Өнеркәсіп туралы есеп

Өнеркәсіп

(2024 жылдың қаңтар-ақпан)

2024 жылдың қаңтар-ақпан айының қорытындысы бойынша өнеркәсіп өндірісінің көлемі ақшалай мәнде 162,5 млрд. теңгені құрады (НҚИ – 107,1%).

Мұнай өндіру көлемінің төмендеуіне қарамастан, өнеркәсіптік өндірістің 7,1%-ға өсуі байқалады.

Өнеркәсіп өндірісінің артуына өңдеу өнеркәсібінің оң динамикасы әсер етті.

Өңдеу өнеркәсібі саласында ү.ж  қаңтар-ақпан айында 57,7 млрд. теңгенің өнімі өндіріліп, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 40,3%–ға артты (2023 жылдың қаңтар-ақпан айлары – 41,3 млрд.теңге).

Атап айтқанда, өңдеу өнеркәсібінің келесі салаларында өсім байқалған: тамақ өнімдерін өндіру 10%, жеңіл өнеркәсіп 19,2%, жиһаз өндіру 6,9%, кокс және мұнай өңдеу өнімдерін өндіру 3,4%, өзге де бейметалл минералдық өнімдер 21,1%, резеңке және пластмасса бұйымдардар өндіру 7,9%, машиналар мен жабдықтарды жөндеу және орнату 6,2%, металлургия өндірісі 2,4 есеге.

 


Өнеркәсіп 

(қаңтар-желтоқсан)

2023 жылдың қаңтар-желтоқсан айының қорытындысы бойынша өнеркәсіп өндірісінің көлемі ақшалай мәнде 1023,9 млрд. теңгені құрады (103,6%).

Мұнай өндіру көлемінің төмендеуіне қарамастан, өнеркәсіптік өндірістің 3,6%-ға өсуі байқалады.

Өнеркәсіп өндірісінің артуына өңдеу өнеркәсібінің оң динамикасы әсер етті.

Өңдеу өнеркәсібі саласында есепті кезеңде 307,7 млрд. теңгенің өнімі өндіріліп, бұл көрсеткіш 33,5%-ға артқан.

Атап айтқанда, өңдеу өнеркәсібінің келесі салаларында өсім байқалған: металлургия өндіру 68,2%-ға, құрылыс материалдарын өндіру 46,6%-ға, машиналар мен жабдықтарды жөндеу және орнату 24,4%-ға, резеңке және пластмасса бұйымдар өндіру 17,9%-ға артқан.

 

 

Дата публикации
11 января 2024