Қызылорда облысының бақылау жөніндегі басқармасының 2022 жылы атқарған жұмыстары туралы

А  Н  Ы  Қ  Т  А  М  А

Қызылорда облысының бақылау жөніндегі басқармасының

2022 жылы атқарған жұмыстары туралы

Қызылорда қаласы                                                             11 қаңтар 2023 жыл

Қызылорда облысының бақылау жөніндегі басқармасы өзіне жүктелген негізгі функционалдық міндеттерді жүзеге асыруда 2022 жылы бірқатар нәтижелі жұмыстар атқарды.

Басқармамен жыл көлемінде барлығы 394 тексеру шаралары жүргізілді, оның ішінде 51-і жоспарға сәйкес, 275-і жоспардан тыс, 93-і құқық қорғау органдарының талаптары негізінде жүзеге асырылды.

Анықталған заң бұзушылықтарды жою жөнінде 169 нұсқама беріліп, 141-нің (83%) орындалуы қамтамасыз етілді. Жүргізілген тексерулер нәтижесімен сәулет-құрылыс және еңбек саласындағы заңнама талаптарын бұзған тұлғаларға қатысты 216 әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғалып, оларға 28,1 млн. теңге айыппұл салу жазасы қолданылды, оның  19,1 млн. теңгесі (68%) өндірілді. Қалған (9 млн.тенге) айыппұлдарды өндіру бойынша тиісті шаралар қабылдануда. 

Сонымен қатар, жеке және заңды тұлғалардан түскен 1474 өтініштің (оның 1324-і - еңбек, 150-і - құрылыс саласы бойынша) 1096-ы (оның 981-і  (90%) - еңбек, 115-і (10%) - құрылыс саласы бойынша) қаралып, заңнама талаптарына сәйкес тиісті шаралар қабылданып жауаптар берілсе, 27-і (оның 21-і - еңбек, 6-ы - құрылыс саласы бойынша) қаралу сатысында. Өтініштерді қарау тәртібі мен мерзімдерін бұзу деректері орын алған жоқ.

Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау саласы бойынша:

2021 жылда Бақылау жөніндегі басқармасының Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау бөлімінен жеке және заңды тұлғалардың өтініштері мен басқармамен берілген нұсқамалардың орындалуы бойынша жалпы 87 жоспардан тыс тексерулер ұйымдастырып, құрылыс  объектілеріне бару арқылы профилактикалық сипатта жүргізілген тексеру жоспарына 64 кәсіпкерлік субъектілері енгізілген. Тексерулердің анықталған бұзушылықтар бойынша 84 нұсқама берілді. Есепті мерзімде жүргізілген тексерулер нәтижесімен сәулет-құрылыс саласындағы заңнама талаптарын бұзған тұлғаларға қатысты жалпы 136 әкімшілік іс қозғалып, кінәлі тұлғаларға 30 млн. 494 мың теңге айыппұл салу жазасы қолданылды.

2022 жылда Бақылау жөніндегі басқармасының Мемлекеттік құрылыс-сәулет бақылау бөлімінен жеке және заңды тұлғалардың өтініштері мен басқармамен берілген нұсқамалардың орындалуы бойынша жалпы 59 жоспардан тыс тексерулер ұйымдастырып, құрылыс  объектілеріне бару арқылы профилактикалық сипатта жүргізілген тексеру жоспарына 32 кәсіпкерлік субъектілері енгізілген, бекітілген жоспарға сәйкес 31 нысан тексерумен қамтылды. Тексерулердің анықталған бұзушылықтар бойынша 36 нұсқама берілді. Есепті мерзімде жүргізілген тексерулер нәтижесімен сәулет-құрылыс саласындағы заңнама талаптарын бұзған тұлғаларға қатысты жалпы 116 әкімшілік іс қозғалып, кінәлі тұлғаларға 20 млн. 800 мың теңге айыппұл салу жазасы қолданылды.

2021 жылмен салыстырғанда 2022 жылы тексеру жүргізу динамикасы төмендеді, әкімшілік істер мен салынған әкімшілік айыппұл мөлшері де сәйкесінше төмендеді

Кәсіпкерлік субъектілеру заңнамасының талаптарын  сақтау үшін түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы заңнаманы жетілдіру жөніндегі ұсыныстар қамтылды.

Қызылорда облысының бақылау жөніндегі басқармасымен 5 түрлі мемлекеттік қызмет көрсетеді, оның ішінде 2 түрлі қызмет ақысыз, 3 түрлі қызмет ақылы негізде көрсетіледі.

