Әкімшілік бақылау бөлімінің ережесі

ӘКІМШІЛІК БАҚЫЛАУ БӨЛІМІНІҢ НЕГIЗГI МIНДЕТТЕРI МЕН ЕРЕЖЕЛЕРІ

Мiндетi: Бөлімнің негізгі міндеті бөлім құзіретіне кіретін сұрақтар бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтары мен Қазақстан Республикасы Заңдарының, Қазақстан Республикасы Үкіметі мен облыс әкімдігі қаулыларының және облыс әкімінің шешімдері мен өкімдерінің орындалуын жүзеге асыру болып табылады.

Ережесі: Бөлім Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен мынадай қызметтерді атқарады:

1) Басқарма басшысына қызметкерлерге марапаттау немесе тәртіптік шара  көру туралы ұсыныс енгізеді.

2) Басқарманың персоналды басқару (кадр) жұмыстарын жүргізеді.

3) Басқарма басшысының бұйрықтарын рәсімдейді.

4) Мемлекеттік қызметшілердің жеке істерін жүргізу, еңбек кітапшаларына  қажетті жазбалар енгізеді.

5) Мемлекеттік қызметшілердің заңда белгіленген шектеулерді қабылдауы туралы келісімін  жазбаша нысанда белгілейді.

6) Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігінің Қызылорда облысы бойынша басқармасына тоқсандық, жылдық есептер береді.

7) Мемлекеттік қызметші теріс қылық жасаған жағдайда қызметтік тексеру жүргізіп, құжаттарын әзірлеп, тәртіптік комиссияның қарауына ұсынады.

8) Аттестациялаудан өтетін қызметшілердің тізімін, аттестация өткізу  мерзімі және аттестация комиссиясының құрамын анықтап, аттестациядан өткізу құжаттарын рәсімдеу. Мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің мемлекеттік қызметтегі еңбек өтілін анықтайды.

9) Мемлекеттік қызметшілерді оқытуды, қайта даярлауды және олардың біліктілігін арттыруды  ұйымдастырады.

10) Басқарманың мемлекеттік қызметшілерінің мониторингін жасайды.

11) Мемлекеттік қызметке тұңғыш рет қабылданған қызметшілердің  ант беру рәсімін ұйымдастырады.

12) Мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға қойылатын біліктілік талаптары мен лауазымдық нұсқаулықтарды әзірлейді.

13) Бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға өткізілетін конкурс  материалдарын рәсімдеп, конкурс өткізілуін ұйымдастырады.

14) Әкімшілік құқық бұзушылық жайында акпарат тиісті органдарға тапсырады.

15) Жаңадан енгізілген қаржыландыру жылдарына арналған бюджеттік бағдарламасын әзірлейді, өзгертіп енгізеді.

16) Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтары мен Қазақстан Республикасы Заңдарының, Қазақстан Республикасы Үкіметі мен облыс әкімдігі қаулыларының және облыс әкімінің шешімдері мен өкімдерінің орындалуын жүзеге асырады.

17) «AMANAT» партиясының «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» сайлауалды Республикалық және Қызылорда облысы бойынша жол картасын іске асыру үшін жобалық басқару жүйесіне ақпаратты жолдау.

18) Төтенше жағдайлар кезінде, терроризмге қарсы жұмыс және жұмылдыру дайындығы барысында облыстық сауда қызметтерінің, атап айтқанда: «Жанар-жағармаймен қамтамасыз ету», «Ыстық тамақпен қамтамасыз ету», «Сауда» қызметтерінің жұмыстарын  басшылық жасайды.

19) Жеке кәсіпкерліктің субъектілерінің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актілердің жобаларын қарау бойынша облыс әкімдігі жанындағы кеңес пен комиссияның жұмысын ұйымдастырады

20) Реттеушілік әсерге баламалы талдау жүргізеді.

21) Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі жұмысты ұйымдастыруға, сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізуге және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою жөніндегі шаралар қабылдайды.

