8 мың теңгеге немесе 101,1 пайызға орындалды, оның ішінде өз кірістеріміздің жоспары 1 460 478,4 мың теңге болса, нақты 1 528 129,7 мың теңгеге, яғни 67 651,3 мың теңгеге артық немесе 104,6 пайызға орындалды.
Есепті кезеңде республикалық және облыстық бюджеттерден 4 538 615,1 мың теңге (100 пайыз) трансферттер алынды оның ішінде, субвенция 3 235 925,0 мың теңге (100,0 пайыз), ағымдағы нысаналы трансферттер 117 593,1 мың теңге (100 пайыз), нысаналы даму трансферттері 1 185 097,0 мың теңге (100 пайыз).
Шығындар
Аудан бойынша 2026 жылғы 1 мамырға шығындар жоспары 5 923 168,5 мың теңге болса, нақты 5 494 479,3 мың теңгеге немесе 92,8 пайызға орындалып, 428 689,2 мың теңге қалдықта қалды.