Қызылорда облысы Қазалы аудандық мәслихатының 2024 жылғы 27 желтоқсандағы №357 «2025-2027 жылдарға арналған Алға ауылдық округінің бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Қызылорда облысы Қазалы аудандық мәслихатының 2024 жылғы

27 желтоқсандағы №357 «2025-2027 жылдарға арналған Алға ауылдық округінің бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 109-1-бабына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 6-бабының 2-7-тармағына сәйкес Қазалы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Қызылорда облысы Қазалы аудандық мәслихатының «2025-2027 жылдарға арналған Алға ауылдық округінің бюджеті туралы» 2024 жылғы 27 желтоқсандағы №357 шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:

1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

"1. 2025-2027 жылдарға арналған Алға ауылдық округінің бюджеті 1-қосымшаға сәйкес, оның ішінде 2025 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер – 101738 мың теңге, оның ішінде:

салықтық түсімдер – 6274 мың теңге;

салықтық емес түсімдер – 15 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 570 мың теңге;

трансферттер түсімі – 94879 мың теңге;

2) шығындар – 102478 мың теңге, оның ішінде;

3) таза бюджеттік кредиттеу – 0;

бюджеттік кредиттер – 0;

бюджеттік кредиттерді өтеу – 0;

4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0;

қаржы активтерін сатып алу – 0;

мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0;

5) бюджет тапшылығы (профициті) – 0;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитті пайдалану) – 0;

қарыздар түсімі – 0;

қарыздарды өтеу – 0;

бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 740,0.».

  1. Көрсетілген шешімнің 1-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
  2. Осы шешім 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазалы аудандық

мәслихатының төрағасы                                   Ғ. Әліш

Шешім жобасы
Дата публикации
03 марта 2025