Қызылорда облысында кәсіпкерліктің даму барысы туралы
АНЫҚТАМА
(қаңтар-тамыз 2026ж)
Тіркелген шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері (01.09.2026ж.) – 61 037 (белсенді жұмыс жасап тұрғаны – 59 195 немесе 97%);
2026 жылдың 1 сәуір жағдайына шағын және орта кәсіпкерлікте 102 460 адам жұмыспен қамтылды.
2026 жылдың қаңтар-наурыз айларында шағын және орта кәсіпкерлікпен
269,8 млрд теңгеге өнім өндірілді.
Шағын және орта кәсіпкерліктің жалпы өңірлік өнімдегі үлесі 25,8% (ЖҚҚ – 163,2 млрд тг), орта кәсіпкерліктің үлесі 3,0%-ға жетті (ЖҚҚ – 19,1 млрд тг).
2026 жылы кәсіпкерлікті қаржылай қолдауға әртүрлі көздерден 25,3 млрд теңге қаржы бағытталды.
Атап айтқанда:
Шағын және орта кәсіпкерліктің несиелер бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау және кепілдендіруге бюджеттен 10,1 млрд теңге қарастырылды.
Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілері мен «бір ауыл және бір өнім» жобасының жеңімпаздарына қайтарымсыз гранттар беруге 73,8 млн теңге бөлінді.
«Қызылорда» өңірлік инвестиция орталығымен шағын және орта бизнесті шағын несиелендіруге 1,5 млрд теңге бағытталды.
Өзге де мемлекеттік бағдарламалар аясында («Ауыл аманаты», СҚО тәжірибесі) жеке кәсіпкерлікті несиелендіруге 13,6 млрд теңге бағытталуда.
2026 жылдың 8 айында жеке кәсіпкерліктің 1 006 жобасы 33,9 млрд теңгеге қаржыландырылды.
Қызылорда облысында кәсіпкерліктің даму барысы туралы
АНЫҚТАМА
(қаңтар-маусым 2026ж)
Қызылорда облысы бойынша тіркелген шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны (01.06.2026ж.) 61 877 бірлікті құрайды (белсенді жұмыс жасап тұрғаны – 59 629 бірлік немесе 96,4%).
2026 жылдың 1 қаңтар жағдайына шағын және орта кәсіпкерлікте 113,1 мың адам жұмыспен қамтылды.
2025 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында шағын және орта кәсіпкерліктің өнім шығару көлемі 1 576,0 млрд теңгені, нақты көлем индексі 123,8%-ды құрады.
Шағын және орта кәсіпкерліктің жалпы өңірлік өнімдегі үлесі 24,7% (ЖҚҚ –759,7 млрд тг), орта кәсіпкерліктің үлесі 3,7%-ға жетті (ЖҚҚ – 114,5 млрд тг).
2026 жылы кәсіпкерлікті қаржылай қолдауға әртүрлі көздерден 25,4 млрд теңге қаржы бағытталды.
Атап айтқанда:
Шағын және орта кәсіпкерліктің несиелері бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау және кепілдендіруге бюджеттен 10,4 млрд теңге қарастырылды.
Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілері мен «бір ауыл және бір өнім» жобасының жеңімпаздарына қайтарымсыз гранттар беруге 73,8 млн теңге бөлінді.
«Қызылорда» өңірлік инвестиция орталығымен шағын және орта бизнесті шағын несиелендіруге 1,3 млрд теңге бағытталды.
Өзге де мемлекеттік бағдарламалар аясында («Ауыл аманаты», СҚО тәжірибесі) жеке кәсіпкерлікті несиелендіруге 13,6 млрд теңге бағытталуда.
2026 жылдың 6 айында 553 жобасы 12 млрд теңгеге қаржыландырылды. Оның ішінде: «Іскер аймақ» бағдарламасы – 2 жоба 85,0 млн теңге, «Өрлеу» бағдарламасы –
14 жоба 1 777,0 млн теңге, «Қызылорда» ӨИО шағын несиелері – 13 жоба 258,6 млн теңге, АКК несиелері – 114 жоба 6 526,7 млн теңге, «Байқоңыр» ӘКК несиелері 2025 жылғы қаражаты (2026 жылы игерілген) «Ауыл аманаты» - 410 жоба 3 378,9 млн теңге.
Қызылорда облысында кәсіпкерліктің даму барысы туралы
АНЫҚТАМА
(қаңтар-наурыз 2026ж)
Тіркелген шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері (01.04.2026ж.) – 63 770 (белсенді жұмыс жасап тұрғаны – 61 493 немесе 96,4%);
2025 жылдың 1 қазан жағдайына шағын және орта кәсіпкерлікте
116 мың адам жұмыспен қамтылды.
