Меню

Страницы

Статья

Өнеркәсіп

ӨНЕРКӘСІПТІ ДАМЫТУ ЖӘНЕ ҚОЛДАУ САЛАСЫНДА АТҚАРЫЛҒАН ЖҰМЫСТА
(қаңтар-тамыз 2026 ж)

2026 жылғы қаңтар-тамыз айларында өнеркәсіп өндірісінің көлемі 760,5 млрд теңгені құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 6,4%-ға өсті.
Өнеркәсіп өндірісі көлемінің өсуіне өңдеу өнеркәсібіндегі өндіріс көлемінің 13,1%-ға артуы оң әсер етті. Аталған салада өндірілген өнім көлемі 288,7 млрд теңгені құрады.
Анықтама: өңдеу өнеркәсібі көлемінің өсуіне келесі салалардағы өндіріс көлемінің артуы ықпал етті:
тамақ өнеркәсібі – 7,3%-ға; жеңіл өнеркәсіп – 13,6%-ға; кокс және мұнай өнімдерін өндіру – 17,3%-ға; металлургия өнеркәсібі – 7,5%-ға; химия өнеркәсібі – 26,3%-ға; резеңке және пластмасса бұйымдарын өндіру – 22,6%-ға; өзге де бейметалл минералдық өнімдерді өндіру – 38,5%-ға; машиналар мен жабдықтарды жөндеу және орнату – 0,9%-ға.


ӨНЕРКӘСІПТІ ДАМЫТУ ЖӘНЕ ҚОЛДАУ САЛАСЫНДА АТҚАРЫЛҒАН ЖҰМЫСТА
(қаңтар-маусым 2026 ж)

2026 жылғы қаңтар–мамыр айларында өнеркәсіп өндірісінің көлемі 462,7 млрд теңгені құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда нақты көлем индексі 100,6%-ды құрады.
Өңдеу өнеркәсібі саласында 175,9 млрд.теңгенің өнімі өндіріліп, көрсеткіш 10,1%-ға артты.
Өңдеу өнеркәсібі көлемінің өсуіне келесі салалардағы өндіріс көлемінің артуы ықпал етті: тамақ өнеркәсібі – 3,8%-ға, жеңіл өнеркәсіп – 5%-ға, кокс және мұнай өнімдерін өндіру – 17,7%-ға, резеңке және пластмасса бұйымдарын өндіру – 17,7%-ға, өзге де бейметалл минералдық өнімдер өндіру – 62,4%-ға, машина жасау саласы – 6%-ға.


ӨНЕРКӘСІПТІ ДАМЫТУ ЖӘНЕ ҚОЛДАУ САЛАСЫНДА АТҚАРЫЛҒАН ЖҰМЫСТАР

(қаңтар-наурыз 2026ж)

2026 жылғы қаңтар-наурыз айларында өнеркәсіп өндірісінің көлемі 250,2 млрд. теңгені құрап, өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 1,7%-ға артты. Өсім өңдеу өнеркәсібінің 17,3%-ға, энергиямен жабдықтау саласындағы күн электр станцияларының өндіріс көлемінің 8,2%-ға артуы, сумен жабдықтау саласында абоненттер санының артуы есебінен қалыптасты.
Есепті кезеңде 688 мың тонна мұнай өндіріліп, өнім көлемі 7,5%-ға немесе 55,6 мың тоннаға төмендеді (І тоқсан 2025 ж. - 743,6 мың тонна).
Өңдеу өнеркәсібі саласында 60,6 млрд.теңгенің өнімі өндіріліп, көрсеткіш 17,3%-ға артты. Өңдеу өнеркәсібі көлемінің өсіміне келесі салалардағы өндіріс көлемінің артуы әсер етті: тамақ өнеркәсібі 2,5%, жеңіл өнеркәсіп 21,3%-ға, кок және мұнай өнімдерін өңдеу 0,5%; резеңке және пластмасса бұйымдар өндіру 16,8%-ға, өзге де бейметалл минералдық өнімдер 2 есеге, машиналар мен жабдықтарды жөндеу және орнату 23,9%-ға.


ӨНЕРКӘСІПТІ ДАМЫТУ ЖӘНЕ ҚОЛДАУ САЛАСЫНДА АТҚАРЫЛҒАН ЖҰМЫСТАРДЫҢ ЖЫЛДЫҚ ЕСЕБІ

 (қаңтар-желтоқсан 2025 ж)

2025 жыл қорытындысымен өнеркәсіп өндіріс көлемі 1074,4 млрд. теңгені құрап, 2024 жылмен салыстырғанда 2,7%-ға төмендеді.

Төмендеудің басты себебі – мұнай ұңғымаларының көпшілігінің сулануы мен сарқылуы. Есепті кезеңде 3005,3 мың тонна мұнай өндіріліп, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 10,5%-ға немесе 350,9 мың тоннаға төмендеді (2024 ж. – 3356,2 мың тн).

Өңдеу өнеркәсібі саласында 406,3 млрд.теңгенің өнімі өндіріліп, көрсеткіш 6,4%-ға артты.

Анықтама: Өңдеу өнеркәсібінде тамақ өнімдерін өндіру 3,4%-ға, мұнай өңдеу өнімдерінің өндірісі 5,2%-ға, жиһаз өнеркәсібі 43,6%-ға, жеңіл өнеркәсібі 12,4%-ға, химия өнеркәсібі 2,7%-ға, құрылыс индустриясы 4,3%-ға, резеңке және пластмасса бұйымдар өндірісі 1,7%-ға артты.


ӨНЕРКӘСІПТІ ДАМЫТУ ЖӘНЕ ҚОЛДАУ САЛАСЫНДА АТҚАРЫЛҒАН ЖҰМЫСТАРДЫҢ 9 АЙЛЫҚ ЕСЕБІ 

(қаңтар-қыркүйек 2025 ж)

2025 жылғы 9 айда өнеркәсіп өндіріс көлемі 786 млрд. теңгені құрап, өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 0,4%-ға төмендеді.

Төмендеудің басты себебі – мұнай ұңғымаларының көпшілігінің сулануы мен сарқылуы. Есепті кезеңде 2260,5 мың тонна мұнай өндіріліп, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 11,1%-ға немесе 270,6 мың тоннаға төмендеді (2024 ж. 9 ай – 2531,1 мың тн).

Өңдеу өнеркәсібі саласында 294,2 млрд.теңгенің өнімі өндіріліп, көрсеткіш 13,1%-ға артты.

Анықтама: Өңдеу өнеркәсібінде тамақ өнімдерін өндіру 9,9%-ға, мұнай өңдеу өнімдерінің өндірісі 10,8%-ға, химия өнеркәсібі 0,2%-ға, металлургиялық өндірісі 6,9%-ға, жиһаз өнеркәсібі 29,6%-ға артты.


ӨНЕРКӘСІП

(қаңтар-маусым 2025 ж)

2025 жылдың қаңтар-маусым айының қорытындысы бойынша өнеркәсіп өндірісінің көлемі ақшалай мәнде 512,2 млрд. теңгені құрады (НҚИ – 100%).

Өңдеу өнеркәсібі саласында ү.ж қаңтар-маусым айында 188,2 млрд. теңгенің өнімі өндіріліп, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 17,2%–ға артты (6 айы 2024 ж – 172,5 млрд.теңге).

