Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізілімін бекіту туралы

Кәсіпкерлік кодексінің 79-4 бабына сәйкес, 2022 жылдан бастап елімізде әлеуметтік кәсіпкерлікті қолдау және дамыту мақсатында әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізілімі жүргізілуде.

Бүгінгі күні тізілімге Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің бұйрығымен республика бойынша 261, оның ішінде облыс бойынша 10 дара кәсіпкер мен заңды тұлғалар енгізілді.

Тізілімге енгізілген кәсіпкерлерге қаржылық, мүліктік, инфрақұрылымдық, институционалдық және ақпараттық қолдау, салықтық жеңілдіктер секілді мемлекеттік қолдау шаралары көрсетіледі.

Бұйрық
Дата публикации
12 февраля 2024