2025 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында шағын және орта кәсіпкерлікпен 1 трлн 86 млрд теңгеге өнім өндіріліп, нақты көлем индексі 130%-ды құрады.
Шағын және орта кәсіпкерліктің жалпы өңірлік өнімдегі үлесі 20,5% (ЖҚҚ – 458,5 млрд тг), орта кәсіпкерліктің үлесі 3,5%-ға жетті (ЖҚҚ – 78,2 млрд тг).
2026 жылы кәсіпкерлікті қаржылай қолдауға әртүрлі көздерден
22 млрд теңге қаржы бағытталды.
Атап айтқанда:
Шағын және орта кәсіпкерліктің несиелер бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау және кепілдендіруге бюджеттен 7,1 млрд теңге қарастырылды.
Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілері мен «бір ауыл және бір өнім» жобасының жеңімпаздарына қайтарымсыз гранттар беруге 73,8 млн теңге бөлінді.
«Қызылорда» өңірлік инвестиция орталығымен шағын және орта бизнесті шағын несиелендіруге 1,3 млрд теңге бағытталды.
Өзге де мемлекеттік бағдарламалар аясында («Ауыл аманаты», СҚО тәжірибесі) жеке кәсіпкерлікті несиелендіруге 13,5 млрд теңге бағытталуда.
Қызылорда облысында кәсіпкерліктің даму барысы туралы
АНЫҚТАМА
(қаңтар-желтоқсан 2025 ж)
Статистикалық көрсеткіштері
2026 жылдың 1 қаңтарындағы жағдайы бойынша, облыста шағын және орта кәсіпкерлікте (ШОК) 68 152 субъекті тіркелген болса, оның 65 698 субъектісі жұмыс жасайды.Экономикалық белсенді халықтың үштен бірі (113 095 адам) кәсіпкерлікте жұмыспен қамтылған.
2025 жылдың қаңтар-маусым айларында ШОК-пен 608,5 млрд теңгеге өнім өндіріліп, нақты көлем индексі 128,2%-ды құрады.
ШОК-тің жалпы өңірлік өнімдегі үлесі 20,1% (ЖҚҚ – 279,9 млрд тг), орта кәсіпкерліктің үлесі 3,5%-ға жетті (ЖҚҚ – 49,1 млрд тг).
Мемлекеттік қолдау
2025 жылы жеке кәсіпкерліктің 2912 жобасы барлық қаржы көздерінен 58,3 млрд теңгеге қаржыландырылды.
Оның ішінде, ШОК несие портфелі 7,6 млрд теңгені құрайтын 145 жобаның сыйақы мөлшерлемесі субсидияланып, несие портфелі 1,6 млрд теңгені құрайтын 32 жоба кепілдендірілді.
Ішкі сауда субъектілеріне жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау шаралары аясында несие портфелі 8,4 млрд теңгені құрайтын 65 жоба субсидияланып, несие портфелі 1,3 млрд теңгені құрайтын 26 жоба кепілдендірілді.
«1-ші кепілдік беру қоры» аясында несие портфелі 8,4 млрд теңгені құрайтын 87 жобаға қолдау көрсетілді.
«Өрлеу» бағдарламасы аясында 32 жоба 7,4 млрд теңгеге қаржыландырылған (2025 жылдың 11 айы).
«Қызылорда» өңірлік инвестициялық орталығы арқылы 86 жоба 1,4 млрд теңгеге, Аграрлық несие корпорациясы арқылы 479 жоба 16,6 млрд теңгеге, «Ауыл аманаты» жобасы аясында «Байқоңыр» ӘКК арқылы
388 жоба 2,8 млрд теңгеге несиелендірілді.
Мемлекеттік гранттар (5 млн теңгеге дейін, 400 АЕК) 1570 жобаға 2,4 млрд теңге сомасында табысталды.
Кәсіпкерлік нысандардың аумағына дейін инженерлік-инфрақұрылым желілері 2 жобаға 249,2 млн теңге сомасында жеткізілді («Қызылорда Нан» ЖШС жобасына 70 млн теңгеге, «Техоснастка Ремсервис» ЖШС жобасына 179,2 млн теңгеге).
ҚР Ұлттық экономика министрілігінің 05.01.2026 жылғы № 2 бұйрығына сәйкес бүгінгі күні облыста 78 әлеуметтік кәсіпкер тіркелген. Бұл кәсіпкерлер мемлекет тарапынан қаржылық, инфрақұрылымдық және консультациялық қолдау алу мүмкіндігіне ие.