Атап айтқанда, өңдеу өнеркәсібінің келесі салаларында өсім байқалған: тамақ өнімдерін өндіру 16,2%, жеңіл өнеркәсіп 16%, жиһаз өндіру 42,1%, кокс және мұнай өңдеу өнімдерін өндіру 15,4%, резеңке және пластмасса бұйымдардар өндіру 6,9%, металлургия өндірісі 19,2%.


ӨНЕРКӘСІП

(қаңтар-сәуір 2025 ж)

2025 жылдың қаңтар-сәуір айының қорытындысы бойынша өнеркәсіп өндірісінің көлемі ақшалай мәнде 258,2 млрд. теңгені құрады (НҚИ – 101,5%).

Мұнай өндіру көлемінің төмендеуіне қарамастан, өнеркәсіптік өндірістің 1,5%-ға өсуі байқалады.

Өнеркәсіп өндірісінің артуына өңдеу өнеркәсібінің оң динамикасы әсер етті.

Өңдеу өнеркәсібі саласында ү.ж  қаңтар-сәуір айында 95,1 млрд. теңгенің өнімі өндіріліп, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 23,2%–ға артты (3 айы 2024 ж – 86,0 млрд.теңге).

Атап айтқанда, өңдеу өнеркәсібінің келесі салаларында өсім байқалған: тамақ өнімдерін өндіру 7,3%, жеңіл өнеркәсіп 2,2 есе, жиһаз өндіру 38,3%, кокс және мұнай өңдеу өнімдерін өндіру 51,9%, өзге де бейметалл минералдық өнімдер 39,6%, резеңке және пластмасса бұйымдардар өндіру 8,5%, машиналар мен жабдықтарды жөндеу және орнату 3,5%, металлургия өндірісі 27,2%,.


ӨНЕРКӘСІП

(қаңтар-желтоқсан 2024 ж)

2024 жыл қорытындысымен өнеркәсіптің нақты көлем индексі 99,6%–ды, ақшалай мәнде 1102,5 млрд.теңгені құрады, бұл өткен жылдан 0,4%-ға төмен (2023 жыл – 1043,5 млрд. теңге).

Төмендеудің негізгі себебі - кен орындарының сарқылуы мен сулануына байланысты мұнай өндіру көлемінің жоспарлы қысқаруы.

2024 жылдың қаңтар-желтоқсан айларына 3348,9 мың тонна мұнай өндірілді, бұл 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 90% құрады немесе 370,6 мың тоннаға төмен.

2024 жыл қорытындысымен өңдеу өнеркәсібі саласында 366,8 млрд.теңгенің өнімі өндіріліп, көрсеткіш 19,6%-ға артты.

Анықтама: Атап айтқанда, химия өнеркәсібі 13,3%-ға, жеңіл өнеркәсіп
60,7%, метталургия өндірісі 31,3%-ға, тамақ өнеркәсібі 5,5%-ға, резеңке және пластмасса бұйымдарын өндіру 9%-ға, өзге де бейметалл минералдық өнімдер өндірісі 12%-ға өсті.


ӨНЕРКӘСІП

(қаңтар-қараша 2024 ж)

2024 жылғы 11 ай қорытындысымен өнеркәсіп өндіріс көлемі 999,6 млрд. теңгені құрап, көрсеткіш 2023 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 0,1%-ға төмендеді.

Төмендеудің басты себебі – мұнай ұңғымаларының көпшілігінің сулануы мен сарқылуына байланысты тау-кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазу саласының 5,9%-ға төмендеуі.

2024 жылдың қаңтар-қараша айларында 3,1 млн тонна мұнай өндіріліп, 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 9,4%-ға немесе 596 мың тоннаға төмендеді (2024 ж. 11 ай – 3,1 млн.тн, 2023 ж. 11 ай – 3,6 млн.тн).

Өңдеу өнеркәсібі саласында 328,4 млрд.теңгенің өнімі өндіріліп, көрсеткіш 20,6%-ға артты.

Атап айтқанда, химия өнеркәсібі 14,5%-ға, жеңіл өнеркәсіп 65,4%, металлургия өндірісі 37,6%-ға, тамақ өнеркәсібі 1,2%-ға, резеңке және пластмасса бұйымдарын өндіру 8,6%-ға, өзге де бейметалл минералдық өнімдер өндірісі 7,7%-ға өсті.

Айта кету керек, өңдеу өнеркәсібінде өсу қарқыны бойынша республика бойынша облыс өткен жылдан бастап өңірлер арасында алдыңғы қатарда.

 


ӨНЕРКӘСІП

Ү. ж. ІІІ тоқсанда өнеркәсіп өндіріс көлемі 807,1 млрд.теңгені құрап, өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 2%-ға өсті.

Өңдеу өнеркәсібі саласында 268,4 млрд.теңгенің өнімі өндіріліп, көрсеткіш 28%-ға артты.

Атап айтқанда, өңдеу өнеркәсібінің келесі салаларында өсім қалыптасты: химия өнеркәсібі 7,1%-ға, жеңіл өнеркәсіп 69,6%, метталургия өнеркәсібі 65,2%-ға, тамақ өнеркәсібі 3,3%-ға, резеңке және пластмасса бұйымдарын өндіру 8,1%-ға, өзге де бейметалл минералдық өнімдер өндірісі 0,7%-ға.

 


Өнеркәсіп

(2024 жылдың қаңтар-ақпан)

2024 жылдың қаңтар-ақпан айының қорытындысы бойынша өнеркәсіп өндірісінің көлемі ақшалай мәнде 162,5 млрд. теңгені құрады (НҚИ – 107,1%).

Мұнай өндіру көлемінің төмендеуіне қарамастан, өнеркәсіптік өндірістің 7,1%-ға өсуі байқалады.

Өнеркәсіп өндірісінің артуына өңдеу өнеркәсібінің оң динамикасы әсер етті.

Өңдеу өнеркәсібі саласында ү.ж  қаңтар-ақпан айында 57,7 млрд. теңгенің өнімі өндіріліп, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 40,3%–ға артты (2023 жылдың қаңтар-ақпан айлары – 41,3 млрд.теңге).

Атап айтқанда, өңдеу өнеркәсібінің келесі салаларында өсім байқалған: тамақ өнімдерін өндіру 10%, жеңіл өнеркәсіп 19,2%, жиһаз өндіру 6,9%, кокс және мұнай өңдеу өнімдерін өндіру 3,4%, өзге де бейметалл минералдық өнімдер 21,1%, резеңке және пластмасса бұйымдардар өндіру 7,9%, машиналар мен жабдықтарды жөндеу және орнату 6,2%, металлургия өндірісі 2,4 есеге.


Өнеркәсіп

(2023 жылдың қаңтар-желтоқсан)

2023 жылдың қаңтар-желтоқсан айының қорытындысы бойынша өнеркәсіп өндірісінің көлемі ақшалай мәнде 1023,9 млрд. теңгені құрады (103,6%).

Мұнай өндіру көлемінің төмендеуіне қарамастан, өнеркәсіптік өндірістің 3,6%-ға өсуі байқалады.

Өнеркәсіп өндірісінің артуына өңдеу өнеркәсібінің оң динамикасы әсер етті.

Өңдеу өнеркәсібі саласында есепті кезеңде 307,7 млрд. теңгенің өнімі өндіріліп, бұл көрсеткіш 33,5%-ға артқан.

