Қызылорда облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басшсының 2026 жылғы «______» қаңтардағы №______
бұйрығына №3 қосымша
«Бекітемін»
Қызылорда облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп
басқармасы басшысы
___________М.С. Тәуіпбаева
СЫРТҚЫ БАЙЛАНЫСТАР ЖӘНЕ ӘКІМШІЛІК БӨЛІМІНІҢ
НЕГIЗГI МIНДЕТТЕРI МЕН ЕРЕЖЕЛЕРІ
Мiндетi: Бөлімнің негізгі міндеті бөлім құзіретіне кіретін сұрақтар бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтары мен Қазақстан Республикасы Заңдарының, Қазақстан Республикасы Үкіметі мен облыс әкімдігінің қаулыларының және облыс әкімінің шешімдері мен өкімдерінің орындалуын жүзеге асыру болып табылады.
Ережесі: Бөлім Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен мынадай қызметтерді атқарады:
1) Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтары мен Қазақстан Республикасы Заңдарын, Қазақстан Республикасы Үкіметі мен облыс әкімдігі қаулыларын және облыс әкімінің шешімдері мен өкімдерін, сондай-ақ басқарма басшысының бұйрықтары мен орынбасар және бөлім басшысының тапсырмаларын орындау;
2) Халықаралық және өңіраралық байланыстарды арттыру, шетелдік инвестицияларды тарту және өнеркәсіптік кооперацияны дамыту мақсатында шет мемлекеттердің дипломатиялық өкілдіктерімен, халықаралық ұйымдармен және жеке компаниялармен өзара қарым-қатынастарды жергілікті деңгейде жүзеге асырады;
3) Шетелдік дипломатиялық корпус өкілдерінің және шетелдік инвесторлардың іссапарларын ұйымдастыру аясында қажетті анықтамалық, талдамалық ақпараттар әзірлейді және қажетті протоколдық іс-шараларды атқарады;
4) Облыс әкімінің және облыстық делегациялардың халықарылық және өңіраралық форумдарға, көрмелерге және бизнес кездесулерге қатысу мақсатында алыс және жақын шет мемлекеттерге жұмыс сапарларын ұйымдастырады;
5) Өңіраралық ынтымақтастықты дамыту және инвестициялық жобаларды жүзеге асыру мақсатында тиіст меморандумдардың, келісімдердің жобаларын әзірлейді және мониторинг жұмыстарын жүргізеді;
6) Өңірге шетелдік инвестор тарту мақсатында облыстың инвестициялық әлеуетіне талдау жүргізеді, презентациялық материалдар әзірлейді және шетел тілдеріне аударылуын қамтамасыз етеді;
7) Шетелдік инвесторларға ұсыну мақсатында облыста жүзеге асырылу әлеуеті зор инвестициялық жобалар тизерін әзірлейді және шетел тілдеріне аударылуын қамтамасыз етеді;
8) Шетелдіктерді қабылдауды ұйымдастыру және халықаралық байланыстарды жүзеге асыру кезінде құпиялылық режимді сақтау бойынша тиісті шараларды қабылдайды;
9) «Қазақстан Республикасының инвестициялық саясатының 2029 жылға дейінгі тұжырымдамасын бекіту» туралы Қазақстан Республикасының 2024 жылғы 18 қазандағы №868 қаулысына сәйкес бекітілген іс-шаралар жоспарының орындалуы туралы ақпаратты ұсынады;
10) ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары төрағалығымен өтетін Инвестициялық штаб отырысына қажетті мәліметтер әзірлейді;
11) Облыстың сыртқы сауда айналымына, оның ішінде шикізаттық емес экспорт көлеміне мониторинг, талдау және ілгерілету бойынша жұмыстарды іске асырады;
12) Өнделген өнімдердің экспортын ілгерілету мақсатында «КазТрейд» Сауда саясатын дамыту орталығы» АҚ, «КазахЭкспорт» экспорттық сақтандыру компаниясы» АҚ-мен бірлесіп тиісті жұмыстарды жүргізеді;
13) Басқарма басшысына қызметкерлерге марапаттау немесе тәртіптік шара көру туралы ұсыныс енгізеді;
14) Басқарманың персоналды басқару (кадр) жұмыстарын жүргізеді, қызметшілердің жеке істерін, еңбек кітапшаларына қажетті жазбалар енгізеді, әскери есепке алу, заңда белгіленген шектеулерді қабылдауды және ант беру рәсімін ұйымдастырады;
15) Басқарма басшысының бұйрықтарын рәсімдейді;
16) Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігінің Қызылорда облысы бойынша басқармасына тоқсандық, жылдық есептер береді;
17) Мемлекеттік қызметші теріс қылық жасаған жағдайда қызметтік тексеру жүргізіп, құжаттарын әзірлеп, тәртіптік комиссияның қарауына ұсынады.
18) Мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің мемлекеттік қызметтегі еңбек өтілін анықтайды.
