Қызылорда облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басшсының 2026 жылғы «______» қаңтардағы №______
бұйрығына №3 қосымша
«Бекітемін»
Қызылорда облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп
басқармасы басшысы
___________М. С. Тәуіпбаева
«ӨНЕРКӘСІПТІ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМДЫ ДАМЫТУ» БӨЛІМІНІҢ НЕГIЗГI МIНДЕТТЕРI МЕН ЕРЕЖЕЛЕРІ
Мiндетi: Бөлімнің негізгі міндеті бөлім құзіретіне кіретін сұрақтар бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтары мен Қазақстан Республикасы Заңдарының, Қазақстан Республикасы Үкіметі мен облыс әкімдігінің қаулыларының және облыс әкімінің шешімдері мен өкімдерінің орындалуын жүзеге асыру болып табылады.
Ережесі: Бөлім Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен мынадай қызметтерді атқарады:
1) «Өнеркәсіп көлемі», «Өңдеу өнеркәсібінің көлемі», «Негізгі капиталға тартылған инвестиция», «Тікелей шетелдік инвестиция», «Негізгі капиталға тартылған инвестициядағы сыртқы инвестицияның үлесі», «Жалпы өңірлік өнімнен ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарға ішкі шығындардың үлесі» көрсеткіштерінің жыл сайынғы болжамдарын әзірлейді және бекітілген жоспарға қол жеткізу бағытында Қызылорда қаласы және аудан әкімдіктерімен, басқармалар және департаменттермен, квазисекторлық мекеме филиалдарымен және кәсіпорындармен жұмыс жүргізеді.
2) Облыстағы 7 аудан және Қызылорда қаласының өнеркәсіп саласының дамуына талдау жасап, мониторинг жүгізеді.
3) Өнеркәсіп саласындағы кәсіпорындардағы жұмысшылардың жұмыстан қысқаруына, жаңадан ашылған кәсіпорындардың өнім көлеміне мониторинг жүргізеді.
4) Облыстағы өнеркәсіп саласында жұмыс атқаратын ірі, орта және шағын кәсіпорындардың жұмыс барысына, шығарылған өнім көлеміне ай сайын, тоқсан сайын талдаулар жасап, мониторинг жұмыстарын жүргізіп, тиісті ұсыныстар дайындайды.
5) Облыс аумағында өндiрiлетiн тауарлардың және тауарөндiрушiлердiң тiзбесiн қалыптастырады.
6) Өндірістік жұмыс барысында цифрлық технологияны қолдануы (ендіруі) бойынша мониторинг жүргізіп отырады.
7) Жергілікті тауар өндірушілерді қолдау, өңірлік және халықаралық серіктестермен өндірістік ынтымақтастықты кеңейту мақсатында тиісті іс-шараларды (көрмелер, жәрмеңкелер) ұйымдастыруға жәрдем көрсетеді.
8) «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлік палатасымен бірлесіп жергілікті қамтуды дамыту мақсатында тауар-жұмыс-қызмет сатып алу кезінде отандық тауар өндірушілерді қолдау бағытында тиісті жұмыстарды атқарады.
9) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 11 қарашадағы №958 қаулысымен бекітілген «Елішілік құндылықты дамыту бағдарламаларын әзірлеу, келісу, бекіту, іске асыру және мониторингтеу қағидалары және олардың үлгілік нысанын бекіту туралы» қағидасына сәйкес жүйе құраушы кәсіпорындармен елішілік құндылықты дамыту бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарларын бекіту және олардың орындалуын қамтамасыз ету бойынша тиісті жұмыстар жүргізу
10) Мемлекеттік органдар және жер қойнауын пайдаланушылардың тауарлары, жұмыстары, көрсетілетін қызметтерінің сатып алуларына мониторинг және талдау жұмыстарын жүргізеді.
11) Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2025 жылғы 27 тамыздағы №327 бұйрығымен бекітілген Қазақстандық тауар өндірушілердің тізілімін жүргізу қағидаларына сәйкес облыс аумағында қазақстандық тауар өндірушілер туралы мәліметтерді жинау, өзектендіру және мониторинг жүргізу, уәкілетті органмен және мүдделі ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау арқылы тізілімнің жүргізілуін қамтамасыз ету.
12) «Жүйеқұраушы кәсіпорындардың тізімін бекіту туралы» 2025 жылғы 11 қыркүйектегі ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің №357 бұйрығына сәйкес облыс көлеміндегі жүйеқұраушы кәсіпорындарының елішілік құндылықты дамыту бойынша атқарған жұмыстарына тоқсан сайын мониторинг жүргізіп, министрліктің бекіткен кестесіне сәйкес ақпаратты жинақтап, нәтижесін жергілікті қамтуды дамыту ұлттық агенттігі «Qazindustry» Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы» АҚ жолдануын қамтамасыз етеді.
13) Кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп, тауарөндірушілер мен бас мердігер компаниялар арасында келіссөздер жүргізу бағытында тиісті жұмыстар жүргізеді.
14) «Мектепке жол» республикалық акциясы аясында отандық тауар өндірушілердің қатысуымен мектеп формаларының жәрмеңкелерін ұйымдастыру
15)Өңірде ғылымды дамытудың басым бағыттарын айқындайды және өңірде іске асырылатын ғылыми және ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламаларды қаржыландыруды ұйымдастыруға қатысады.