Атап айтқанда, өңдеу өнеркәсібінің келесі салаларында өсім байқалған: металлургия өндіру 68,2%-ға, құрылыс материалдарын өндіру 46,6%-ға, машиналар мен жабдықтарды жөндеу және орнату 24,4%-ға, резеңке және пластмасса бұйымдар өндіру 17,9%-ға артқан.

 


Өнеркәсіп

(2023 жылдың қаңтар - тамыз)

2023 жылғы қаңтар-тамыз айларында облыстың өндіріс көлемі 666,6 млрд. теңгені құрап, өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 1,7%-ға төмендеді (2022 ж. 8 айы – 677,4 млрд.теңге).

Төмендеудің негізгі себебі - кен орындарының сарқылуы мен сулануына байланысты мұнай өндіру көлемінің жоспарлы қысқаруы.

2023 жылдың қаңтар-тамыз айына 2533,6 мың тонна мұнай өндірілді, бұл 2022 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда  95,0% құрады немесе 160,2 мың тоннаға азайған.

Өңдеу өнеркәсібі саласында есепті кезеңде 192,5 млрд.теңгенің өнімі өндіріліп, өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 3,6% - ға артты (2022 ж. 8 айы – 147,1 млрд.теңге).

Атап айтқанда, өңдеу өнеркәсібінің келесі салаларында өсім байқалған: кокс және мұнай өңдеу өнімдерін өндіру 16,6%-ға, металлургия өндірісі 16,8%-ға, жиһаз өндіру 25,2%-ға, резеңке және пластмасса бұйымдар өндіру 8,3%-ға, өзге де бейметалл минералдық өнімдер 10,1%-ға, машиналар мен жабдықтарды жөндеу және орнату 39,2%.

 


Өнеркәсіп

2023 жылғы қаңтар-маусым айларында облыстың өндіріс көлемі 497,1 млрд. теңгені құрап, өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 1,7%-ға төмендеді (2022 ж. 6 айы – 486,0 млрд.теңге).

Төмендеудің негізгі себебі - кен орындарының сарқылуы мен сулануына байланысты мұнай өндіру көлемінің жоспарлы қысқаруы.

2023 жылдың қаңтар-маусым айына 1910,5 мың тонна мұнай өндірілді, бұл 2022 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда  95,1% құрады немесе 113,6 мың тоннаға азайған.

Өңдеу өнеркәсібі саласында есепті кезеңде 138,3 млрд.теңгенің өнімі өндіріліп, өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 4,4% - ға төмендеді (2022 ж. 6 айы – 107,9 млрд.теңге).

Атап айтқанда, өңдеу өнеркәсібінің келесі салаларында төмендеу байқалған: тамақ өнімдерін өндіру 4,4%-ға, химия өнеркәсібінің өнімдерін өндіру 31,5%-ға, жеңіл өнеркәсібі 5,3%-ға, резеңке және пластмасса бұйымдар өндіру 3,4%-ға, өзге де бейметалл минералдық өнімдер 3,0%-ға, металлургия өндірісі 7,4%-ға азайған.


Өнеркәсіп

2023 жылдың қаңтар-наурыз айлары бойынша өнеркәсіптің нақты көлем индексі 99,2%–ды, ақшалай мәнде 248,2 млрд.теңгені құрады, бұл өткен жылдан 0,8%-ға төмен (2022 жылдың қаңтар-наурыз  – 224,3 млрд. теңге).

Төмендеудің негізгі себебі - кен орындарының сарқылуы мен сулануына байланысты мұнай өндіру көлемінің жоспарлы қысқаруы.

2023 жылдың қаңтар-наурыз айына 968,2 мың тонна мұнай өндірілді, бұл 2022 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 95,9% құрады немесе  49,4 мың тоннаға төмен.

Бұдан басқа, өңдеу өнеркәсібі саласында ү.ж. 3 айында 65,8 млрд.теңгенің өнімі өндіріліп, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 4,6%–ға артты (2022 жылдың қаңтар-наурыз айына – 48,2 млрд.теңге).

Атап айтқанда, өңдеу өнеркәсібінің келесі салаларында өсім байқалған: жеңіл өнеркәсіп 23,5%-ға, кокс және мұнай өңдеу өнімдерін өндіру 43,1%-ға, резеңке және пластмасса бұйымдар өндіру 13,6%-ға, машиналар мен жабдықтарды жөндеу және орнату 73,5%, жиһаз өндіру 81,1%-ға, өзге де бейметалл минералдық өнімдер 23,9%-ға артқан.


Өнеркәсіп

(қаңтар-желтоқсан)

2022 жылдың қорытындысымен өнеркәсіптің нақты көлем индексі 98,2 %–ды, ақшалай мәнде 1031,3 млрд.теңгені құрады, бұл өткен жылдан 1,8%-ға төмен (2021 ж.– 808,6 млрд. теңге).

Төмендеудің негізгі себебі - кен орындарының сарқылуы мен сулануына байланысты мұнай өндіру көлемінің жоспарлы қысқаруы.

2022 жылдың қаңтар-желтоқсан айына 4020,4 мың тонна мұнай өндірілді, бұл 2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 92,7% құрады немесе 317,7 мың тоннаға төмен.

Бұдан басқа, өңдеу өнеркәсібі саласында 2022 жылдың қорытындысымен 241,7 млрд.теңгенің өнімі өндіріліп, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 5,6%–ға артты (2021 ж. – 192,5 млрд.теңге).

Атап айтқанда, өңдеу өнеркәсібінің келесі салаларында өсім байқалған: металлургия өндірісі 4,7%-ға, резеңке және пластмасса бұйымдар өндіру 17,5%-ға, өзге де бейметалл минералдық өнімдер 8,1%-ға, жеңіл өнеркәсіп 46,6%-ға, тамақ өнімдерін өндіру 6,3%-ға артқан.


Өнеркәсіп

2022 жылдың қаңтар- қыркүйек айлары бойынша өнеркәсіптің нақты көлем индексі 98,5%–ды, ақшалай мәнде 765,5 млрд.теңгені құрады, бұл өткен жылдан 1,5%-ға төмен (2021 жылдың қаңтар- қыркүйек – 543,0 млрд. теңге).

Төмендеудің негізгі себебі - кен орындарының сарқылуы мен сулануына байланысты мұнай өндіру көлемінің жоспарлы қысқаруы.

2022 жылдың қаңтар-қыркүйек айына 3019,3 мың тонна мұнай өндірілді, бұл 2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 92% құрады немесе 261,5 мың тоннаға төмен.

Бұдан басқа, өңдеу өнеркәсібі саласында ү.ж. 9 айында 171,2 млрд.теңгенің өнімі өндіріліп, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 8,6%–ға артты (2021 жылдың қаңтар- қыркүйек айына – 123,8 млрд.теңге).

Атап айтқанда, өңдеу өнеркәсібінің келесі салаларында өсім байқалған: металлургия өнеркәсібі 13,9%-ға, резеңке және пластмасса бұйымдар өндіру 33,3%-ға, жеңіл өнеркәсібі 56,8%-ға, құрылыс материалдар өндірісі 2,3%-ға, тамақ өнімдерін өндіру 10,3%-ға артқан.