Бұдан өзге, «Бизнеске арналған үкімет» платформасы арқылы «бір терезе» қағидатымен облыс кәсіпкерлеріне жер, сәулет-қала құрылысы, техникалық шарттар құжаттарын рәсімдеу, мемлекеттік бағдарламалар аясында кеңес беру және сүйемелдеу мәселелері бойынша 23,1 мың қызмет көрсетілді.
Қызылорда облысында шағын және орта кәсіпкерліктің даму барысы туралы 2025 жылдың 9 айындағы ЕСЕБІ
(қаңтар-қыркүйек 2025ж)
2025 жылдың 9 айында облыста тіркелген шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 69 049 бірлікті, жұмыс жасап тұрған субъектілердің саны
66 429 бірлікті құрады.
2025 жылдың 1 сәуір жағдайына шағын және орта кәсіпкерлікте
113 450 адам жұмыспен қамтылды.
2025 жылдың қаңтар-қазанында шағын және орта кәсіпкерлікпен
265,7 млрд теңгеге өнім өндіріліп, нақты көлем индексі 119,5%-ды құрады.
Шағын және орта кәсіпкерліктің жалпы өңірлік өнімдегі үлесі
19% (ЖҚҚ – 121,9 млрд. тг), орта кәсіпкерліктің үлесі 3,2%-ға жетті
(ЖҚҚ – 20,3 млрд тг).
Облыста шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту және қолдау мақсатында жан-жақты қолдау шаралары жүзеге асырылуда.
Жыл басынан бері бизнестің 2086 жобасы әртүрлі көздерден
24,9 млрд теңгеге қаржыландырылды. Атап айтқанда:
Шағын және орта бизнестің несие портфелі 6,1 млрд теңгені құрайтын 105 жобаның сыйақы мөлшерлемесі субсидияланып, несие портфелі
1,6 млрд теңгені құрайтын 32 жоба кепілдендірілді.
«Қызылорда» Өңірлік инвестиция орталығы арқылы 61 жоба
922,8 млн теңгеге қаржыландырылды. Оның ішінде, шағын өнеркәсіптік паркке орналастыру үшін 5 жоба 121 млн теңгеге несиелендірілді.
Аграрлық несие корпорациясымен 354 жоба 12,6 млрд теңгеге қаржыландырылды.
«Ауыл аманаты» жобасы аясында «Байқоңыр» ӘКК арқылы 32 кәсіпкерлік бастамасы 1,1 млрд теңгеге қаржыландырылды.
Бұдан өзге, «Бизнеске арналған үкімет» платформасы арқылы «бір терезе» қағидатымен облыс кәсіпкерлеріне жер, сәулет-қала құрылысы, техникалық шарттар құжаттарын рәсімдеу, мемлекеттік бағдарламалар аясында кеңес беру және сүйемелдеу мәселелері бойынша 18 мың қызмет көрсетілді.
Облыста кәсіпкерлікті дамыту бойынша анықтама
(қаңтар-шілде 2025 ж)
2025 жылдың 1 шілдесінде облыста тіркелген шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 67 552 бірлікті, жұмыс жасап тұрған субъектілердің саны 64 926 бірлікті құрады.
2025 жылдың 1 сәуір жағдайына шағын және орта кәсіпкерлікте 113 450 адам жұмыспен қамтылды.
2025 жылдың қаңтар-наурызда шағын және орта кәсіпкерлікпен 265,7 млн теңгеге өнім өндіріліп, нақты көлем индексі 119,5%-ды құрады.
Шағын және орта кәсіпкерліктің жалпы өңірлік өнімдегі үлесі 19% (ЖҚҚ – 121,9 млрд тг), орта кәсіпкерліктің үлесі 3,2%-ға жетті (ЖҚҚ – 20,3 млрд тг).
Облыста шағын және орта кәсіпкерлік саласын дамыту және қолдау мақсатында жан-жақты қолдау шаралары қалыптасты.
Жыл басынан бері бизнестің 649 жобасы әртүрлі көздерден 20,4 млрд. теңгеге қаржыландырылды.
Оның ішінде, шағын және орта бизнестің несие портфелі 6,1 млрд теңгені құрайтын 105 жобаның сыйақы мөлшерлемесі субсидияланып, несие портфелі 1,6 млрд теңгені құрайтын 32 жоба кепілдендірілді.
«Қызылорда» Өңірлік инвестиция орталығы арқылы 27 жоба 597,9 млн теңгеге қаржыландырылды. Оның ішінде, шағын өнеркәсіптік паркке орналастрыру үшін 5 жоба 121 млн теңгеге несиелендірілді.