19) Мемлекеттік қызметшілерді оқытуды, қайта даярлауды және олардың біліктілігін арттыруды ұйымдастырады.
20) Басқарманың мемлекеттік қызметшілерінің мониторингін жасайды.
21) Мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға қойылатын біліктілік талаптары мен лауазымдық нұсқаулықтарды әзірлейді.
22) Төтенше жағдайлар кезінде жұмылдыру дайындығы барысында облыстық сауда қызметтерінің, атап айтқанда: «Жанар-жағармаймен қамтамасыз ету», «Ыстық тамақпен қамтамасыз ету», «Сауда» қызметтерінің жұмыстарын басшылық жасайды.
23) Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі жұмысты ұйымдастыруға, сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізуге және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою жөніндегі шаралар қабылдайды.
24) Басқарманың атқарылған жұмыстар мен алда тұрған міндеттері және жеткен жетістіктері туралы жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында тұрақты түрде мақалалар, бейне-сюжеттердің шығарылуын ұйымдастырады.
25) Басқарманың құжат айналымын қалыпты жұмыс жасауын қаматамасыз ету, басқарманың бақылауға қойылған құжаттардың, мерзімінде және толыққанды жауап берілуін қамтамасыз етеді және басқарманың ақпараттық технологияларды қолдану және жаңалау бағытында басқарма басшылығына ұсыныстар береді.
26) Азаматтық институттарды нығайту, қоғамдық бірлестіктер мен үкіметтік емес ұйымдармен қарым-қатынасты нығайту, сонымен қатар басқармаға азаматтардан, мекемелерден келіп түскен арыз-шағымдардың жұмысын, сенім телефоны, арыз шағым жәшігі жұмыстарын үйлестіру, басқарма басшыларының азаматтардың жеке қабылдауын ұйымдастырады.
27) Басқармаға жеке және заңды тұлғалардан келіп түскен арыз-шағымдарының мерзімінде және толыққанды жауап берілуін қамтамасыз етеді.
28) 1-ОЛ және «Айқын» бағдарламасы бойынша есептемелерді әзірлеу және мерзімінде орындалуын қадағалайды.
29) Басқарманың істер номенклатурасын қалыптастыруға басшылық жасайды, «Қызмет бабында пайдалану (ДСП)» белгісі бар құжаттардың жүргізілуіне жауапты болады.
30) Басқарманың мұрағаттық құжаттарын сараптамалық комиссияда қаралуын ұйымдастырады және уәкілетті органға сақтауға өткізу бойынша тиісті жұмыстарды жүргізеді.
31) Жаңадан енгізілген қаржыландыру жылдарына арналған бюджеттік бағдарламасын әзірлейді, өзгеріс енгізуге ұсыныстар береді және бюджеттік өтінімдерді дайындап, басшылыққа бекіту үшін ұсынады.
32) Басқарманың қызметкерлеріне айлық жалақысын есептеу, «Мемлекеттік сатып алу туралы» ҚР заңына сәйкес жоспарлауды, бухгалтерлік есеп пен есеп беруді жүргізуге тиісті орындаушыларымен шарттарды құрастыруды ұйымдастырады.
33) Басқармаға тиесілі мүліктің есебін жүргізеді, қызметкерлерге қажетті кеңселік құрал-жабдықтарды беру мен сатып алу жұмыстарын жүргізеді, моральдық және физикалық тұрғыда тозығы жеткен тауарлы-материалдық құндылықтарды есептен шығару, жою жұмыстарын үйлестіреді.
34) Өз құзіреті шегінде басқарма басшылығының өзге де тапсырмаларын орындайды.
Құқығы және мiндеттерi: Бөлім өзіне жүктелген міндеттерді іске асыру үшін және өзінің функцияларын жүзеге асыру үшін заңнамада белгіленген тәртіппен:
мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, олардың лауазымды адамдарынан қажетті ақпаратты және материалдарды сұратуға және алуға;
қолданыстағы заңнамалық актілерде көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқылы.
Мемлекеттiк органның құрылымдық бөлiмшесiнiң қызметiн ұйымдастыру
Бөлiм Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiне, Президентiнiң актiлерiне, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiне сәйкес өзiнiң негiзгi мiндеттерi мен функцияларын iске асыру үшiн қажеттi өкiлеттiктердi иеленедi.
Бөлімді Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен басқарма басшысы қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын басшы басқарады.
Бөлімінің басшысы бөлімнің қызметiне жалпы басшылықты жүзеге асырады және мемлекеттiк органның бөлімшесіне жүктелген мiндеттердiң орындалуы мен оның өз функцияларын жүзеге асыруы үшiн дербес жауапты болады.
Бөлім басшысы басқарма басшысына құрылымдық бөлiмшенiң құрылымы мен штаттық кестесi бойынша ұсыныстар бередi.
Бөлім басшысы бөлім қызметкерлерінің мiндеттерi мен өкiлеттiктерiн айқындайдап, басқарма басшысына ұсыныс береді.