Жер қойнауын пайдалану бөлімінің ережесі

«ЖЕР ҚОЙНАУЫН ПАЙДАЛАНУ» НЕГIЗГI МIНДЕТТЕРI МЕН ЕРЕЖЕЛЕРІ

Мiндетi: Бөлімнің негізгі міндеті бөлім құзіретіне кіретін сұрақтар бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтары мен Қазақстан Республикасы Заңдарының, Республикасының Кодекстерінің, Қазақстан Республикасы Үкіметі мен облыс әкімдігі қаулыларының және облыс әкімінің шешімдері мен өкімдерінің орындалуын жүзеге асыру болып табылады.

Ережесі: Бөлім Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен мынадай қызметтерді атқарады:

1) ҚР Президентінің, ҚР Үкіметінің, орталық атқарушы органдардың, облыс әкімдігінің тапсырмаларын, хаттарын, хаттамалық тапсырмаларының орындалуын қамтамасыз ету және орындалуы туралы ақпарат жолдайды.

2) КТПҚ жер қойнауын пайдалану құқығын алу және жер қойнауын пайдаланушыларға қолданыстағы заңнамалар бойынша кеңес береді.

3) КТПҚ өндіру бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын береді.

4) Іздестіру бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын береді.

5) Авто/т.ж жолдар салуға, гидроқұрылыстарды реконструкциялауға КТПҚ барлау және өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу үшін рұқсаттар береді.

6) Жер қойнауын пайдаланушылардың кең таралған пайдалы қазбаларды өндіруге арналған, кен іздеушілікке арналған лицензиялар шарттарын сақтауына бақылау жасау және кең таралған пайдалы қазбаларды өндіру жөніндегі операцияларды жүргізуге және кен іздеушілікке бақылау жасайды.

7) Орындалмаған міндеттемелер бойынша кен орындарына бару арқылы мониторинг жүргізу.

8) өздері берген кең таралған пайдалы қазбаларды өндіруге арналған лицензиялар және кен іздеушілікке арналған лицензиялар туралы ақпаратқа қолжетімділікті қамтамасыз етеді;

9) Салалық комиссиялярдың және жұмыс тобының отырыстарын үйымдастырады және нәтижелері бойынша тиісті құжаттарды әзірлейді (сараптама комиссиясы, жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттарға өзгерістер енгізу жөніндегі жұмыс тобы, жер қойнауын пайдаланудың лицензиялық режиміне көшу жөніндегі комиссия, газ бөлу жөніндегі комиссия);

10) Таратылған ҚПҚ, КТПҚ және ізденушілік объектілерін қабылдау жөніндегі комиссияларды құрады, объектіге шығуды ұйымдастырады, өткізеді, актілейді және нәтижелері бойынша құжаттарды тиісті министрліктерге жолдайды (әрбір жағдайда жеке құрылады);

11) Көмірсутектер және уран жөніндегі объектілерді қабылдау жөніндегі комиссияға қатысады.

12) КТПҚ өндеу бойынша жасалған келісімшарттарға өзгерістер мен толықтырулар енгізуге келіп түскен өтініштерге талдау жүргізеді.

13) Мұнай, газ өндіру көлемдерінің, мұнай компанияларының мұнай экспортының ай сайынғы мониторингісін жүргізеді.

14) Мұнай, газ қорларын толықтыру жөнінде шаралар қабылдау. Олардың орындалуына тұрақты негізде мониторинг жүргізеді.

15) Индустрияландыру картасына енгізілген жобалар бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын алуға жәрдемдеседі.

16) Облыс әкімі және облыс әкімі орынбасарларының тапсырмасына сәйкес жер қойнауын пайдаланушылармен тұрақты түрде жиналыстар ұйымдастыру

17) Бекітілген регламенттерге сәйкес 4 Мемлекеттік қызмет көрсету (кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндіруге жер қойнауын пайдалану құқығының кепіл шартын тіркеу, ізденуге лицензия беру, алдағы құрылыс учаскесінің астындағы жер қойнауында пайдалы қазбалардың болмауы немесе олардың шамалы болуы туралы қорытынды беру, пайдалы қазбалар жатқан алаңдарды тоқырауға рұқсат береді, сондайақ олардың орындарында орналастыру жерасты құрылыстарының пайда болуы).