Өнеркәсіпті және жергілікті қамтуды дамыту

(қаңтар-маусым)

2022 жылдың қаңтар-маусым айлары бойынша өнеркәсіптің нақты көлем индексі 96,4%–ды, ақшалай мәнде 486,0 млрд.теңгені құрады, бұл өткен жылдан 3,6%-ға төмен (2021 жылдың қаңтар-маусым– 344,7 млрд. теңге).

Төмендеудің негізгі себебі - кен орындарының сарқылуы мен сулануына байланысты мұнай өндіру көлемінің жоспарлы қысқаруы.

2022 жылдың қаңтар-маусым айына 2024,1 мың тонна мұнай өндірілді, бұл 2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 91,9% құрады немесе 132,4 мың тоннаға төмен.

Бұдан басқа, өңдеу өнеркәсібі саласында ү.ж. 6 айында 107,9 млрд.теңгенің өнімі өндіріліп, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 5,8%–ға артты (2021 жылдың қаңтар-маусым айына – 79,8 млрд.теңге).

Атап айтқанда, өңдеу өнеркәсібінің келесі салаларында өсім байқалған: металлургия өндірісі 3,8%-ға, резеңке және пластмасса бұйымдар өндіру 63,4%-ға, жиһаз өндіру 3,2%-ға, жеңіл өнеркәсіп 95,7%-ға, тамақ өнімдерін өндіру 6,4%-ға артқан.

Өңдеуші өнеркәсіптің бәсекеге қабілеттілігін ынталандыру мақсатында 2019 жылдан бастап «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы іске асырылуда.

Бағдарлама аясында жалпы құны 10,7 млрд. теңгені құрайтын 125 жоба мақұлданып, құны 2,3 млрд.теңгені құрайтын 8 жобаның өтінімі қаржы институттарымен қаралуда, қалған 40 (2,0 млрд.теңге) жоба бойынша құжаттар жинақталуда.

«Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасының екінші бағыты жергілікті қамту үлесін дамыту болып табылады.

Осы орайда, 2019 жылдан бастап облыстың индустриялық-инновациялық даму басқармасымен мемлекеттік сатып алудағы жергілікті қамту үлесінің ай сайынғы мониторингі жүргізіліп, Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне және «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасына жолдануда.

2022 жылдың қаңтар-маусым айларының қорытындысы бойынша жергілікті қамту үлесі жеңіл өнеркәсібінде – 49% (KPI-48,6%), тамақ өнеркәсібінде – 89% (KPI-48%), жиһаз өндірісі - 99% (KPI-63,3%), құрылыс материалдары бойынша – 74% (KPI-69,8%), машина жасау бойынша – 24% (KPI-19,1%), фармацевтика өнеркәсібі - 52% (KPI-32,3%), целлюлоза-қағаз өнеркәсібі - 59% (KPI-53,7%), химия өнеркәсібінде – 58% (KPI-36,2%) құрады. 

«Жұмыспен қамтудың 2020-2021 жылдарға арналған Жол картасы» мемлекеттік бағдарламасы аясында құны 5,5 млрд.теңге құрайтын 11 инфрақұрылымдық жобалар бекітіліп, жергілікті қамту үлесі 90% құрады, құрылыс-монтаждау жұмыстарындағы жергілікті қамту үлесі - 61%-ды құрады.

Сонымен қатар, ү.ж. 3 ай қорытындысы бойынша тауарлар, жұмыстар мен көрсетілген қызметтерді (бұдан әрі - ТЖҚ) жер қойнауын пайдаланушылармен сатып алудың жалпы көлемі 28,3 млрд. теңгені құрап, оның ішінде жергілікті қамтудың үлесі 86%-ды құрады.


   Өнеркәсіп

Ү.ж. 3 ай қорытындысымен өнеркәсіп өндірісінің көлемі 224,3 млрд. теңгені құрап, 4,2%-ға төмендеді (НҚИ – 95,8%).

Төмендеудің негізгі себебі - мұнай өндіру көлемінің жоспарлы қысқаруы (нақты 2022 ж. 3 ай – 82 мың тоннаға қысқарған, жоспар - 700 мың тоннаға қысқарады).

Дегенмен, есепті кезеңде өңдеу өнеркәсібінде өндіріс көлемі
48,2 млрд. теңгені құрап, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 1,5%–ға артты (2021 ж. 3 айы – 36,9 млрд.теңге).

Атап айтқанда, өңдеу өнеркәсібінің келесі салаларында өсім байқалған: химия өнеркәсібі 3,6%-ға, резеңке және пластмасса бұйымдарын өндіру 51,2%-ға, құрылыс материалдарын өндіру 4,9%-ға, металлургия өндірісі 18,4%-ға, жиһаз өнеркәсібі 14,9%-ға артқан.


         Өнеркәсіп

2021 жылдың қаңтар-желтоқсан айының қорытындысы бойынша өнеркәсіп өндірісінің көлемі ақшалай мәнде 691,9 млрд. теңгені құрады   (НҚИ - 100,4%).

Мұнай өндіру көлемінің төмендеуіне қарамастан, өнеркәсіптік өндірістің 0,4%-ға өсуі байқалады.

Өнеркәсіп өндірісінің артуына өңдеу өнеркәсібінің оң динамикасы әсер етті.

Өңдеу өнеркәсібі саласында ү.ж. 11 айында 157,8 млрд. теңгенің өнімі өндіріліп, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 13,7%–ға артты (2020 жылдың қаңтар-қыркүйек айына – 132,9 млрд.теңге).

Атап айтқанда, өңдеу өнеркәсібінің келесі салаларында өсім байқалған: құрылыс материалдарын өндіру 69,2%-ға, жеңіл өнеркәсібі  2,3 есеге, жиһаз өнеркәсібі 19,4%-ға, химия өнеркәсібі 10,8%-ға, машина жасау 34,7%-ға артқан.

Өңдеуші өнеркәсіптің бәсекеге қабілеттілігін ынталандыру мақсатында 2019 жылдан бастап  «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы іске асырылуда.

«Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы аясында Қызылорда облысында жалпы құны 14,9 млрд.теңгені құрайтын 172 жоба қамтылып, оның ішінде құны 10,7 млрд.теңге болатын 124 жоба өтінімдері мақұлданды (ауыл шаруашылығы саласында –79, тамақ - 14, жеңіл өнеркәсіп – 2, жиһаз - 5, құрылыс индустриясы саласында - 1, қызмет көрсету саласында - 11, химия өнеркәсібі-1, көктемгі егіс жұмыстары – 11).

2021 жылы 1,4 млрд.теңгені құрайтын 15 жоба мақұлданып, 2,3 млрд. теңгені құрайтын 8 жоба қаржы институттарымен қарастырылуда, 40  (2,0 млрд,тенге) жоба құжаттары жинақталуда.

«Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасының екінші бағыты жергілікті қамту үлесін дамыту болып табылады.

Осыған байланысты, 2019 жылы отандық тауар өндірушілерді қолдау және жергілікті қамту үлесін арттыру мақсатында облыс әкімінің өкімімен (06.08.20 ж. №83-ө өкіміне өзгерістер енгізу туралы өкім) жергілікті қамтуды бақылау жөніндегі жұмыс Комиссиясы құрылып, жергілікті қамтуды бақылау жөніндегі Комиссияның жұмыс регламенті бекітіліп, ай сайын Комиссияның отырысы өткізілуде.

2021 жылдың қорытындысымен жергілікті қамтуды бақылау Комиссиясының 13 отырысы өткізілді.

