

2026 жылғы 1 қазанға аудан бюджетінің кірістер жоспары 11 670 518,0 мың теңге болса, нақты 11 772 550,3 мың теңгеге немесе 100,9 пайызға орындалды, оның ішінде өз кірістеріміздің жоспары 3 002 137,5 мың теңге болса, нақты 3 103 301,7 мың теңгеге, яғни 101 164,2 мың теңгеге артық немесе 103,4 пайызға орындалды.
Есепті кезеңде республикалық және облыстық бюджеттерден 8 131 696,8 мың теңге (100 пайыз) трансферттер алынды оның ішінде, субвенция 5 201 764,0 мың теңге (100,0 пайыз), ағымдағы нысаналы трансферттер 378 510,7 мың теңге (100 пайыз), нысаналы даму трансферттері 2 551 422,1 мың теңге (100 пайыз).