Қызылорда облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басшсының 2026 жылғы «______» қаңтардағы №______
бұйрығына №3 қосымша
«Бекітемін»
Қызылорда облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп
басқармасы басшысы
___________М.С. Тәуіпбаева
КӘСІПКЕРЛІКТІ ЖӘНЕ САУДАНЫ ДАМЫТУ БӨЛІМІНІҢ
НЕГIЗГI МIНДЕТТЕРI МЕН ЕРЕЖЕЛЕРІ
Мiндетi: Кәсіпкерлік және сауда салаларын дамыту жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыру болып табылады.
Ережесі: Бөлім Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен келесідей қызметтерді атқарады
1) Қазақстан Республикасының Кодекстері, Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтары, Қазақстан Республикасы Заңдары, Қазақстан Республикасы Үкіметі мен облыс әкімдігі қаулылары, облыс әкімінің шешімдері, өкімдері, хаттамалық тапсырмалары және басқарма басшысының бұйрықтары, хаттамалық және басқа да тапсырмаларының орындалуын қамтамасыз етеді.
2) Қызылорда облысында кәсіпкерлік және сауда салаларын дамыту бағытында мемлекеттік саясатты жүзеге асырады, ұсыныстар әзірлейді және басым бағыттарын анықтайды.
3) Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау шараларын жүзеге асырады.
4) Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің кредиттері бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау, кепілдік беру құралдарын жүзеге асыру шараларын атқарады, қаржы агенттігі, екінші деңгейлі банктер және тиісті қаржы институттарымен қарым-қатынас орнатады.
5) Әлеуметтік кәсіпкерлік субъетілері үшін мемлекеттік гранттар беру, шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің жобаларына және индустриялық аймақтарға жетіспейтін инфрақұрылымды жүргізу бойынша мемлекеттік қызметтерін көрсетеді.
6) Кәсіпкерлік саласындағы мемлекеттік қолдау шараларын іске асыру бағытында облыс әкімдігі жанынан құрылған өңірлік үйлестіру кеңесі, конкурстық комиссия жұмыстарын ұйымдастырады.
7) Әлеуметтік кәсіпкерлікті қолдау бағытында дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғаларды (ірі кәсіпкерлік субъектілерін қоспағанда) әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізіліміне қосу жөніндегі шараларды атқарады, кеңес береді және арнаулы комиссия жұмысын ұйымдастырады.
8) «Қызылорда» Өңірлік инвестициялық орталығы» микроқаржылық ұйымы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің қызметіне, қаржыландырылған жобаларға талдау жұмыстарын жүргізеді.
9) Кәсіпкерлік саласын дамыту және қолдау бағытындағы өзге де мемлекеттік, өңірлік бағдарламаларды жүзеге асыруға қатысады.
10) Кәсіпкерлік саласын қаржылай емес қолдауды жүзеге асыру шараларына қатысады.
11) Кәсіпкерлік саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» акционерлік қоғамы және оның филиалы, «Аграрлық несие корпорациясы» акционерлік қоғамы және оның филиалы, «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы, өзге де кәсіпкерлік саласындағы даму институттары және жергілікті әкімдіктермен қарым-қатынас орнатады.
12) Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны, жұмыспен қамту, өнім шығару көлемі, жалпы өңірлік өнімдегі үлесін арттыру шараларын атқарады.
13) Мемлекеттiк бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын органдардың бизнес-қауымдастық алдындағы бірыңғай есеп беру күнін өткізуді ұйымдастырады.
14) Сауда қызметiне қолайлы жағдайлар жасау жөнiнде шаралар әзiрлейдi.
15) Түсті және қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын жинау (дайындау), сақтау, қайта өңдеу және өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыруға арналған екінші санаттағы рұқсат беру мемлекеттік қызметін жүзеге асырады.
16) Стационарлық сауда объектілерін дамыту жөніндегі іс-шаралар кешенін әзірлеуді және іске асыруды қамтамасыз етеді.
17) Стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын және (немесе) маршруттарын айқындауды және бекітуді ұйымдастырады.
18) Қызылорда облысы бойынша әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына баға белгілеудің бүкіл тізбегі бойынша делдалдық схемаларды тексеру жөніндегі комиссияның жұмысын үйлестіреді.
19) Географиялық нұсқама құқығын алу жұмыстарын үйлестіреді және оны коммерцияландыру шарттарын қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды жүзеге асырады.
20) Сауда кәсіпорындары және базарлар қызметін жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлейді.