2021 жылдың қорытындысымен жергілікті қамту үлесі жиһаз - 73% (KPI – 63,3 %), тамақ - 70% (KPI – 63,3 %), машина жасау - 30% (KPI – 19,1%), химия - 50% (KPI – 36,2%), жеңіл өнеркәсібі – 68% (KPI – 64,6%), фармацевтика өнеркәсібі - 45% (KPI – 32,3%), целлюлоза-қағаз өнеркәсібі - 56% (KPI – 53,7%), құрылыс материалдары - 72% (KPI – 69,8 %).құрап, бекітілген меже артық орындалды.

Сондай-ақ, «Жұмыспен қамтудың 2020-2021 жылдарға арналған Жол картасы» мемлекеттік бағдарламасы аясында құны 3,7 млрд.теңге құрайтын 18 инфрақұрылымдық жобалар бекітіліп, жергілікті қамту үлесі 91% құрады, құрылыс-монтаждау жұмыстарындағы жергілікті қамту үлесі - 76%.

Сонымен қатар, 2018 жылдың 6 сәуір күні жергілікті тауарөндірушілерді қолдау мақсатында Қызылорда облысының әкімдігі мен облыс аумағындағы ірі жер қойнауын пайдаланушы компаниялары арасында 2018-2021 жылдарға арналған өзара түсіністік туралы ұзақ мерзімді келісімдеріне қол қойылып, тиісті жұмыстар атқарылуда.

Анықтама:

Меморандум аясында кәсіпорындармен тауарларды сатып алу 20% кем емес, жұмыстар мен қызметтер 50% кем емес жергілікті қамту үлесіндегі мақсаттық индикаторлары бекітілді.

Нәтижесінде, 2021 жылдың 9 ай қорытындысы бойынша облыстың жер қойнауын пайдаланушылармен сатып алу көлемі 74,0 млрд.теңгені құрады, оның ішінде жергілікті қамту үлесі 80,1% құрады.

 


Өнеркәсіп

2021 жылдың қаңтар-қыркүйек айының қорытындысы бойынша өнеркәсіп өндірісінің көлемі ақшалай мәнде 543,0 млрд. теңгені құрады (НҚИ - 100,5%).

Мұнай өндіру көлемінің төмендеуіне қарамастан, өнеркәсіптік өндірістің 0,5%-ға өсуі байқалады.

Өнеркәсіп өндірісінің артуына өңдеу өнеркәсібінің оң динамикасы әсер етті.

Өңдеу өнеркәсібі саласында ү.ж. 9 айында 123,8 млрд. теңгенің өнімі өндіріліп, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 12,6%–ға артты (2020 жылдың қаңтар-қыркүйек айына – 106,0 млрд.теңге).

Атап айтқанда, өңдеу өнеркәсібінің келесі салаларында өсім байқалған: құрылыс материалдарын өндіру 2,0 есеге, жеңіл өнеркәсібі 2,6 есеге, жиһаз өнеркәсібі 20,6%-ға, химия өнеркәсібі 8,8%-ға, кокс және мұнай өнімдерін өндіру 3,3%-ға артқан.

Өңдеуші өнеркәсіптің бәсекеге қабілеттілігін ынталандыру мақсатында 2019 жылдан бастап «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы іске асырылуда.

«Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы аясында Қызылорда облысында жалпы құны 14,1 млрд.теңгені құрайтын170 жоба қамтылып, оның ішінде құны 10,1 млрд.теңге болатын 121 жоба өтінімдері мақұлданды (ауыл шаруашылығы саласында –79, тамақ - 11, жеңіл өнеркәсіп – 2, жиһаз - 5, құрылыс индустриясы саласында - 1, қызмет көрсету саласында - 11, химия өнеркәсібі-1, көктемгі егіс жұмыстары – 11).

Ағымдағы жылдың 9 айында 1,7 млрд.теңгені құрайтын 14 жоба мақұлданып, 2,3 млрд. теңгені құрайтын 9 жоба қаржы институттарымен қарастырылуда, 40 (2,0 млрд,тенге) жоба құжаттары жинақталуда.

«Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасының екінші бағыты жергілікті қамту үлесін дамыту болып табылады.

Осыған байланысты, 2019 жылы отандық тауар өндірушілерді қолдау және жергілікті қамту үлесін арттыру мақсатында облыс әкімінің өкімімен (06.08.20 ж. №83-ө өкіміне өзгерістер енгізу туралы өкім) жергілікті қамтуды бақылау жөніндегі жұмыс Комиссиясы құрылып, жергілікті қамтуды бақылау жөніндегі Комиссияның жұмыс регламенті бекітіліп, ай сайын Комиссияның отырысы өткізілуде.

2021 жылғы 9 айдың жергілікті қамтуды бақылау Комиссиясының 
11 отырысы
 өткізілді.

2021 жылдың 9 айдың қорытындысымен жергілікті қамту үлесі жеңіл өнеркәсібінде –69% (KPI-64,6%), тамақ өнеркәсібінде – 69% (KPI-48%), жиһаз өндірісі - 82% (KPI-63,3%), құрылыс материалдары бойынша – 72% (KPI-69,8%), машина жасау бойынша – 31% (KPI-19,1%), фармацевтика өнеркәсібі - 36% (KPI-32,3%), целлюлоза-қағаз өнеркәсібі - 56% (KPI-53,7%), химия өнеркәсібінде – 45% (KPI-36,2%) құрап, бекітілген меже артық орындалды.

Құрылыс-монтаждау жұмыстарындағы тауарларды сатып алудағы жергілікті қамту үлесі 91%-ды құрады.

Сондай-ақ, 2021 жылы құрылыс-монтаждау жұмыстары (68жоба) шеңберінде сатып алатын тауарлардың жоспары Жобалық кеңсеге ұсынылып, жобалық-сметалық құжаттары Бірыңғай порталға (epsd.kz) толығымен жарияланды.

Сонымен қатар, 2018 жылдың 6 сәуір күні жергілікті тауарөндірушілерді қолдау мақсатында Қызылорда облысының әкімдігі мен облыс аумағындағы ірі жер қойнауын пайдаланушы компаниялары арасында 2018-2021 жылдарға арналған өзара түсіністік туралы ұзақ мерзімді келісімдеріне қол қойылып, тиісті жұмыстар атқарылуда.

Анықтама:

Меморандум аясында кәсіпорындармен тауарларды сатып алу 20% кем емес, жұмыстар мен қызметтер 50% кем емес жергілікті қамту үлесіндегі мақсаттық индикаторлары бекітілді.

Нәтижесінде, 2021 жылдың 6 ай қорытындысы бойынша облыстың жер қойнауын пайдаланушылармен сатып алу көлемі 45,8 млрд.теңгені құрады, оның ішінде жергілікті қамту үлесі 78,2% құрады.

 


Өнеркәсіп

2021 жылдың қаңтар-маусым айының қорытындысы бойынша өнеркәсіп өндірісінің көлемі ақшалай мәнде 344,7 млрд. теңгені құрады (НҚИ - 100,5%).

Мұнай өндіру көлемінің төмендеуіне қарамастан, өнеркәсіптік өндірістің 0,5%-ға өсуі байқалады.