22) Басқарманың құжат айналымын қалыпты жұмыс жасауын қаматамасыз ету, басқарманың бақылауға қойылған құжаттардың, мерзімінде және толыққанды жауап берілуін қамтамасыз етеді және  басқарманың ақпараттық технологияларды қолдану және жаңалау бағытында басқарма басшылығына ұсыныстар береді.

23) Басқарма қызметкерлерінің әскери есепке алу және арнайы жұмыстарды жүргізеді.

24) Басқарманың атқарылған жұмыстар мен алда тұрған міндеттері және жеткен жетістіктері туралы жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында тұрақты түрде мақалалар, бейне-сюжеттердің шығарылуын ұйымдастырады.

25) ҚР Мемлекеттік рәміздерін насихаттау бойынша шараларды жүзеге асырады.

26) Қазақстан Республикасының Гендерлік теңдік стратегиясын жүзеге асырады.

27) Азаматтық институттарды нығайту, қоғамдық бірлестіктер мен үкіметтік емес ұйымдармен қарым-қатынасты нығайту, сонымен қатар басқармаға азаматтардан, мекемелерден келіп түскен арыз-шағымдардың жұмысын, сенім телефоны, арыз шағым жәшігі жұмыстарын үйлестіру, басқарма басшыларының азаматтардың жеке қабылдауын ұйымдастырады.

28) Басқармаға жеке және заңды тұлғалардан келіп түскен арыз-шағымдарының мерзімінде және толыққанды жауап берілуін қамтамасыз етеді.

29) 1-ОЛ және «Айқын» бағдарламасы бойынша есептемелерді әзірлеу және мерзімінде орындалуын қадағалайды.

30) Басқарманың сыбайлас жемқорлыққа, терроризмге қарсы күрес, құқықтық оқу бойынша бағдарламаларының толыққанды орындалуын қамтамасыз етеді, «Мемлекеттік сатып алу туралы» ҚР заңына сәйкес жоспарлауды, есеп пен есеп беруді жүргізуге тиісті орындаушыларымен шарттарды құрастыруды, хаттамаларды рәсімделуіне бақылау жасайды.

31) Басқарманың істер номенклатурасын қалыптастыруға басшылық жасайды, «Қызмет бабында пайдалану (ДСП)» белгісі бар құжаттардың жүргізілуіне жауапты болады.

32) Сот және құқық қорғау органдарында басқармадағы өз саласына қатысты   мүддесін білдіреді, қорғау және басқарманың өкілі ретінде сот процестеріне қатысады және нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлейді.

33) Өз құзіреті шегінде басқарма басшылығының өзге де тапсырмаларын орындау.

Құқығы және мiндеттерi: Бөлім өзіне жүктелген міндеттерді іске асыру үшін және өзінің функцияларын жүзеге асыру үшін заңнамада белгіленген тәртіппен:

мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, олардың лауазымды адамдарынан қажетті ақпаратты және материалдарды сұратуға және алуға;

қолданыстағы заңнамалық актілерде көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқылы.

Мемлекеттiк органның құрылымдық бөлiмшесiнiң қызметiн ұйымдастыру

Бөлiм Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiне, Президентiнiң актiлерiне, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiне сәйкес өзiнiң негiзгi мiндеттерi мен функцияларын iске асыру үшiн қажеттi өкiлеттiктердi иеленедi.

Бөлімді Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен басқарма басшысы қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын басшы басқарады.

Бөлімінің басшысы бөлімнің қызметiне жалпы басшылықты жүзеге асырады және мемлекеттiк органның бөлімшесіне жүктелген мiндеттердiң орындалуы мен оның өз функцияларын жүзеге асыруы үшiн дербес жауапты болады.

Бөлім басшысы басқарма басшысына құрылымдық бөлiмшенiң құрылымы мен штаттық кестесi бойынша ұсыныстар бередi.

Бөлім басшысы бөлім қызметкерлерінің мiндеттерi мен өкiлеттiктерiн айқындайдап, басқарма басшысына ұсыныс береді.

 

Дата публикации
07 февраля 2025