Ауыл көшелерінің бойындағы жарықшамдарға жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Өткен жылы тұтынушылардың құқықтарын қорғау заңнамасына өзгерістер мен толықтырулар енгізілген болатын. Бұл ретте Қазақстан Республикасының «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» заңына сәйкесСатушы өзінің байланыс деректерін (мекенжайы мен телефон нөмірін) және уәкілетті органның байланыс деректерін (мекенжайы мен телефон нөмірін), тауарларды өткізу (жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету) шарттарын, сондай-ақ сатушының тауарды сату (жұмысты орындау, қызметті көрсету) кезінде тауарды сатып алу (жұмысты орындау, қызметті көрсету) фактісін растайтын құжатты немесе тауарды сатып алу (жұмысты орындау, қызметті көрсету) кезінде жасалған шартты беру міндеті туралы ақпаратты тауарды өткізу (жұмысты орындау, қызметті көрсету) орнында қазақ және орыс тілдерінде орналастыра отырып, көрсетілген ақпаратты тұтынушының назарына жеткізуге міндетті.
Сонымен қатар, Сатушы (дайындаушы, орындаушы) тауарды өткізу (жұмысты орындау, қызметті көрсету) орнында уәкілетті органның және тұтынушылық дауларды сотқа дейінгі реттеу субъектілерінің байланыс деректерін (мекенжайы мен телефон нөмірін), сондай-ақ тұтынушының өзінің бұзылған құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау үшін оларға немесе сотқа жүгіну құқығы туралы ақпаратты орналастыруға міндетті.
Осыған байланысты тұтынушы өзінің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау үшін сатушыдан аталған ақпараттарды сұратуға толық құқығы бар.
Өз құқықтарыңызды қорғап, сауатты тұтынушы болыңыз!
ҚР Сауда және интеграция министрлігінің Қызылорда облысы бойынша Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті, Қызылорда облысы, Қызылорда қ., И.Журба көшесі №12 ғимарат, 3-қабат, жедел желі телефоны: 8(7242)71-15-30. Инстаграмм: dzppkyzylorda Фейсбук: ДзппКызылорда
🔹 Есірткі – адам өмірі мен денсаулығына зор қауіп төндіреді;
🔹 Есірткіні сақтау, тасымалдау және тарату заңмен қатаң жазаланады;
🔹 Жеңіл табысқа қызығып, заңсыз әрекеттерге бармаңыз;
🔹 Күмәнді ұсыныстар мен интернеттегі заңсыз жарнамаларға сенбеңіз;
🔹 Есірткіге қатысты құқық бұзушылықтар туралы ақпарат болса, құқық қорғау органдарына хабарлаңыз.
⚠️ Есірткі – болашақты жоятын қауіп!
Тиісті сападағы, яғни қалыпты, бірақ сізге осы немесе басқа себептер бойынша, мысалы, өлшемі, түсі немесе фасоны бойынша ұнамай қалған тауарды қайтару үшін сіз сатушыға 14 күн ішінде жүгінуіңіз қажет. Егер сіз сәйкессіздікті 15 күнде анықтаған болсаңыз, сізге оны ауыстыру мүмкін болмайтындығымен келісуге тура келеді. Сатушы сізді кері қайтарады және ол дұрыс жасайды. Ал егер де сатушы 14 күнге дейінгі мерзімде оны айырбастаудан бас тартатын болса, шындық сіздің жағыңызда болады. Айтпақшы, сатушы тарапынан мерзімдер бойынша сұрақтар туындайтын болса, сіз оған тиісті сападағы тауарларды қайтару мерзімдері «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» ҚР Заңының 14 бабымен реттелетіндігін хабарлай аласыз.
Өз құқықтарыңызды қорғап, сауатты тұтынушы болыңыз!
ҚР Сауда және интеграция министрлігінің Қызылорда облысы бойынша Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті, Қызылорда облысы, Қызылорда қ., И.Журба көшесі №12 ғимарат, 3-қабат, жедел желі телефоны: 8(7242)71-15-30, 71- 15-69. Инстаграмм: dzppkyzylorda Фейсбук: ДзппКызылорда
Алкоголизм – адамның денсаулығына, психологиялық жағдайына және қоғамдағы өміріне зиян келтіретін қауіпті тәуелділік. Оның алдын алу – әр адамның өзінен басталады. Алкогольден бас тарту арқылы:
— денсаулықты сақтауға,
— отбасындағы тыныштықты нығайтуға,
— дұрыс өмірлік мақсат қоюға болады.