Аграрлық несие корпорациясымен 257 жоба 10,3 млрд теңгеге қаржыландырылды.
«Ауыл аманаты» жобасы аясында «Байқоңыр» ӘКК арқылы 226 кәсіпкерлік бастамасы 1,5 млрд теңгеге қаржыландырылды.
Бұдан өзге, «Бизнеске арналған үкімет» платформасы арқылы «бір терезе» қағидатымен облыс кәсіпкерлеріне жер, сәулет-қала құрылысы, техникалық шарттар құжаттарын рәсімдеу, мемлекеттік бағдарламалар аясында кеңес беру және сүйемелдеу мәселелері бойынша 12,2 мың қызмет көрсетілді.
Облыста кәсіпкерлікті дамыту бойынша анықтама
( қаңтар- маусым 2025 ж )
2025 жылдың 1 маусымда облыста тіркелген шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 67 304 бірлікті, жұмыс жасап тұрған субъектілердің саны 64 618 бірлікті құрады.
2025 жылдың 1 қаңтар жағдайына ШОК-те 121 264 адам жұмыспен қамтылды.
2024 жылдың қаңтар-маусым айларында ШОК-пен 1 058,8 млрд теңгеге өнім өндіріліп, нақты көлем индексі 119,2%-ды құрады.
Шағын және орта кәсіпкерліктің жалпы өңірлік өнімдегі үлесі 21,2% (ЖҚҚ – 632,3 млрд тг), орта кәсіпкерліктің үлесі 3,8%-ға жетті (ЖҚҚ – 113,5 млрд тг).
Облыста шағын және орта кәсіпкерлік саласын дамыту және қолдау мақсатында жан-жақты қолдау шаралары қалыптасты. 2025 жылдың маусымында бизнестің 582 жобасы әртүрлі көздерден 18,1 млрд. теңгеге қаржыландырылды.
Оның ішінде, шағын және орта бизнестің несие портфелі 6,1 млрд. теңгені құрайтын 105 жобаның сыйақы мөлшерлемесі субсидияланып, несие портфелі 1,6 млрд. теңгені құрайтын 32 жоба кепілдендірілді.
Аграрлық несие корпорациясымен 197 жоба 8,2 млрд. теңгеге қаржыландырылды.
«Ауыл аманаты» жобасы аясында «Байқоңыр» ӘКК арқылы 226 кәсіпкерлік бастамасы 1,5 млрд.теңгеге қаржыландырылды.
Бұдан өзге, «Бизнеске арналған үкімет» платформасы арқылы «бір терезе» қағидатымен облыс кәсіпкерлеріне жер, сәулет-қала құрылысы, техникалық шарттар құжаттарын рәсімдеу, мемлекеттік бағдарламалар аясында кеңес беру және сүйемелдеу мәселелері бойынша 12,2 мың қызмет көрсетілді.
Облыста кәсіпкерлікті дамыту бойынша анықтама
( қаңтар- наурыз 2025 ж )
2025 жылдың 1 наурызында облыста тіркелген шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 67 524 бірлікті, жұмыс жасап тұрған субъектілердің саны 64 854 бірлікті құрады.
2024 жылдың 1 қазан жағдайына ШОК-те 122 452 адам жұмыспен қамтылды.
2024 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында ШОК-пен 756,5 млрд. теңгеге өнім өндіріліп, нақты көлем индексі 129,9%-ды құрады.
Шағын және орта кәсіпкерліктің жалпы өңірлік өнімдегі үлесі 20,5% (ЖҚҚ – 431,2 млрд тг), орта кәсіпкерліктің үлесі 3,8%-ға жетті (ЖҚҚ – 79,3 млрд тг).
Облыста шағын және орта кәсіпкерлік саласын дамыту және қолдау мақсатында жан-жақты қолдау шаралары қалыптасты. 2025 жылдың ақпанында бизнестің 413 жобасы әртүрлі көздерден 17,3 млрд. теңгеге қаржыландырылды.
Оның ішінде, шағын және орта бизнестің несие портфелі 8 млрд. теңгені құрайтын 116 жобаның сыйақы мөлшерлемесі субсидияланып, несие портфелі 4,6 млрд. теңгені құрайтын 35 жоба кепілдендірілді.
Аграрлық несие корпорациясымен 68 жоба 3,4 млрд. теңгеге қаржыландырылды.
«Ауыл аманаты» жобасы аясында «Байқоңыр» ӘКК арқылы 194 кәсіпкерлік бастамасы 1,3 млрд.теңгеге қаржыландырылды.