Анықтама:

Мұнай компанияларының алдын ала деректері бойынша 2021 жылдың 6 айында мұнай өндіру көлемі 2 139,9 мың тоннаны құрады, бұл 2020 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 229,5 мың тоннаға төмендеді (2020 жылдың 6 айында 2369,4 мың тонна мұнай өндірілді).

Өнеркәсіп өндірісінің артуына өңдеу өнеркәсібінің оң динамикасы әсер етті.

Өңдеу өнеркәсібі саласында ү.ж. 6 айында 79,8 млрд. теңгенің өнімі өндіріліп, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 14,6%–ға артты (2020 жылдың қаңтар-маусым айына – 69,0 млрд.теңге).

Атап айтқанда, өңдеу өнеркәсібінің келесі салаларында өсім байқалған: құрылыс материалдарын өндіру 2,5 есеге, жеңіл өнеркәсібі 2,8 есеге, жиһаз өнеркәсібі 11,9%-ға, химия өнеркәсібі 11,5%-ға, кокс және мұнай өнімдерін өндіру 4,7%-ға артқан.


Өнеркәсіп

2021 жылдың қаңтар-маусым айының қорытындысы бойынша өнеркәсіп өндірісінің көлемі ақшалай мәнде 344,7 млрд. теңгені құрады (НҚИ - 100,5%).

Мұнай өндіру көлемінің төмендеуіне қарамастан, өнеркәсіптік өндірістің 0,5%-ға өсуі байқалады.

Анықтама:

Мұнай компанияларының алдын ала деректері бойынша 2021 жылдың 6 айында мұнай өндіру көлемі 2 139,9 мың тоннаны құрады, бұл 2020 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 229,5 мың тоннаға төмендеді (2020 жылдың 6 айында 2369,4 мың тонна мұнай өндірілді).

Өнеркәсіп өндірісінің артуына өңдеу өнеркәсібінің оң динамикасы әсер етті.

Өңдеу өнеркәсібі саласында ү.ж. 6 айында 79,8 млрд. теңгенің өнімі өндіріліп, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 14,6%–ға артты (2020 жылдың қаңтар-маусым айына – 69,0 млрд.теңге).

Атап айтқанда, өңдеу өнеркәсібінің келесі салаларында өсім байқалған: құрылыс материалдарын өндіру 2,5 есеге, жеңіл өнеркәсібі 2,8 есеге, жиһаз өнеркәсібі 11,9%-ға, химия өнеркәсібі 11,5%-ға, кокс және мұнай өнімдерін өндіру 4,7%-ға артқан.


Өнеркәсіпті және жергілікті қамтуды дамыту бойынша атқарылған жұмыстар туралы анықтама

(2021 жылғы 3 айдың қорытындысымен)

2021 жылдың қаңтар-наурыз айының қорытындысы бойынша өнеркәсіптің нақты көлем индексі 98,3%–ды, ақшалай мәнде 102,5 млрд.теңгені құрады, бұл өткен жылдан 1,7%-ға төмен (2020 жылдың қаңтар-ақпан айына – 101,5 млрд. теңге).

Төмендеудің негізгі себебі - кен орындарының сарқылуы мен сулануына байланысты мұнай өндіру көлемінің жоспарлы қысқаруы.

2021 жылдың ақпан айына 734,2 мың тонна мұнай өндірілді, бұл 2020 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 92% құрады немесе 69,8 мың тоннаға төмен.

Бұдан басқа, өңдеу өнеркәсібі саласында ү.ж. 2 айында 24,1 млрд. теңгенің өнімі өндіріліп, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 9,1%–ға артты (2020 жылдың қаңтар-ақпан айына – 22,4 млрд.теңге).

Атап айтқанда, өңдеу өнеркәсібінің келесі салаларында өсім байқалған: құрылыс материалдарын өндіру 2,2 есеге, жиһаз өнеркәсібі 31,4%-ға, жеңіл өнеркәсіп 6%-ға, тамақ өнімдерін өндіру 3,2%-ға артқан.

Өңдеуші өнеркәсіптің бәсекеге қабілеттілігін ынталандыру мақсатында 2019 жылдан бастап «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы іске асырылуда.

Бағдарлама аясында 2021 жылдың 1 сәуірдегі жағдайына Жобалық кеңсе жұмысында жалпы құны 17,6 млрд. теңгені құрайтын 177 жоба қамтылды. Оның ішінде құны 8,8 млрд. теңгені құрайтын 119 жоба мақұлданып, құны 6,7 млрд.теңгені құрайтын 21 жобаның өтінімі қаржы институттарымен қаралуда.

«Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасының екінші бағыты жергілікті қамту үлесін дамыту болып табылады.

Осыған байланысты, 2019 жылы отандық тауар өндірушілерді қолдау және жергілікті қамту үлесін арттыру мақсатында облыс әкімінің өкімімен (06.08.20 ж. №83-ө өкіміне өзгерістер енгізу туралы өкім) жергілікті қамтуды бақылау жөніндегі жұмыс Комиссиясы құрылды, сондай-ақ жергілікті қамтуды бақылау жөніндегі Комиссияның жұмыс регламенті бекітіліп, ай сайын Комиссияның отырысы өткізілуде.

2021 жылғы 1 тоқсанда жергілікті қамтуды бақылау Комиссиясының 4 отырысы өткізілді.

Сонымен қатар, 2019 жылдан бастап облыстың индустриялық-инновациялық даму басқармасымен мемлекеттік сатып алудағы жергілікті қамту үлесінің ай сайынғы мониторингі жүргізіліп, ол кейіннен Жобалық кеңсеге (ҚР ИИДМ, «Атамекен» ҰКП) жіберілуде.

2021 жылдың 1 тоқсан қорытындысымен жеңіл өнеркәсіп тауарларын мемлекеттік сатып алуда жергілікті қамтудың үлесі 44%
(KPI - 64,6%), жиһаз - 90% (KPI - 63,3%), тамақ - 65% (KPI бекітілмеген), химия - 43% (KPI - 27,1%), фармацевтика – 60% (KPI бекітілмеген), целлюлоза-қағаз – 27% (KPI бекітілмеген), машина жасау - 22% (KPI – 19,1%), құрылыс индустриясы - 70% (KPI - 69,8%).

Анықтама

             Ү.ж. қаңтар-наурыз айларында жеңіл өнерсібі бойынша 61,6 млн. теңгеге тауар сатып алынды, жергілікті қамту үлесі 21% құрады. Мақсатты индикаторға қол жеткізілмеу себебі, спорттық киімдердің (күреске, бокске арналған аяқ киім, комбинезон, стендтік атысқа арналған кеудеше, желге қарсы костюм, кимоно) шет елдерден сатып алынуы болып табылады.

Құрылыс-монтаждау жұмыстарындағы тауарларды сатып алудағы жергілікті қамту үлесі 92%-ды құрады.

Сондай-ақ, 2021 жылы құрылыс-монтаждау жұмыстары (54 жоба) шеңберінде сатып алатын тауарлардың жоспары Жобалық кеңсеге ұсынылып, жобалық-сметалық құжаттары Бірыңғай порталға (epsd.kz) толығымен жарияланды.

Атап өту қажет, ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің бұйрығына сәйкес 2021 жылғы ақпанда 2019-2020 жылдар кезеңінде жергілікті атқарушы органдардың қызметінде жергілікті қамтуды дамыту жөніндегі шаралардың тиімділігін бағалау үшін тексеру жүргізілді. Тексеру қорытындысы бойынша Қызылорда облысына  жақсы деген баға берілді.