21) Сауда базарларын жаңғырту бағытында тиісті шараларды атқарады.
22) Құқық қорғау органдарымен бірлесіп, сауда базарлары мен сауда үйлерінде терроризмге қарсы түсіндірме жұмыстарын жүргізеді.
23) Электронды коммерцияны (сауданы) дамыту бағытында тиісті шараларды атқарады.
24) Сауда саласындағы негізгі капиталға инвестиция тарту жұмыстарын атқарады.
25) Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің ішкі сауда субъектілеріне жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау шараларын көрсету қағидаларын жүзеге асыруға қатысады.
26) Қазақстан Республикасы Президентінің «Алтын сапа» сыйлығын алуға арналған конкурсқа және «Қазақстанның үздік тауары» республикалық көрме-конкурсына жергілікті тауар өндірушілердің қатысуын қамтамасыз ету үшін өңірлік деңгейде «Қазақстанның үздік тауары» көрме-байқауын ұйымдастырады және өткізеді.
27) Сауда саласын дамыту бағытында мемлекеттік қызметті көрсету және тиісті шараларды атқару үшін Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция, Әділет, Өнеркәсіп және құрылыс министрліктері, Қызылорда облысы бойынша Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау, Экология, Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау, Мемлекеттік кірістер және Әділет департаменттері, «Байқоңыр» Әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы» акционерлік қоғамы және жергілікті әкімдіктермен қарым-қатынас орнатады.
28) Қызылорда облысының даму жоспары және өзге де стратегиялық құжаттар аясында көзделген шағын және орта кәсіпкерлік, сауда салаларының негізгі көрсеткіштерінің өсімін қалыптастыру, нысаналы индикаторларға қолжеткізу бағытында шараларды атқарады.
29) Кәсіпкерлік және сауда салаларын дамыту бойынша қажетті есептіліктер, анықтама, өзге де материалдарды әзірлейді, тиісті іс-шараларды ұйымдастырады (жиын, кездесу, семинар, форум, көрме, тағы басқа), нормативтік құқықтық-актілерге және оған енгізілген өзгерістерге сәйкес ақпараттық-түсіндірме жұмыстарын жүргізеді.
30) Кәсіпкерлік және сауда салаларын дамыту мәселелері жөнінде жеке және заңды тұлғалардың жолданымдары, шағымдарын қолданыстағы заңнамаларға сәйкес қарап, жеке қабылдауды ұйымдастыру шараларын атқарады.
31) Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі жұмысты ұйымдастыруға, сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізуге қатысады, басқарманың тиісті бөліміне ақпаратты ұсынады.
32) Тауарлы-материалдық құндылықтардың түгендеу жұмыстарына қатысады, бөлімде құжаттардың сақталуына бақылау жасайды және жауапты болады, оларды мұрағатқа жіберу үшін белгіленген тәртіпке сәйкес рәсімдейді.
33) Реттеушілік әсерге баламалы талдау жүргізеді.
34) Жеке кәсіпкерліктің субъектілерінің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актілердің жобаларын қарау бойынша облыс әкімдігі жанындағы кеңес пен комиссияның жұмысын ұйымдастырады.
Құқығы және мiндеттерi: Бөлім өзіне жүктелген міндеттерді іске асыру үшін және өзінің функцияларын жүзеге асыру үшін заңнамада белгіленген тәртіппен:
мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, олардың лауазымды адамдарынан қажетті ақпаратты және материалдарды сұратуға және алуға;
қолданыстағы заңнамалық актілерде көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқылы.
Мемлекеттiк органның құрылымдық бөлiмшесiнiң қызметiн ұйымдастыру
Бөлiм Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiне, Президентiнiң актiлерiне, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiне сәйкес өзiнiң негiзгi мiндеттерi мен функцияларын iске асыру үшiн қажеттi өкiлеттiктердi иеленедi.
Бөлімді Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен басқарма басшысы қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын басшы басқарады.
Бөлімінің басшысы бөлімнің қызметiне жалпы басшылықты жүзеге асырады және мемлекеттiк органның бөлімшесіне жүктелген мiндеттердiң орындалуы мен оның өз функцияларын жүзеге асыруы үшiн дербес жауапты болады.
Бөлім басшысы басқарма басшысына құрылымдық бөлiмшенiң құрылымы мен штаттық кестесi бойынша ұсыныстар бередi.
Бөлім басшысы бөлім қызметкерлерінің мiндеттерi мен өкiлеттiктерiн айқындайдап, басқарма басшысына ұсыныс береді.