16)Ғылым және ғылыми-техникалық қызмет саласында ұсыныстар әзірлеуге, мемлекеттік саясатты іске асыруға, сондай-ақ өңірде қолданбалы ғылыми зерттеулер жүргізу жөніндегі жұмысты үйлестіруге қатысады.
17)Ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру саласындағы мемлекеттік саясаттың облыс аумағында іске асырылуын қамтамасыз етеді.
18) Ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру жобаларын қаржыландыру үшін жеке кәсіпкерлік субъектілерінің гранттары мен инвестицияларын тартуға жәрдем көрсетеді, сондай-ақ оларды қоса қаржыландыруға қатысады.
19) Өнім шығаруды және жаңа технологияларды енгізуді жүзеге асыратын бірлескен өндірістер құру мақсатында жеке кәсіпкерлік субъектілерінің, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет субъектілерімен өзара іс-қимылын қамтамасыз ету жөніндегі шараларды жүзеге асырады.
20) Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің (оның ішінде шетелдік), квазимемлекеттік сектор субъектілерінің ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет субъектілерімен өзара іс-қимылын қамтамасыз ету үшін өңірде ғылым жөніндегі кеңестердің құрылуына және олардың қызметіне жәрдемдеседі.
21) Қызметі ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыруға бағытталған заңды тұлғаларды, оның ішінде стартап-компанияларды құруға және олардың жарғылық капиталына қатысуға жәрдем көрсетеді.
22) Ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыруға жәрдемдесу бағдарламаларының іске асырылуына мониторинг жүргізеді.
23) Уәкілетті органмен және салалық уәкілетті органдармен бірлесіп, ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыруды әдістемелік қамтамасыз етуге қатысады.
24) Ғылымды дамытудың басым бағыттары бойынша ұсыныстар әзірлейді және енгізеді.
25) Облыстың жергілікті атқарушы органының мемлекеттік тапсырысы шеңберінде қолданбалы ғылыми және ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламаларды әзірлеуді және олардың іске асырылуын ұйымдастырады.
26) Облыстың жергілікті атқарушы органының мемлекеттік тапсырысы шеңберінде орындалған қолданбалы ғылыми және ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламалар бойынша есептерді бекітуді ұйымдастырады.
27) Облыс әкімінің хаттамалық тапсырмаларының бөлімге қатысты сұрақтарының орындалуын ұйымдастырады және Қызылорда қаласы мен аудан әкімдіктерінің кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімдерімен жұмыс жүргізеді.
28) Облыс әкімінің ақпараттық веб – порталына, бұқаралық ақпарат құралдарына инвестиция тарту, индустриялық аймақтар құру және т.б. бөлім құзырына қатысты сұрақтар бойынша ақпарат жариялауды ұйымдастырады.
29) Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс, Ұлттық экономика, Сыртқы істер министрліктері және тағы басқа министрліктермен ақпарат алмасады.
30) Қазақстан Республикасының Үкіметінен, салалық министрлікпен басқа да министрліктерден, облыс әкімі мен облыс әкімі орынбасарларының хаттамалық шешімдерін орындайды, селекторлық мәжілістеріне ақпарат әзірлейді.
31) Өнеркәсіпті дамыту және қолдау бөлімі Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiне, Президентiнiң актiлерiне, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiне сәйкес өзiнiң негiзгi мiндеттерi мен функцияларын iске асыру үшiн қажеттi өкiлеттiктердi иеленедi.
32) Сот және құқық қорғау органдарында басқармадағы өз саласына қатысты мүддесін білдіреді, қорғау және басқарманың өкілі ретінде сот процестеріне қатысады және нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлейді.
33) жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілдерін тарта отырып, ведомствоаралық сипаттағы мәселелер бойынша консультациялық-кеңесшi органдар құруды қамтамасыз етеді.
Құқығы және мiндеттерi: Бөлім өзіне жүктелген міндеттерді іске асыру үшін және өзінің функцияларын жүзеге асыру үшін заңнамада белгіленген тәртіппен:
мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, олардың лауазымды адамдарынан қажетті ақпаратты және материалдарды сұратуға және алуға;
қолданыстағы заңнамалық актілерде көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқылы.
Мемлекеттiк органның құрылымдық бөлiмшесiнiң қызметiн ұйымдастыру
Бөлiм Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiне, Президентiнiң актiлерiне, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiне сәйкес өзiнiң негiзгi мiндеттерi мен функцияларын iске асыру үшiн қажеттi өкiлеттiктердi иеленедi.
Бөлімді Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен басқарма басшысы қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын басшы басқарады.
Бөлімінің басшысы бөлімнің қызметiне жалпы басшылықты жүзеге асырады және мемлекеттiк органның бөлімшесіне жүктелген мiндеттердiң орындалуы мен оның өз функцияларын жүзеге асыруы үшiн дербес жауапты болады.
Бөлім басшысы басқарма басшысына құрылымдық бөлiмшенiң құрылымы мен штаттық кестесi бойынша ұсыныстар бередi.
Бөлім басшысы бөлім қызметкерлерінің мiндеттерi мен өкiлеттiктерiн айқындайдап, басқарма басшысына ұсыныс береді.