18) Газ және газбен жабдықтау саласындағы уәкілетті органға:

облыстың аумағында сұйытылған мұнай газын тұтыну болжамын;

облыстың аумағында сұйытылған мұнай газын өткізу және тұтыну жөніндегі мәліметтерді;

облыстың аумағында сұйытылған мұнай газын тұтынудың алдағы күнтізбелік жылға арналған болжамын жыл сайын ұсыну.

19) Газ желілік ұйымдардан жиынтық өтінімдерді жинау және энергетика министрлігіне жібереді.

20) Қазақстан Республикасының ішкі нарығына жеткізу жоспары шеңберінде өткізілетін СМГ айналымын бақылайды.

21) Облыс аумағында СМГ тұтынуды болжайды.

22) Бару арқылы тоқсанына 1 рет сұйытылған мұнай газын қабылдау, сақтау және өткізу үшін өтінімінде көрсетілген объектілердің газ желісі ұйымдарында нақты болуын растайды;

23) Топтық резервуарлық қондырғылар иелерінің тізілімін жүргізеді және интернет-ресурста жариялайды;

24) Жер қойнауын пайдалану саласына инвестицияларды тарту мақсатында облыстық деңгейде өткізілетін іс-шаралардың ұйымдастыру жұмыстарына қатысу;

25) Тоқсан сайынғы атқарылған жұмыстар бойынша облыс әкіміне берілетін ақпарат дайындау;

26) Мекелермен мен Кәсіпорындардан, және жеке тұлғалардан түскен хаттарды, өтініштерді қарау, мерзімінде жауап беру;

27) Облыстың жер қойнауын пайдалану жөнінде бұқаралық ақпарат құралдарында, облыс әкімінің электронды веб-сайтына материалдар жариялау;

28) әлеуметтік маңызы бар мұнай өнімдерінің бағаларына және қалдығына күнделікті мониторинг жүргізу;

29) Сот және құқық қорғау органдарында басқармадағы өз саласына қатысты мүддесін білдіреді, қорғау және басқарманың өкілі ретінде сот процестеріне қатысады және нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлейді.

30) Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі жұмысты ұйымдастырады, сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізеді және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою жөніндегі шаралар қабылдайды.

Құқығы және мiндеттерi: Бөлім өзіне жүктелген міндеттерді іске асыру үшін және өзінің функцияларын жүзеге асыру үшін заңнамада белгіленген тәртіппен:

мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, олардың лауазымды адамдарынан қажетті ақпаратты және материалдарды сұратуға және алуға;

қолданыстағы заңнамалық актілерде көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқылы.

Мемлекеттiк органның құрылымдық бөлiмшесiнiң қызметiн ұйымдастыру

Бөлiм Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiне, Президентiнiң актiлерiне, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiне сәйкес өзiнiң негiзгi мiндеттерi мен функцияларын iске асыру үшiн қажеттi өкiлеттiктердi иеленедi.

Бөлімді Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен басқарма басшысы қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын басшы басқарады.

Бөлімінің басшысы бөлімнің қызметiне жалпы басшылықты жүзеге асырады және мемлекеттiк органның бөлімшесіне жүктелген мiндеттердiң орындалуы мен оның өз функцияларын жүзеге асыруы үшiн дербес жауапты болады.

Бөлім басшысы басқарма басшысына құрылымдық бөлiмшенiң құрылымы мен штаттық кестесi бойынша ұсыныстар бередi.

Бөлім басшысы бөлім қызметкерлерінің мiндеттерi мен өкiлеттiктерiн айқындайдап, басқарма басшысына ұсыныс береді.

Дата публикации
06 февраля 2025