Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының 2025 жылдың
II жартыжылдығы бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің есебі
Басқарма ҚР Үкіметінің 17.09.2024 ж. № 754 қаулысының негізінде кәсіпкерлікті қаржылай қолдау мақсатында мемлекеттік гранттар беру, кәсіпкерлік нысандарға қажетті инфрақұрылымдарды жеткізу және түсті және қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын жинау (дайындау), сақтау, қайта өңдеу және өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыруға рұқсат беру мемлекеттік қызметтерінің өңірлік үйлестірушісі болып табылады.
Кәсіпкерлік жобаны іске асыруға бағытталған мемлекеттік гранттар беру бойынша конкурстық іріктеуді ағымдағы жылдың II-жарты жылдығында өткізу жоспарланған.
Ал, инженерлік инфрақұрылымды жеткізу құралы аясында биыл 2 жобаға жергілікті бюджеттен 249,2 млн теңге бөлінді.
Сонымен қатар, түсті және қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын жинау (дайындау), сақтау, қайта өңдеу және өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыруға рұқсат беру бойынша бүгінгі күнге дейін 4 заңды тұлғаға рұқсат берілді.
Басқарманың жер қойнауын пайдалану бөлімімен онлайн форматта электронды портал арқылы 4 түрлі мемлекеттік қызмет көрсетілуде.
Бұл қызмет түрі Көмірсутек шикізаты мен уранды қоспағанда, жер қойнауын пайдалану саласындағы мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы және "Кен іздеушілікке арналған лицензияларды беруге өтініштерді беру және қарау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 17 мамырдағы № 339 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2020 жылғы 30 мамырдағы № 323 бұйрығымен бекітілген тәртіппен жүргізіледі. ;
Жүргізу тәртібі «Пайдалы қазбалар жатқан аумақтарда құрылыс салуға рұқсат беру қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 23 мамырдағы № 367 бұйрығымен бекітілген.
Ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығында басқармамен 40 мемлекеттік қызмет түрі көрсетілді:
- Кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндіруге жер қойнауын пайдалану құқығының кепіл шартын тіркеу – 2 қызмет;
- Болашақ құрылыс учаскесі астындағы жер қойнауында пайдалы қазбалардың жоқ немесе оның аз мөлшерде екендігі туралы қорытынды беру – 37 қызмет,
Кен іздеушілікке арналған лицензияны беру – 1 қызмет.