Инвестиция тарту және сыртқы байланыстар бөлімінің ережесі

ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТУ ЖӘНЕ СЫРТҚЫ БАЙЛАНЫСТАР НЕГIЗГI МIНДЕТТЕРI МЕН ЕРЕЖЕЛЕРІ


Мiндетi: Бөлімнің негізгі міндеті бөлім құзіретіне кіретін сұрақтар бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтары мен Қазақстан Республикасы Заңдарының, Қазақстан Республикасы Үкіметі мен облыс әкімдігінің қаулыларының және облыс әкімінің шешімдері мен өкімдерінің орындалуын жүзеге асыру болып табылады.


Ережесі:
1) Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтары мен Қазақстан Республикасы Заңдарын, Қазақстан Республикасы Үкіметі мен облыс әкімдігі қаулыларын және облыс әкімінің шешімдері мен өкімдерін, сондай-ақ басқарма басшысының бұйрықтары мен орынбасар және бөлім басшысының тапсырмаларын орындау;


2) Халықаралық және өңіраралық байланыстарды арттыру, шетелдік инвестицияларды тарту және өнеркәсіптік кооперацияны дамыту мақсатында шет мемлекеттердің дипломатиялық өкілдіктерімен, халықаралық ұйымдармен және жеке компаниялармен өзара қарым-қатынастарды жергілікті деңгейде жүзеге асырады;


3) Шетелдік дипломатиялық корпус өкілдерінің және шетелдік инвесторлардың іссапарларын ұйымдастыру аясында қажетті анықтамалық, талдамалық ақпараттар әзірлейді және қажетті протоколдық іс-шараларды атқарады;


4) Облыс әкімінің және облыстық делегациялардың халықарылық және өңіраралық форумдарға, көрмелерге және бизнес кездесулерге қатысу мақсатында алыс және жақын шет мемлекеттерге жұмыс сапарларын ұйымдастырады;


5) Өңіраралық ынтымақтастықты дамыту және инвестициялық жобаларды жүзеге асыру мақсатында тиіст меморандумдардың, келісімдердің жобаларын әзірлейді және мониторинг жұмыстарын жүргізеді;


6) Шетелдіктерді қабылдауды ұйымдастыру және халықаралық байланыстарды жүзеге асыру кезінде құпиялылық режимді сақтау бойынша тиісті шараларды қабылдайды;


7) «Қазақстан Республикасы инвестициялық саясатының 2026 жылға дейінгі тұжырымдамасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының 2022 жылғы 15 шілдедегі №482 қаулысына сәйкес бекітілген іс-шаралар жоспарының орындалуы туралы ақпаратты ұсынады;


8) ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары төрағалығымен өтетін Инвестициялық штаб отырысына қажетті мәліметтер әзірлейді;


9) Облыстың сыртқы сауда айналымына, оның ішінде шикізаттық емес экспорт көлеміне мониторинг, талдау және ілгерілету бойынша жұмыстарды іске асырады;


10) Өнделген өнімдердің экспортын ілгерілету мақсатында «КазТрейд» Сауда саясатын дамыту орталығы» АҚ, «КазахЭкспорт» экспорттық сақтандыру компаниясы» АҚ-мен бірлесіп тиісті жұмыстарды жүргізеді;


11) «Бизнеске арналған Үкімет» КММ-нің қызметіне, іске асырылатын жобаларға талдау жұмыстарын жүргізеді.


12) Сот және құқық қорғау органдарында басқармадағы өз саласына қатысты мүддесін білдіреді, қорғау және басқарманың өкілі ретінде сот процестеріне қатысады және нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлейді.


Құқығы және мiндеттерi: Бөлім өзіне жүктелген міндеттерді іске асыру үшін және өзінің функцияларын жүзеге асыру үшін заңнамада белгіленген тәртіппен:
мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, олардың лауазымды адамдарынан қажетті ақпаратты және материалдарды сұратуға және алуға;

қолданыстағы заңнамалық актілерде көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқылы.

Мемлекеттiк органның құрылымдық бөлiмшесiнiң қызметiн ұйымдастыру
Бөлiм Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiне, Президентiнiң актiлерiне, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiне сәйкес өзiнiң негiзгi мiндеттерi мен функцияларын iске асыру үшiн қажеттi өкiлеттiктердi иеленедi.
Бөлімді Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен басқарма басшысы қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын басшы басқарады.
Бөлімінің басшысы бөлімнің қызметiне жалпы басшылықты жүзеге асырады және мемлекеттiк органның бөлімшесіне жүктелген мiндеттердiң орындалуы мен оның өз функцияларын жүзеге асыруы үшiн дербес жауапты болады.
Бөлім басшысы басқарма басшысына құрылымдық бөлiмшенiң құрылымы мен штаттық кестесi бойынша ұсыныстар бередi.
Бөлім басшысы бөлім қызметкерлерінің мiндеттерi мен өкiлеттiктерiн айқындайдап, басқарма басшысына ұсыныс береді.

Дата публикации
06 февраля 2025