Бұдан өзге, «Бизнеске арналған үкімет» платформасы арқылы «бір терезе» қағидатымен облыс кәсіпкерлеріне жер, сәулет-қала құрылысы, техникалық шарттар құжаттарын рәсімдеу, мемлекеттік бағдарламалар аясында кеңес беру және сүйемелдеу мәселелері бойынша 5,2 мың қызмет көрсетілді.
Облыста кәсіпкерлікті дамыту бойынша анықтама
( қаңтар- желтоқсан 2024 ж )
2024 жылдың 1 желтоқсандағы жағдайында, тіркелген шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 68 848 бірлікті, ал жұмыс істеп тұрған субъектілер саны 65 711 бірлікті құрады.
2024 жылдың 1 шілде жағдайында шағын және орта кәсіпкерлікте 116 832 адам жұмыспен қамтылды.
2024 жылдың қаңтар-маусымында ШОК өндірілген өнім көлемі 432,9 млрд. теңгені немесе нақты көлем индексі 133,6%-ды құрады. Бұл ретте, ШОК жалпы өңірлік өнімдегі үлесі 20,4%, орта кәсіпкерліктің үлесі 3,9%-ға жетті.
Облыста шағын және орта кәсіпкерлік саласын дамыту және қолдау мақсатында жан-жақты қолдау шаралары қалыптасқан.
2024 жылдың қорытындысымен жеке кәсіпкерліктің 4,2 мыңнан аса жобасы 74,7 млрд теңгеге қаржыландырылды.
Оның ішінде, шағын және орта бизнестің несие портфелі 38,3 млрд теңгені құрайтын 1222 жобасы субсидияланып, 621 жобаға кепілдік берілді. Мемлекеттің субсидиясы мен кепілдігін беру үшін бюджеттен 9 млрд теңге қарастырылды.
2024 жылы өңірде ауыл тұрғындарының табысын арттыруға бағытталған «Ауыл аманаты» бағдарламасын және агроөнеркәсіп кешеніндегі ірі инвестициялық жобаларды жеңілдікпен несиелендіруді жүзеге асыру жалғасын табуда. Бүгінгі күні «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында «Байқоңыр» ӘКК 150 жоба 1 млрд теңгеге қаржыландырылды.
«Қызылорда» өңірлік инвестициялық орталығының несие ресурстары 128 жобаға 1,4 млрд теңге сомасында берілді.
Бұдан өзге, «Бизнеске арналған үкімет» арқылы жер, сәулет-қала құрылысы, техникалық шарттар құжаттарын рәсімдеу, мемлекеттік бағдарламалар аясында кеңес беру және сүйемелдеу бағыттарында облыс кәсіпкерлеріне «бір терезе» қағидатымен 21,3 мың қызмет көрсетілді.
Облыста кәсіпкерлікті дамыту бойынша анықтама
(қаңтар-қазан 2024 ж)
2024 жылдың 1 қазаны жағдайында, тіркелген шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 69 198 бірлікті, ал жұмыс істеп тұрған субъектілер саны 65 603 бірлікті құрады.
2024 жылдың 1 шілде жағдайында шағын және орта кәсіпкерлікте 116 832 адам жұмыспен қамтылды.
2024 жылдың қаңтар-маусымында ШОК өндірілген өнім көлемі 432,9 млрд. теңгені немесе нақты көлем индексі 133,6%-ды құрады. Бұл ретте, ШОК жалпы өңірлік өнімдегі үлесі 20,4%, орта кәсіпкерліктің үлесі 3,9%-ға жетті.
Облыста шағын және орта кәсіпкерлік саласын дамыту және қолдау мақсатында жан-жақты қолдау шаралары қалыптасқан.
2024 жылдың 9 айында жеке кәсіпкерліктің 3 мыңға жуық жобасы 42,5 млрд теңгеге қаржыландырылды.
Оның ішінде, шағын және орта бизнестің несие портфелі 25,3 млрд теңгені құрайтын 766 жобасы субсидияланып, 534 жобаға кепілдік берілді. Мемлекеттің субсидиясы мен кепілдігін беру үшін бюджеттен 9,5 млрд теңге қарастырылды.
Биыл өңірде ауыл тұрғындарының табысын арттыруға бағытталған «Ауыл аманаты» бағдарламасын және агроөнеркәсіп кешеніндегі ірі инвестициялық жобаларды жеңілдікпен несиелендіруді жүзеге асыру жалғасын табуда. Ол үшін 9,6 млрд теңге бөлінуде. Бүгінгі күні «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында «Байқоңыр» ӘКК 61 жоба 434,6 млн теңгеге қаржыландырылды.
