Өнеркәсіпті дамыту және қолдау бөлімінің ережесі

«ӨНЕРКӘСІПТІ ДАМЫТУ ЖӘНЕ ҚОЛДАУ» НЕГIЗГI МIНДЕТТЕРI МЕН ЕРЕЖЕЛЕРІ
 
Мiндетi: Бөлімнің негізгі міндеті бөлім құзіретіне кіретін сұрақтар бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтары мен Қазақстан Республикасы Заңдарының, Қазақстан Республикасы Үкіметі мен облыс әкімдігінің қаулыларының және облыс әкімінің шешімдері мен өкімдерінің орындалуын жүзеге асыру   болып табылады.
 
Ережесі: Бөлім Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен мынадай қызметтерді атқарады:
 
1) «Өнеркәсіп көлемі», «Өңдеу өнеркәсібінің көлемі», «Негізгі капиталға тартылған инвестиция», «Тікелей шетелдік инвестиция», «Негізгі капиталға тартылған инвестицияның өсімі 2019 жылмен салыстырғанда», «Өңдеу өнеркәсібіне тартылған инвестиция» көрсеткіштерінің жыл сайынғы болжамдарын әзірлейді және бекітілген жоспарға қол жеткізу бағытында Қызылорда қаласы және аудан әкімдіктерімен, басқармалар және департаменттермен, квазисекторлық мекеме филиалдарымен және кәсіпорындармен  жұмыс жүргізеді.
 
2) Аудандар мен Қызылорда қаласындағы индустриялық аймақтардың жағдайына, толтырылуына, жобалардың іске асырылу барысына талдау жүргізеді.
 
3) Индустриялық аймақтардың басқарушы компаниясының жұмысын үйлестіреді. 
 
4) Облыс көлеміндегі жүйеқұраушы кәсіпорындарының қазақстандық мазмұнды дамыту бойынша атқарған жұмыстарына тоқсан сайын мониторинг жүргізіп, министрліктің бекіткен кестесіне сәйкес ақпаратты жинақтап, нәтижесін жергілікті қамтуды дамыту ұлттық агенттігі «Qazindustry» Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы» АҚ жолдануын қамтамасыз етеді.
 
5) Облыстағы 7 аудан және Қызылорда қаласының өнеркәсіп саласының дамуына талдау жасап, мониторинг жүгізеді.
 
6) Өнеркәсіп саласындағы кәсіпорындардағы жұмысшылардың жұмыстан қысқаруына, өңдеу өнеркәсібіндегі кәсіпорындарында жаңа өндірістердің және жаңа жұмыс орындарының ашылуына  мониторинг жүргізеді.
 
7) Облыстағы өнеркәсіп саласында жұмыс атқаратын ірі, орта және шағын кәсіпорындардың жұмыс барысына, шығарылған өнім көлеміне ай сайын, тоқсан сайын талдаулар жасап, мониторинг жұмыстарын жүргізіп, тиісті ұсыныстар дайындайды.
 
8) Облыс аумағында өндiрiлетiн тауарлардың және тауар өндiрушiлердiң тiзбесiн қалыптастырады.
 
9) Өндірістік жұмыс барысында цифрлық технологияны қолдануы (ендіруі) бойынша мониторинг жүргізіп отырады.
 
10) Жергілікті тауар өндірушілерді қолдау, өңірлік және халықаралық серіктестермен өндірістік ынтымақтастықты кеңейту мақсатында тиісті іс-шараларды (көрмелер, жәрмеңкелер) ұйымдастыруға жәрдем көрсетеді.
 
11) «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлік палатасымен бірлесіп жергілікті қамтуды дамыту мақсатында тауар-жұмыс-қызмет сатып алу кезінде отандық тауар өндірушілерді қолдау бағытында тиісті жұмыстарды атқарады.
 
12) «Елішілік құндылықты және экспортқа бағытталған өндірістерді дамытудың 
2023-2026 жылдарға арналған Қызылорда облысы бойынша бағдарламасын» іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалуына тиісті жұмыс жасайды.
 
13) Мемлекеттік органдар және жер қойнауын пайдаланушылардың тауарлары, жұмыстары, көрсетілетін қызметтерінің сатып алуларына мониторинг және талдау жұмыстарын жүргізеді.
 
14) Кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп, тауарөндірушілер мен бас мердігер компаниялар арасында келіссөздер жүргізу бағытында тиісті жұмыстар жүргізеді.
 
15) Облыс әкімінің хаттамалық тапсырмаларының бөлімге қатысты сұрақтарының орындалуын ұйымдастырады және Қызылорда қаласы мен аудан әкімдіктерінің кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімдерімен жұмыс жүргізеді.
 
16) Облыс әкімінің ақпараттық веб – порталына, бұқаралық ақпарат құралдарына инвестиция тарту, индустриялық аймақтар құру және т.б. бөлім құзырына қатысты сұрақтар бойынша ақпарат жариялауды ұйымдастырады.
 
17) Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс, Ұлттық экономика, Сыртқы істер министрліктері және тағы басқа министрліктермен ақпарат алмасады.
 
18) Қазақстан Республикасының Үкіметінен, салалық министрлікпен басқа да министрліктерден, облыс әкімі мен облыс әкімі орынбасарларының хаттамалық шешімдерін орындайды, селекторлық мәжілістеріне ақпарат әзірлейді.
 
19) Өнеркәсіпті дамыту және қолдау бөлімі Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiне, Президентiнiң актiлерiне, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiне сәйкес өзiнiң негiзгi мiндеттерi мен функцияларын iске асыру үшiн қажеттi өкiлеттiктердi иеленедi.
 
20) Сот және құқық қорғау органдарында басқармадағы өз саласына қатысты   мүддесін білдіреді, қорғау және басқарманың өкілі ретінде сот процестеріне қатысады және нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлейді. 
 
21) жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілдерін тарта отырып, ведомствоаралық сипаттағы мәселелер бойынша консультациялық-кеңесшi органдар құруды қамтамасыз етеді.
 
Құқығы және мiндеттерi: Бөлім өзіне жүктелген міндеттерді іске асыру үшін және өзінің функцияларын жүзеге асыру үшін заңнамада белгіленген тәртіппен:
мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, олардың лауазымды адамдарынан қажетті ақпаратты және материалдарды сұратуға және алуға;
қолданыстағы заңнамалық актілерде көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқылы.
Мемлекеттiк органның құрылымдық бөлiмшесiнiң қызметiн ұйымдастыру
Бөлiм Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiне, Президентiнiң актiлерiне, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiне сәйкес өзiнiң негiзгi мiндеттерi мен функцияларын iске асыру үшiн қажеттi өкiлеттiктердi иеленедi.
Бөлімді Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен басқарма басшысы қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын басшы басқарады.
Бөлімінің басшысы бөлімнің қызметiне жалпы басшылықты жүзеге асырады және мемлекеттiк органның бөлімшесіне жүктелген мiндеттердiң орындалуы мен оның өз функцияларын жүзеге асыруы үшiн дербес жауапты болады.
Бөлім басшысы басқарма басшысына құрылымдық бөлiмшенiң құрылымы мен штаттық кестесi бойынша ұсыныстар бередi.
Бөлім басшысы бөлім қызметкерлерінің мiндеттерi мен өкiлеттiктерiн айқындайдап, басқарма басшысына ұсыныс береді.
 
Дата публикации
06 февраля 2025