Сонымен қатар, 2018 жылдың 6 сәуір күні жергілікті тауарөндірушілерді қолдау мақсатында Қызылорда облысының әкімдігі мен облыс аумағындағы ірі жер қойнауын пайдаланушы компаниялары арасында 2018-2021 жылдарға арналған өзара түсіністік туралы ұзақ мерзімді келісімдеріне қол қойылып, тиісті жұмыстар атқарылуда.

Анықтама:

Меморандум аясында кәсіпорындармен тауарларды сатып алу 20% кем емес, жұмыстар мен қызметтер 50% кем емес жергілікті қамту үлесіндегі мақсаттық индикаторлары бекітілді.

Нәтижесінде, 2020 жылдың 3 тоқсанының қорытындысы бойынша облыстың жер қойнауын пайдаланушылармен сатып алу көлемі 81,4 млрд.теңгені құрады, оның ішінде жергілікті қамту үлесі 76,5% құрады.

Бұдан басқа, жергілікті тауар өндірушілерді қолдау және кооперацияны дамыту мақсатында Қызылорда облысының тауар өндірушілері өндіретін (шамамен 180) тауарлардың (500-ден астам түрі) тізбесі қалыптастырылып,  басқа өңірлерге және ҚР ИИДМ-ге жіберілді.


Өнеркәсіпті және жергілікті қамтуды дамыту

бойынша атқарылған жұмыстар туралы анықтама

(2020 жылдың қорытындысымен)

Өнеркәсіптің өңдеу өнеркәсібі саласында 2020 жылдың 12 айында 151,0 млрд. теңгенің өнімі өндіріліп, нақты көлем индексі өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 94,3% құрап, 5,7%-ке төмендеді (2019 ж. 12 айы – 133,6 млрд.теңге ).

Төмендеудің басты себебі «Байкен-U» ЖШС уран шала тотығын қайта өңдеу көлемінің қысқаруы болып табылады. Атап өту қажет, «Байкен-U» ЖШС - облыстағы уранның шала тотығын өңдеумен айналысатын жалғыз кәсіпорын, сондай-ақ өңдеу өнеркәсібінің негізгі үлесін (24%) құрайды.

2020 жылдың 12 айында кәсіпорын 1730,7 тонна өнім өндірді, бұл 437 тоннаға немесе 20,1%-ға төмен (2019 ж. 12 айы – 2167,7 тонна).

Сондай-ақ, уран шала тотығын қайта өңдеу көлемінің төмендеуі химия өнеркәсібі өндірісінің көлеміне теріс әсер етті (5,7% - ға төмендеу).

Атом өнеркәсібі кәсіпорындарынан сұраныстың төмендеуіне байланысты «СКЗ-U» ЖШС 2020 жылдың 12 айында 35,9 мың тоннаға аз күкірт қышқылын өндірді (2019 ж. 12 айында – 526,2 мың тонна, 2020 ж.12 айында – 490,3 мың тонна). Бұл ретте «Қазатомөнеркәсіп «ҰАК» АҚ Республикадағы күкірт қышқылының ең ірі тұтынушысы болып табылатынын атап өту қажет.

Дегенмен, өңдеу өнеркәсібінің келесі салаларында өсім байқалған: тамақ өнімдерін өндіру 8,4 пайызға, құрылыс материалдарын өндіру 19,4 пайызға, жеңіл өнеркәсіп 23,2 пайызға.

Өңдеуші өнеркәсіптің бәсекеге қабілеттілігін ынталандыру мақсатында 2019 жылдан бастап «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы іске асырылуда.

Бағдарлама аясында Жобалық кеңсе жұмысында жалпы құны 13,3 млрд. теңгені құрайтын 160 жоба қамтылды.

Оның ішінде құны 8,7 млрд. теңгені құрайтын 109 жоба мақұлданып, несиелендірілді. 10 жобаның өтінімі қаржы институттарымен қаралуда.

Сонымен қатар, өңірдегі жергілікті қамту үлесі жеңіл өнеркәсіп саласы бойынша – 57% (KPI – 44,6%), жиҺаз өнеркәсібі - 70% (KPI – 43,3%), тамақ өнеркәсібі – 74%, химия – 66% (KPI – 22,1%), машина жасау – 27% (KPI – 14,1%) және құрылыс индустриясы бойынша - 55% (KPI – 49,8%) құрады.

Сондай-ақ, жергілікті тауарөндірушілерді қолдау мақсатында кәсіпорындармен тауарларды сатып алу 20% кем емес, жұмыстар мен  қызметтер 50% кем емес жергілікті қамту үлесіндегі мақсаттық индикаторларын белгілеу жөніндегі Қызылорда облысының әкімдігі мен облыс аумағындағы ірі жер қойнауын пайдаланушы компаниялары арасында 2018-2021 жылдарға арналған өзара түсіністік туралы ұзақ мерзімді келісімдеріне қол қойылды.

Нәтижесінде, 2020 жылдың 6 ай қорытындысы бойынша тауарлар, жұмыстар мен көрсетілген қызметтерді (бұдан әрі - ТЖҚ) жер қойнауын пайдаланушылармен сатып алудың жалпы көлемі 56,2 млрд. теңгені, ал оның ішінде жергілікті қамтудың үлесі 76,5%-ды құрады.

Оның ішінде:

- тауарларды сатып алу суммасы 15,4 млрд.теңге, жергілікті қамту үлесі 44,6%

- жұмыстарды сатып алу суммасы 14,3 млрд.теңге, жергілікті қамту үлесі 89,1%

- қызметтерді сатып алу суммасы 25,3 млрд.теңге, жергілікті қамту үлесі 92,2%.

Бүгінгі таңда, Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі бекіткен өнеркәсіптік кәсіпорындарды цифрландыру бойынша жол картасы аясында «Байкен-U» ЖШС сандық технологияларды енгізуде.

Тау-кен металлургия саласында облыс бойынша уран өндірумен айналысатын 2 Жобаны іске асыру бойынша жұмыс жүргізуде:

  1. «ТПАБЖ техникалық қайта жарақтандыру және «Харасан-2» кенішін диспетчерлендіру жүйесі»

«ТПАБЖ техникалық қайта жарақтандыру және «Харасан-2» кенішін диспетчерлендіру жүйесі» технологиясын енгізу бойынша ашық конкурс қорытындысы бойынша «Energy Construction Engineering» ЖШС жеңімпаз болып танылды. Бүгінгі күні жоба іске қосылды.

  1. «Дайын өнімді ыдысқа салу учаскесін автоматтандыру».

«Дайын өнімді ыдысқа салу торабын автоматтандыру» технологиясын енгізу бойынша жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеуге ашық конкурс өткізілді. Нәтижесінде «Астра Строй Проект» ЖШС-мен шарт жасалды. Бүгінгі таңда мердігер техникалық шешімді әзірлеу үшін жобалау-іздестіру жұмыстарын жүргізуде.

Пайдалануға беру 2021 жылдың ақпан айына жоспарланған. Мерзімі - 2019-2021 жж.


Өнеркәсіп

2020 жылдың қаңтар - қыркүйек айларында облыс бойынша өнеркәсіп өндірісінің көлемі ағымдағы бағаларда 485,4 млрд. теңгеге орындалып, 2019 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 11,8%-ға төмендеді (НКИ – 88,2%).

