ИНДУСТРИЯЛАНДЫРУ БӨЛІМІНІҢ НЕГIЗГI МIНДЕТТЕРI МЕН ЕРЕЖЕЛЕРІ

       

Қызылорда облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басшысының 2026 жылғы «______» қаңтардағы №______

бұйрығына №3 қосымша

 

«Бекітемін»

Қызылорда облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп

басқармасы басшысы

___________М.С. Тәуіпбаева

 

ИНДУСТРИЯЛАНДЫРУ БӨЛІМІНІҢ

НЕГIЗГI МIНДЕТТЕРI МЕН ЕРЕЖЕЛЕРІ

 

Мiндетi: Бөлімнің негізгі міндеті инвестициялық жоюалар және жалпыұлттық, өңірлік пул, өңдеу өнеркәсібі, Бірыңғай индустрияландыру картасы аясында жүзеге асырылатын инвестициялық жобаларына сүйемелдеу жұмыстарын жүргізу және ұлттық цифрлық инвестициялық платформа жүйесінің жұмысын жүргізу болып табылады.

Ережесі: Қазақстан Республикасының кодекстері, Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтары, Қазақстан Республикасы Заңдары, Қазақстан Республикасы Үкіметі мен облыс әкімдігі қаулылары, облыс әкімінің шешімдері мен өкімдері, хаттамалық тапсырмалары және басқарма басшысының бұйрықтары, хаттамалық және басқа да тапсырмаларының орындалуын қамтамасыз етеді.

Бөлім Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен мынадай қызметтерді атқарады:

1) Басшылық ететін бөлімде сапалы және уақытылы мемлекеттік қызмет көрсетілуіне дербес жауапты болып табылады.

2)    Мемлекет Басшысының тапсырмасына сәйкес әзірленген Жалпыұлттық бірыңғай жобалар пулын қалыптастырады және іске қосылуы жоспарланған жобалардың уақытылы іске қосылуын үйлестіреді, туындаған сұрақтарын шешуге ықпал жасайды;

3) Жалпыұлттық және жалпыөңірлік пул жұмысы аясындағы жүзеге асырылатын жобаларды Ұлттық цифрлық инвестициялық платформаға енгізеді, мерзімдеріне сәйкес орындалуын қадағалайды;

4) Жалпыұлттық пул аясында жүзеге асырылатын жобаларға өзектендіру жұмыстарын жүргізіп, нәтижесін Сыртқы істер министрлігіне жолдайды;

5) «Өнеркәсіптік-инновациялық жобаларды бірыңғай индустрияландыру картасына енгізу қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 2023 жылғы 22 тамыздағы № 592 бұйрығына сәйкес Бірыңғай индустрияландыру картасына енгізу үшін жобалардың құжаттарының бекітілген Қағидаға сәйкестігін тексереді, орталық атқарушы органның қарауына жолдайды;

6) Бірыңғай индустрияландыру картасына енгізілген жобалардың жай-күйін бақылауға алады, мерзімінде іске қосылуын қадағалайды;

7) Өңдеу өнеркәсібіне бағытталған пул жобаларын жасақтау, өзектендіру жүргізу, пул аясында жүзеге асырылатын инвестициялық жобаларға сүйемелдеу жұмыстарын жүргізеді;

8) Іске асырылатын жобаларға қажетті мамандықтар сұранысын жинақтау және облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасымен тиісті жұмыстарды жүргізеді;

9) «Өңдеу өнеркәсібін дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған» тұжырымдамасы аясында өңдеу өнеркәсібіне бағытталған жобаларда ашылатын жұмыс орындары бойынша ақпарат жинақтап, жоспарланған жұмыс орындарын ашылуына жұмыстар жүргізеді;

10)  «Жұмыс орындарын құрудың интеграциялық картасын» автоматтандырылған ақпараттық жүйесіне ашылуы жоспарланған жұмыс орындарының орындалуын қадағалайды;

11)  «ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті, Қызылорда облыстық прокуратурамен бірлесіп, инвесторлардың құқықтарын қорғау және Инвестициялық жобалардың инвесторларын сыбайлас жемқорлыққа қарсы сүйемелдеу жұмыстарын жүргізеді;

12) Қазақстан Республикасының «Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар туралы» Заңына және «Өңірлік үйлестіру кеңесінің үлгілік функцияларын айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2023 жылғы 12 желтоқсандағы № 127 бұйрығына сүйене отырып шешім қабылдау үшін Өңірлік үйлестіру кеңесінің жұмыстарын ұйымдастырады;

13) «Байқоңыр» ӘКК» АҚ-ның іске асырылатын жобаларына сүйемелдеу жұмыстарын жүргізеді.

14) «Аманат» партиясының сайлауалды бағдарламасының республикалық және облыстық Жол картасының бөлімге қатысты тармақтарын орындайды;

15) Жеке және заңды тұлғадардан түскен өтініштерді қарайды, мерзімінде жауап береді;

16) Жергілікті және республикалық БАҚ құралдарының сұранысы бойынша ақпарат дайындайды;

17) Облыс әкімінің ақпараттық веб – порталына, бұқаралық ақпарат құралдарына индустриялық - инновациялық даму тұжырымдамасының жүзеге асырылу барысы туралы мәліметтер ұсынып отырады.

18) «Бизнеске арналған Үкімет» КММ инвесторлармен жұмысына байланысты сүйемелдеу жұмыстарын жүргізеді.

19) Республикалық және өңірлік инвестициялық штаб отырысын үйлестіру.

20) Өңдеу өнеркәсібіне бағытталған инвестициялық жобалар пул жұмысын жүргізу.

21) Қазақстан Республикасының «Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар туралы» Заңына сәйкес арнайы экономикалық аймақтың, индустриялық аймақтың және шағын өнеркәсіптік парктің жұмысын үйлестіру.

Құқығы және мiндеттерi: Бөлім өзіне жүктелген міндеттерді іске асыру үшін және өзінің функцияларын жүзеге асыру үшін заңнамада белгіленген тәртіппен:

мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, олардың лауазымды адамдарынан қажетті ақпаратты және материалдарды сұратуға және алуға;

қолданыстағы заңнамалық актілерде көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқылы.

Дата публикации
16 апреля 2026