Алдын алу жолдары: • салауатты өмір салтын ұстану; • спортпен шұғылдану; • зиянды әдеттерден аулақ болу; • жақындарыңмен көбірек уақыт өткізу; • қиындықты алкогольмен емес, шешіммен жеңу. Өмірің өз қолыңда. Дұрыс таңдау жаса!
Құрметті ұстаздар, оқушылар, ата-аналар!
Сіздерді жаңа оқу жылының басталуымен және Білім күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
Білім – ел болашағының берік негізі, ал ұстаз – сол білімнің шамын жағатын ұлы тұлға. Жаңа оқу жылы баршаңызға жаңа жетістіктер, биік белестер мен толағай табыстар әкелсін!
Ұстаздарға – шығармашылық шабыт пен еңбектеріңізге жеміс, оқушыларға – білімге деген құштарлық пен үздік нәтижелер, ата-аналарға – балаларының қуанышын көруді тілейміз.
Жаңа оқу жылы құтты болсын!
Білім жолындағы әр қадамдарыңыз сәттілікке бастасын!
Қауіпсіз қоғам – барша адамның арманы. Қауіпсіз қоғамда өскен ұрпақ та алаңсыз тірлік кешеді. Оқиды, көңілдеріне бәрін тоқиды. Қауіпсіз қоғам дамудың ақ бастауы іспеттес. Әділдік пен парасат құстың қос қанатындай қатар қанат қағады. Қоғамда мейірімділік пен қайырымдылық еңсесін көтереді. Адамдар бір-біріне жәрдемдесіп, керек жерінде көмек қолын созып, қоғамның ажарын кіргізеді. Қауіпсіз қоғам елдің дамуына негіз болмақ. «Қауіпсіз қоғам» жобасы – азаматтық қоғамның, саяси құрылымдардың және құқық қорғау органдарының «Әділетті Қазақстан» тұжырымдамасына сәйкес жаңа құқықтық мәдениетті қалыптастыру мақсатындағы әріптестік қарекеті. Біз үшін «Қауіпсіз қоғам» қағаздағы міндеттердің тізімі ғана емес, бұл – ең алдымен болашаққа қамқорлық. Біздің әрекетіміз қазақстандықтардың өмірін жақсы жаққа өзгерте алады.
Құрметті аудан тұрғындары мен қонақтары!
2026 жылдың 23 тамыз күні сағат 9:00-12:00 аралығында аудан тұрғындары мен қонақтарына азық-түлік тауарларын қолжетімді бағада ұсыну мақсатында ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өткізіледі.
Өткізілетін орны: Әйтеке би кенті, Теміржол вокзалының жанында, «Жалаңтөс» саябағының алдында.
🔹 Есірткі – адам өмірі мен денсаулығына зор қауіп төндіреді;
🔹 Есірткіні сақтау, тасымалдау және тарату заңмен қатаң жазаланады;
🔹 Жеңіл табысқа қызығып, заңсыз әрекеттерге бармаңыз;
🔹 Күмәнді ұсыныстар мен интернеттегі заңсыз жарнамаларға сенбеңіз;
🔹 Есірткіге қатысты құқық бұзушылықтар туралы ақпарат болса, құқық қорғау органдарына хабарлаңыз.
⚠️ Есірткі – болашақты жоятын қауіп!
Құрметті жастар! Ардақты жас буын!
Сіздерді Халықаралық жастар күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
Жастар – елдің ертеңі, қоғамның қозғаушы күші, жаңашылдық пен жарқын бастамалардың бастауы. Бүгінгі таңда білімге ұмтылған, еңбекке талпынған, ел дамуына үлес қосып жүрген жастарымыздың алар асуы биік.
Жастық шақ – арманға қанат бітіріп, мақсатқа нық қадам басатын ерекше кезең. Әрбір армандарыңыз орындалып, бастамаларыңыз берекелі болсын!
✨ Жастық жалындарыңыз ешқашан сөнбесін!
✨ Білімдеріңіз артып, мүмкіндіктеріңіз молайсын!
✨ Еңбектеріңіз жемісті, болашақтарыңыз жарқын болсын!
Еліміздің өркендеуі жолында белсенділік танытып, туған жердің дамуына өз үлестеріңізді қоса беріңіздер!
Жастар күні құтты болсын!
Жарқын болашақ – білімді де белсенді жастардың қолында!