Отандық туристік компанияларға және трэвел-блогерлерге арналған Қызылорда облысы бойынша ақпараттық туры

Облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының ұйымдастыруымен өңірімізде туризм саласын дамыту мақсатында отандық туристік компанияларға және трэвел-блогерлерге арналған Қызылорда облысы бойынша ақпараттық тур өткізілді.

Ақпараттық тур аясында келуші қонақтар Қызылорда қаласындағы мәдени туристік нысандарды аралап, сондай-ақ, «Байқоңыр» ғарыш айлағынан зымыранның ұшуын тамашалады.
Шараға отандық туристік компаниялардың басшылары, трэвел-блогерлер қатысып, әлеуметтік желілердегі оқырмандарымен бөлісті.


Жалпы, өткізілген шараның негізгі мақсаты – облыстың туристік әлеуетін көтеру, жергілікті кәсіпкерлердің және туристік қызметтің танымалдылығын арттыру, туристік қызмет көрсетуші кәсіпорындар қызметкерлерінің біліктіліктерін жаңа деңгейге шығару болып табылады.

Дата публикации
03 января 2024