Өнеркәсіп өндірісі көлемінің төмендеуінің себебі жеке мұнай ұңғымаларының сарқылуы болып табылады. Есепті кезеңде                      3484,7 мың тонна шикі мұнай өндіріліп, өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 82,9% құрады немесе 750,8 мың тоннаға кем өндірілді (2019 ж. 9 айы – 4235,5 мың тонна).

Өнеркәсіптің өңдеу өнеркәсібі саласында ү.ж. 9 айында                    106,0 млрд. теңгенің өнімі өндіріліп, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 3,5%-ға артты (НКИ – 103,5%) (2019 ж. 9 айы – 95,1 млрд.теңге).

Атап айтқанда, өңдеу өнеркәсібінің келесі салаларында өсім байқалған: тамақ өнімдерін өндіру 23,2%-ға, құрылыс материалдарын өндіру 41,9%-ға, жеңіл өнеркәсіп 22,1%-ға, кокс және мұнай өнімдерін өндіру 17%-ға артқан.


Өнеркәсіп

2020 жылдың қаңтар - тамыз айларында облыс бойынша өнеркәсіп өндірісінің көлемі ағымдағы бағаларда 433,2 млрд. теңгеге орындалып, 2019 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 11,5%-ға төмендеді (НКИ – 88,5%).

Өнеркәсіп өндірісі көлемінің төмендеуінің себебі жеке мұнай ұңғымаларының сарқылуы болып табылады. Есепті кезеңде 3113,8 мың тонна шикі мұнай өндіріліп, өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 83,3% құрады немесе 667,4 мың тоннаға кем өндірілді (2019 ж. 8 айы – 3781,2 мың тонна).

Өнеркәсіптің өңдеу өнеркәсібі саласында ү.ж. 8 айында 92,3 млрд. теңгенің өнімі өндіріліп, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 3,4%-ға артты (НКИ – 103,4%) (2019 ж. 8 айы – 82,2 млрд.теңге).

Атап айтқанда, өңдеу өнеркәсібінің келесі салаларында өсім байқалған: тамақ өнімдерін өндіру 24,5%-ға, құрылыс материалдарын өндіру 25,3%-ға, жеңіл өнеркәсіп 26,0%-ға, кокс және мұнай өнімдерін өндіру 17,0%-ға артқан.


Өнеркәсіп

2020 жылдың қаңтар - маусым

2020 жылдың қаңтар - маусым айларында облыс бойынша өнеркәсіп өндірісінің көлемі ағымдағы бағаларда 331,4 млрд. теңгеге орындалып, 2019 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 9,3%-ға төмендеді (НКИ – 90,7%).

Өнеркәсіп өндірісі көлемінің төмендеуінің себебі жеке мұнай ұңғымаларының сарқылуы болып табылады. Есепті кезеңде                      2369,4 мың тонна шикі мұнай өндіріліп, өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда көрсеткіш 15,7%-ға немесе 506,6 мың тоннаға төмендеді (2019 ж. 6 айы – 2876 мың тонна).

Өнеркәсіптің өңдеу өнеркәсібі саласында ү.ж. 6 айында
69,0 млрд. теңгенің
өнімі өндіріліп, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 7%-ға артты (НКИ – 107%) (2019 ж. 6 айы – 59,3 млрд.теңге).

Атап айтқанда, өңдеу өнеркәсібінің келесі салаларында өсім байқалған: жеңіл өнеркәсіп 40,9%-ға, тамақ өнімдерін өндіру 27,2%-ға, кокс және мұнай өнімдерін өндіру 8%-ға,  құрылыс материалдарын өндіру 17,7%-ға, машиналар мен жабдықтарды өндіру және орнату 14%-ға артқан.

 


Өнеркәсіп

(2020 жылғы қаңтар-наурыз)

2020 жылдың қаңтар-наурыз айларында облыс бойынша өнеркәсіп өндірісінің көлемі ағымдағы бағаларда 179,7 млрд. теңгеге орындалып, 2019 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 9,8%-ға төмендеді
(НКИ – 90,2%).

Өнеркәсіп өндірісі көлемінің төмендеуінің себебі жеке мұнай ұңғымаларының сарқылуы болып табылады. Есепті кезеңде 1219,7 мың тонна шикі мұнай өндіріліп, өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 82,8% құрап, 253,3 мың тоннаға кем өндірілді (2019 ж. 3 айы – 1473 мың тонна).

Өнеркәсіптің өңдеу өнеркәсібі саласында ү.ж. 3 айында 36,8 млрд. теңгенің өнімі өндіріліп, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 23,6%-ға артты (НКИ – 123,6%) (2019 ж. 3 айы – 30,3 млрд.теңге).

Атап айтқанда, өңдеу өнеркәсібінің келесі салаларында өсім байқалған: құрылыс материалдарын өндіру 8,0 есеге, жиһаз өнеркәсібі 30,6%-ға, тамақ өнімдерін өндіру 20,0%-ға, жеңіл өнеркәсіп 9,3%-ға, металлургия өнеркәсібі 4,0%-ға, химия өнімдерін өндіру 5,8%-ға, машиналар мен жабдықтарды жөндеу 22,3%-ға артқан.


2019 жылдың өнеркәсіп жөніндегі есеп

2019 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында облыс бойынша өнеркәсіп өндірісінің көлемі ағымдағы бағаларда 862,9 млрд. теңгеге орындалып, нақты көлем индексі 2018 жылмен салыстырғанда 10,7%-ға төмендеді (НКИ -89,3%).

Өнеркәсіп өндірісі көлемінің төмендеуінің себебі жеке мұнай ұңғымаларының сарқылуы болып табылады. Есепті кезеңде 5,5 млн. тонна шикі мұнай өндіріліп, 2018 жылмен салыстырғанда
87% құрап, 828,8 мың тоннаға кем өндірілді (2018 ж. 12 айы – 6,3 млн. тонна).

2013 - 2019 жылдар аралығында мұнай көлемі 10,5 млн. тоннадан 5,5 тоннаға дейін түсті.

Болжам бойынша 2020 жылы мұнай өндіру көлемі 4,5 млн. тоннаға дейін төмендейді деп күтілуде.

Өнеркәсіптің өңдеу өнеркәсібі саласында 2019 жылдың 12 айында
133,6 млрд. теңгенің өнімі өндіріліп, нақты көлем индексі өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 101,3% құрады (2018 ж. 12 айы – 101,9 млрд.теңге ).

Атап айтқанда: жеңіл өнеркәсіп 34%-ға, өзге де металл емес минералдық өнімдерді өндіру 13,7%- ға, тамақ өнімдерін өндіру 4,3%-ға, артқан.

Дата публикации
19 марта 2020
Дата обновления
05 октября 2026
Тип
Пайдалы ақпарат

Сейчас читают

Пайдалы ақпарат
18 мая 2026
Е-Өтініш ақпараттық жүйесінде ең көп қойлатын сұрақ-жауаптар
Пайдалы ақпарат
14 мая 2025
Е-Өтініш ақпараттық жүйесінде ең көп қойлатын сұрақ-жауаптар
11 января 2024
«Азаматтарды қабылдауға» өтініш беру (жазылу) жөніндегі өтініш беруші үшін қысқаша нұсқаулық

Социальные медиа

Фейсбук

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы