Қызылорда облысы Қазалы аудандық мәслихатының 2023 жылғы 22 желтоқсандағы №166 «2024-2026 жылдарға арналған Ғ.Мұратбаев ауылдық округінің бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

ЖОБА

 

Қызылорда облысы Қазалы аудандық мәслихатының 2023 жылғы

22 желтоқсандағы №166 «2024-2026 жылдарға арналған Ғ.Мұратбаев ауылдық округінің бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

 

 

Қызылорда облысы Қазалы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Қызылорда облысы Қазалы аудандық мәслихатының «2024-2026 жылдарға арналған Ғ.Мұратбаев ауылдық округінің бюджеті туралы» 2023 жылғы 22 желтоқсандағы №166 шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:

1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

«1. 2024-2026 жылдарға арналған Ғ.Мұратбаев ауылдық округінің бюджеті 1, 2, 3 – қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2024 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер – 95432 мың теңге, оның ішінде:

салықтық түсімдер – 5855 мың теңге;

салықтық емес түсімдер – 0 ;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 1867 мың теңге;

трансферттер түсімі – 87710 мың теңге;

2) шығындар – 95960,4 мың теңге, оның ішінде;

3) таза бюджеттік кредиттеу – 0;

бюджеттік кредиттер – 0;

бюджеттік кредиттерді өтеу – 0;

4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0;

қаржы активтерін сатып алу – 0;

мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0;

5) бюджет тапшылығы (профициті) – -528,4 мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитті пайдалану) –               528,4 мың теңге;

қарыздар түсімі – 0;

қарыздарды өтеу – 0;

бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 528,4 мың теңге.».

  1. Аталған шешімнің 1, 5 - қосымшалары осы шешімнің 1, 2 - қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
  2. Осы шешім 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазалы аудандық

мәслихатының төрағасы                                                        Ғ. Әліш

 

 

Дата публикации
24 октября 2024