Өңірде ауыл шаруашылық өнімдерін өңдеу саласын дамытуға баса назар аударып, «Қызылорда» өңірлік инвестициялық орталығының несие ресурстарын жаңа өндірістерді ашуға бағыттадық. Ол үшін 1,5 млрд теңге қарастырып, бүгінгі күні облыс аумағында 53 жаңа өндіріске қолдау көрсетілді.
Бұдан өзге, «Бизнеске арналған үкімет» арқылы жер, сәулет-қала құрылысы, техникалық шарттар құжаттарын рәсімдеу, мемлекеттік бағдарламалар аясында кеңес беру және сүйемелдеу бағыттарында облыс кәсіпкерлеріне «бір терезе» қағидатымен 16,6 мың қызмет көрсетілді.
Облыста кәсіпкерлікті дамыту бойынша анықтама
(қаңтар-наурыз 2024 ж)
Мемлекеттік қолдау шараларының нәтижесінде, 2024 жылдың 1 наурызында тіркелген ШОК субъектілерінің саны 68 192 бірлікті, жұмыс жасап тұрған субъектілердің саны 64 654 бірлікті құрады.
2023 жылдың 1 қазан жағдайында ШОК-те жұмыспен қамтылған адамдар саны 107,6%-ға артып, 125 073 адамға жетті.
2023 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында ШОК-пен 540,4 млрд. теңгеге өнім өндіріліп, нақты көлем индексі 108,4%-ды құрады.
2023 жылы кәсіпкерлікті қаржылай қолдауға әртүрлі көздерден
31 млрд. теңге қаралды (2020 ж – 10 млрд. теңге, 2021 ж – 12 млрд теңге, 2022 ж – 20 млрд. теңге, 2023 ж – 68 млрд. теңге).
Атап айтқанда, " Мемлекеттік қолдауға жататын жеке кәсіпкерлік субъектілері қызметін жүзеге асыратын экономика салаларын мемлекеттік қаржылық қолдау" мемлекеттік бағдарламасы аясында жыл басынан бері жалпы несие портфелі 6,4 млрд. теңгені құрайтын
126 жоба субсидияланды және несие портфелі 1,1 млрд. теңгені құрайтын 26 жоба кепілдендірілді.
Өңірдегі ауыл кәсіпкерлеріне кредит беруді жүзеге асыратын "Қызылорда" Өңірлік инвестициялық орталығымен 319,2 млн. теңге сомасына 64 жоба қаржыландырылды.
Бұдан өзге, Аграрлық несие корпорациясы арқылы кредиттер
104 жобаға 3,1 млрд. теңге шамасында қаржы берілді.
Кәсіпкерлікті қолдау нәтижесінде 2025 жылға қарай жалпы өңірлік өнімдегі шағын және орта бизнестің үлесін 21,5% - ға дейін арттыруды жоспарлануда.
Облыста кәсіпкерлікті дамыту бойынша АНЫҚТАМА
(қаңтар-желтоқсан )
Мемлекеттік қолдау шараларының нәтижесінде, 2023 жылдың
1 желтоқсан тіркелген ШОК субъектілерінің саны 104,1%-ға ұлғайып,
73 975 бірлікті, жұмыс жасап тұрған субъектілердің саны 105,4%-ға ұлғайып, 69 636 бірлікті құрады.
2023 жылдың 1 шілде жағдайында ШОК-те жұмыспен қамтылған адамдар саны 15,8%-ға артып, 124 376 адамға жетті.
2023 жылдың қаңтар-шілде айларында ШОК-пен 300,5 млрд. теңгеге өнім өндіріліп, нақты көлем индексі 109,8%-ды құрады.
2023 жылы кәсіпкерлікті қаржылай қолдауға әртүрлі көздерден
24 млрд. теңге қаралды (2020 ж – 10 млрд. теңге, 2021 ж – 12 млрд теңге, 2022 ж – 20 млрд. теңге).
Атап айтқанда, "Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба" шеңберінде жыл басынан бері жалпы несие портфелі 31,0 млрд. теңгені құрайтын 837 жоба субсидияланды және несие портфелі 16,6 млрд. теңгені құрайтын 603 жоба кепілдендірілді.
Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде мемлекеттік гранттар беруге (5 млн.теңге, 400 МРП) 2,2 млрд. теңге сомасына 1547 жоба қаржыландырылды.
