«КӘСІПКЕРЛІКТІ ДАМЫТУ ЖӘНЕ ҚОЛДАУ» БӨЛІМІНІҢ ЕРЕЖЕСІ
Мiндетi: Бөлімнің негізгі міндеті кәсіпкерлік салаласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру және дамыту болып табылады.
Ережесі: Бөлім Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен мынадай қызметтерді атқарады:
1) Қазақстан Республикасының кодекстері, Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтары, Қазақстан Республикасы Заңдары, Қазақстан Республикасы Үкіметі мен облыс әкімдігі қаулылары, облыс әкімінің шешімдері, өкімдері, хаттамалық тапсырмалары, басқарма басшысының бұйрықтары және өзге де тапсырмаларының орындалуын жүзеге асырады.
2) Кәсіпкерлікті дамыту және қолдау бағыттарында мемлекеттік саясатты жүзеге асырады, ұсыныстар әзірлейді және басым бағыттарын анықтайды.
3) Мемлекеттік қолдауға жататын жеке кәсіпкерлік субъектілері қызметін жүзеге асыратын экономика салаларын мемлекеттік қаржылық қолдау шараларын жүзеге асырады.
4) Әлеуметтік кәсіпкерлік субъетілері үшін мемлекеттік гранттар беру, инженерлік инфрақұрылымды жүргізу мемлекеттік қызметтерін көрсетуді жүзеге асырады.
5) Шағын және орта бизнестің несиесі бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау, несие бойынша ішінара кепілдіктер беру құралдарының іске асырылуы бағытында шараларды атқарады, қаржы агенттігі және екінші деңгейлі банктермен қарым-қатынас орнатады.
6) Кәсіпкерлік саласындағы мемлекеттік қолдау шараларын іске асыру бағытында облыс әкімдігі жанынан құрылған өңірлік үйлестіру кеңесі, конкурстық комиссия жұмыстарын ұйымдастырады.
7) Әлеуметтік кәсіпкерлікті қолдау бағытында дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғаларды (ірі кәсіпкерлік субъектілерін қоспағанда) әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізіліміне енгізу, арнаулы комиссия жұмысын ұйымдастыру шараларын атқарады.
8) Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі жұмысты ұйымдастыруға, сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізуге қатысады, басқарманың тиісті бөліміне ақпаратты ұсынады.
9) Облысты әлеуметтік экономикалық дамыту бағытындағы қабылданған стратегиялық құжаттардың кәсіпкерлік бағытындағы шараларын іске асырады, есептіліктерін әзірлейді.
10) Шағын және орта кәсіпкерлік саласын қолдау бағытындағы өзге де бағдарламаларды іске асыруға қатысады.
11) Қаржы институттарының, жергілікті бюджет қорларының қаражаттарын тарта отырып, кәсіпкерлік қызметке қаржылық және кеңес беру бағытындағы көмек көрсетуді ұйымдастырады.
12) Бизнесті жүргізудің жеңілдігі бойынша рейтинг жұмыстарын жүргізуге қатысады.
13) Басқарма басшылығына қажеттілік шегінде анықтамаларды және өзге де ақпараттарды, есептерді, баяндамаларды ұсынады.
14) Бөлімнің құзырына кіретін мәселелер бойынша жиналыстар, конференциялар мен басқа да іс-шараларды ұйымдастыруға қатысады және өткізеді.
15) «Экономикадағы орта кәсіпкерліктің үлесі (ЖІӨ-дегі ЖҚҚ пайызбен)» көрсеткішінің жыл сайынғы болжамдарын әзірлейді және бекітілген жоспарға қол жеткізу бағытында Қызылорда қаласы және аудандар әкімдіктері, өзге де мекемелермен тиісті жұмысты жүргізеді.
16) «Қызылорда» Өңірлік инвестициялық орталығы» микроқаржылық ұйымы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінең қызметіне, қаржыландырылған жобаларға талдау жұмыстарын жүргізеді.
17) Бірыңғай есеп беру күнін ұйымдастыру мен өткізуді жүзеге асырады.
Құқығы және мiндеттерi: Бөлім өзіне жүктелген міндеттерді іске асыру үшін және өзінің функцияларын жүзеге асыру үшін заңнамада белгіленген тәртіппен:
мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, олардың лауазымды адамдарынан қажетті ақпаратты және материалдарды сұратуға және алуға;
қолданыстағы заңнамалық актілерде көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқылы.
Мемлекеттiк органның құрылымдық бөлiмшесiнiң қызметiн ұйымдастыру
Бөлiм Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiне, Президентiнiң актiлерiне, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiне сәйкес өзiнiң негiзгi мiндеттерi мен функцияларын iске асыру үшiн қажеттi өкiлеттiктердi иеленедi.
Бөлімді Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен басқарма басшысы қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын басшы басқарады.
Бөлімінің басшысы бөлімнің қызметiне жалпы басшылықты жүзеге асырады және мемлекеттiк органның бөлімшесіне жүктелген мiндеттердiң орындалуы мен оның өз функцияларын жүзеге асыруы үшiн дербес жауапты болады.
Бөлім басшысы басқарма басшысына құрылымдық бөлiмшенiң құрылымы мен штаттық кестесi бойынша ұсыныстар бередi.
Бөлім басшысы бөлім қызметкерлерінің мiндеттерi мен өкiлеттiктерiн айқындайдап, басқарма басшысына ұсыныс береді.