

ЖАСТАР САЯСАТЫ
Қазалы ауданы бойынша 18–35 жас аралығындағы жастар саны 23 552 адамды құрайды. Оның ішінде 12 565-і ер азаматтар, 10 987-сі әйел азаматшалар. Аталған көрсеткіш аудан халқының жалпы санының 29,7 пайызын құрайды. Жастардың 2117-сі (9%) қала аумағында, 21 435-і (91%) ауылдық елді мекендерде тұрады.
Ауданда жастармен жұмыс жүргізу бағытындағы іс-шараларды аудандық және қалалық Жастар ресурстық орталықтары үйлестіреді.
Жастардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру мақсатында 2026 жылы
100-нен астам іс-шара өткізілді. Аталған іс-шараларға 3 мыңға жуық жас қамтылды. Іс-шаралардың негізгі бөлігі бейресми форматтағы кездесулер, кеңес беру жұмыстары, психологиялық тренингтер, арт-шеберлік сағаттары, спорттық жарыстар, сенбілік акциялар және волонтерлік бағыттағы шаралар түрінде ұйымдастырылды.
2026 жылдың қаңтар-қыркүйек айлары аралығында барлығы 2 969 адам жұмысқа орналастырылды. Оның ішінде жастар саны 1 482 адамды құрады.