Өңірдегі ауыл кәсіпкерлеріне кредит беруді жүзеге асыратын "Қызылорда" Өңірлік инвестициялық орталығымен 3,0 млрд. теңге сомасына 372 жоба қаржыландырылды.
Бұдан өзге, Аграрлық несие корпорациясы арқылы кредиттер 459 жобаға 10,2 млрд. теңге шамасында қаржы берілді.
Сонымен қатар, биылғы жылдан бастап Аграрлық несие корпорациясы арқылы жастар кәсіпкерлігі мен ауыл тұрғындарына жылдық 2,5 пайызбен 492 жоба 2,3 млрд. теңгемен қаржыландырылды.
Облыс бойынша «Ауыл-Аманаты» бағдарламасы аясында ауыл тұрғындарының табысын арттыру мақсатында жеңілдетілген тәртіппен жылдық 2,5%-бен шағын несиелер беруді жүзеге асыратын «Байқоңыр» Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» Акционерлік қоғамымен
3,0 млрд. теңге сомасына 406 жоба қаржыландырылды.
Кәсіпкерлікті қолдау нәтижесінде 2025 жылға қарай жалпы өңірлік өнімдегі шағын және орта бизнестің үлесін 25% - ға дейін арттыруды жоспарлануда.
Облыста кәсіпкерлікті дамыту бойынша анықтама (1 cәуір 2023 ж)
Мемлекеттік қолдау шараларының нәтижесінде, 2023 жылдың 1 сәуіріне тіркелген ШОК субъектілерінің саны 134,0%-ға ұлғайып, 76 137 бірлікті, жұмыс жасап тұрған субъектілердің саны 140,5%-ға ұлғайып, 72 131 бірлікті құрады.
2023 жылдың есебі бойынша ШОК-те 121,7 мың адам жұмыспен қамтылып, 645,1 млрд. теңгенің өнімі өндірілді. ШОК жалпы өңірлік өнімдегі үлесі 22,6%-ға, орта кәсіпкерліктің экономикадағы үлесі 6,3%-ға жетті.
2023 жылы кәсіпкерлікті қаржылай қолдауға әртүрлі көздерден
22 млрд. теңге қаралды (2020 ж – 10 млрд. теңге, 2021 ж – 12 млрд теңге, 2022 ж – 20 млрд. теңге).
Атап айтқанда, "Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба" шеңберінде жыл басынан бері жалпы несие портфелі 8,6 млрд. теңгені құрайтын 168 жоба субсидияланды және несие портфелі 3,8 млрд. теңгені құрайтын 109 жоба кепілдендірілді.
Өңірдегі ауыл кәсіпкерлеріне кредит беруді жүзеге асыратын "Қызылорда" Өңірлік инвестициялық орталығымен 1,7 млрд. теңге сомасына 273 жоба қаржыландырылды.
Жалпы, 2015 жылдан бастап бұл Орталықпен микро және шағын бизнестің 2531 жобасы 12,3 млрд. теңге шамасында жылдық 2%, 6% несиелендіріліп, 2,7 мыңға жуық жұмыс орындары құрылды. Кредиттердің қайтарымдылығы - 96,5%.
Бұдан өзге, Аграрлық несие корпорациясы арқылы кредиттер 282 жобаға 4,6 млрд. теңге шамасында қаржы берілді.
Кәсіпкерлікті қолдау нәтижесінде 2025 жылға қарай жалпы өңірлік өнімдегі шағын және орта бизнестің үлесін 25% - ға дейін арттыруды жоспарлануда.
Кәсіпкерлік
(қаңтар-желтоқсан)
Шағын және орта кәсіпкерлік (ШОК) 2023 жылғы 1 қаңтарындағы жағдай бойынша тіркелген ШОК субъектілерінің саны 126,1%-ға артып, 71 823 бірлікті құрады.
Жұмыс істеп тұрған ШОК субъектілерінің саны 131,5%-ға артып, 67 145 бірлікті құрады.
2022 жылғы 1 қазан жағдай бойынша ШОК жұмыспен қамтылғандар саны 11,5%-ға артып, 116 287 адамға жетті.
2022 жылғы қаңтар-қыркүйекте ШОК 429 млрд. теңгеге өнім өндіріліп, нақты көлем индексі 120,9%-ды құрады.
2022 жылғы қаңтар-қыркүйекте ШОБ жалпы өңірлік өнімдегі үлесі республикада – 36%(23,6 трлн.тг), облыста – 16,9%(279,5 млрд.тг) құрады (облыста 2020 ж. – 17,6%, 2021 ж. – 18,3%).
2022 жылғы қаңтар-қыркүйекте экономикадағы орта кәсіпкерліктің үлесі республикада – 6,3%(4,1 трлн.тг), облыста – 2,4%(39,4 млрд.тг) құрады (облыста 2020 ж. – 4,6%, 2021 ж. – 3,8%).
2022 жылғы қаңтар-қыркүйекте жалпы өңірлік өнім республикада – 65.5 трлн. теңге, ал облыста– 1.7 трлн. теңгені құрады.
Қаржылық қолдау шаралары
2022 жылы кәсіпкерлікті қаржылай қолдауға әртүрлі көздерден 20 млрд. теңге қаралды (2020 ж – 10 млрд. теңге, 2021 ж – 12 млрд теңге).
Атап айтқанда, "Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба" шеңберінде 9,5 млрд. теңге бөлінді, 3443 жобаға мемлекеттік гранттар беріліп, бүгінгі таңда несие портфелі 26,9 млрд. теңгені құрайтын 1615 жоба субсидияланды.
Өңірдегі ауыл кәсіпкерлеріне кредит беруді жүзеге асыратын "Қызылорда" Өңірлік инвестициялық орталығына 2,9 млрд. теңге бөлініп, нәтижесінде 1,1 млрд. теңге сомасына 176 жоба қаржыландырылды.
Бұдан өзге, Аграрлық несие корпорациясы арқылы 10,1 млрд. теңгеге 645 жоба қаржыландырылды.
Кәсіпкерлікті қолдау нәтижесінде 2025 жылға қарай жалпы өңірлік өнімдегі шағын және орта бизнестің үлесін 25% - ға дейін арттыруды жоспарлануда.
Шағын және орта бизнес саласы
(қаңтар-қыркүйек)
Билығы жылы кәсіпкерлікті қаржылай қолдауға әртүрлі көздерден 21 млрд. теңге қаржы қаралып, жыл басынан бері 2232 жобаға қаржылай қолдау көрсетілді.
Оның ішінде, "Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба" шеңберінде 5,2 млрд. теңге бөлініп, бүгінгі күні несие портфелі 13,9 млрд. теңгені құрайтын 623 жоба субсидияланды.
Өңірде ауыл кәсіпкерлерін несиелендіруді іске асыратын "Қызылорда" өңірлік инвестициялық орталығына 1,2 млрд. теңге қаржы бөлініп, нәтижесінде 138 жоба 894 млн. теңгеге қаржыландырылды.
Аграрлық несие корпорациясымен биылғы жылға 9 млрд. теңге шамасында қаржы қаралып, бүгінгі күні 8,1 млрд. теңгеге 472 жоба қаржыландырылды.
Бұдан өзге, мемлекеттік гранттар 855,9 млн. теңге шамасында 999 жобаға табысталды.
Мемлекеттік қолдау шараларының нәтижесінде, облыста тіркелген шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 19,2%-ға ұлғайып, 67785 бірлікті құрады. Ал жұмыс жасап тұрған субъектілердің саны 23,9%-ға ұлғайып, 62695 субъектіге жетті.
Жалпы, биылғы жылы шағын және орта бизнестің жалпы өңірлік өнімдегі үлесін 20%-ға жеткізу көзделуде.
Шағын және орта бизнес саласы
(қаңтар-маусым)
Билығы жылы кәсіпкерлікті қаржылай қолдауға әртүрлі көздерден
19,9 млрд. теңге қаржы қаралып, жыл басынан бері 373 жобаға қаржылай қолдау көрсетілді.
Оның ішінде, "Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба" шеңберінде 5,2 млрд. теңге бөлініп, бүгінгі күні несие портфелі 6,5 млрд. теңгені құрайтын 171 жоба субсидияланды.
Өңірде ауыл кәсіпкерлерін несиелендіруді іске асыратын "Қызылорда" өңірлік инвестициялық орталығына 1,2 млрд. теңге қаржы бөлініп, нәтижесінде 64 жоба 360,7 млн. теңгеге қаржыландырылды.
Бұдан өзге, Аграрлық несие корпорациясымен биылғы жылға 9 млрд. теңге шамасында қаржы қаралып, бүгінгі күні 4,5 млрд. теңгеге 138 жоба қаржыландырылды.
Мемлекеттік қолдау шараларының нәтижесінде, облыста тіркелген шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 5,3%-ға ұлғайып, 59 023 бірлікті құрады. Ал жұмыс жасап тұрған субъектілердің саны 7,9%-ға ұлғайып, 53 725 субъектіге жетті.
Жалпы, биылғы жылы шағын және орта бизнестің жалпы өңірлік өнімдегі үлесін 20%-ға жеткізу көзделуде.