  1. Құрылыс-монтаждау жұмыстарына лицензия беру
  2. Іздестіру қызметіне лицензия беру
  3. Жобалау қызметіне лицензия беру
  4. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы сараптама жұмыстарын және инжинирингтік көрсетілетін қызметтерді жүзеге асыратын сарапшыларды аттестаттау
  5. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы жобаларды басқару ұйымдарын аккредиттеу

Басқармаға 2022 жыл бойынша техникалық қадағалау сарапшы қызметімен айналысуға 214 өтініш түсіп, 139-ы өтініш иесі тестілеуге жіберілді, 58 өтініш иесі біліктілік талаптарына сәйкес келмеуі себепті тестілеуге жіберілмеді, 17 аттестат қайта рәсімделді.

Тесілеуге жіберілген 139 өтініш берушінің  30-ы тестілеуден өтіп аттестат алса, 70-і тестілеуден өте алмады, 39-ы тестілеуге келмеді.

         Құрылыс-монтаждау жұмыстарына жаңадан лицензия алуға, қайта рәсімдеуге және қосымша жұмыс түрін қосуға қатысты 1295 өтініш түсіп, оның ішінде 1083 жаңа лицензияға, 12 қайта рәсімдуге, 25 қосымша жұмыс түрлерін қосуға түскен өтініш қанағаттандырылды, 175 өтініш тұлғалардың біліктілік талаптарына сәйкес келмеуі және құжаттарды толық ұсынбауы себепті кері қайтарылды.

         Іздестіру қызметіне жаңадан лицензия алуға, қайта рәсімдеуге және қосымша жұмыс түрін қосуға қатысты 86 өтініш түсіп, оның ішінде 73 жаңа лицензияға, 2 қайта рәсімдуге, 1 қосымша жұмыс түрлерін қосуға түскен өтініш қанағаттандырылды, 10 өтініш тұлғалардың біліктілік талаптарына сәйкес келмеуі және құжаттарды толық ұсынбауы себепті кері қайтарылды.

         Жобалау қызметіне жаңадан лицензия алуға, қайта рәсімдеуге және қосымша жұмыс түрін қосуға қатысты 175 өтініш түсіп, оның ішінде 124 жаңа лицензияға, 4 қайта рәсімдуге, 7 қосымша жұмыс түрлерін қосуға түскен өтініш қанағаттандырылды, 40 өтініш тұлғалардың біліктілік талаптарына сәйкес келмеуі және құжаттарды толық ұсынбауы себепті кері қайтарылды.

Сонымен қатар, Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы жобаларды басқару ұйымдарын аккредиттеуге 5 өтініш түсіп, 5 өтініш беруші ұйым аккредиттелді.

Рұқсат құжаттарын беруде кедергілер жоқ, мемлекеттік қызметтер толығымен электронды түрде көрсетіледі, мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімі 15 жұмыс күннен 5 жұмыс күнге дейін қысқартылды.

Еңбек заңнамасын бақылау саласы бойынша

2022 жылы мемлекеттік еңбек инспекторларымен облыстағы кәсіпорындар мен мекемелерде 211 тексеру жүргізілді, оның 20-ы профилактикалық бақылау тәртібімен, 191-і жоспардан тыс.

Тексерулер нәтижесімен 354 заңбұзушылық анықталып, оларды жою жөнінде 133 Нұсқама орындалды.

Анықтама үшін: анықталған 354 заң бұзушылықтың 271-і - еңбек заңнамасын,                79-ы - еңбек қауіпсізідігі және еңбекті қорғау, 4-і халықты жұмыспен қамту заңнамасын бұзуға қатысты болған.

Сонымен қатар, 97 әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғалып, 39 тұлғаға – «ескерту» жасалса, 58 іс бойынша 7,4 млн. теңге айыппұл салынды.

Ұжымдық еңбек дауы орын алған жоқ.

 Өндірістік жарақат

2022 жылғы 12 ай қорытындысымен 46 жазатайым оқиға орын алған,  олардан 50 жұмыскер зардап шеккен, оның ішінде 11 жұмыскер қаза болған,  осы көрсеткішті өткен жылмен салыстырғанда зардап шеккен адамдар саны  18 % (2021 ж. 61 адам), қаза болғандар саны 21 % (2021 ж. 14 адам) азайған.

Сонымен қатар, жазатайым оқиғаның өсуі Қызылорда қаласында көп бақалады, яғи 26 жұмыскер зардап шеккен, оның ішінде 5 адам қаза болған (зардап шекендердің (52 %), Сырдария ауданында 11 адам зардап шегіп оның ішінде 5 жұмыскер қаза болған (22 %), Жалағаш ауданында 3 жұмыскер дене жарақатын алған (6 %),  Шиелі ауданында 2 жұмыскер зардап шегіп, 1 адам қаза боғлан (4 %),   Жаңақорған ауданында 2 жұмыскер дене жарақатын алған (4 %), Қармақшы ауданында 1 жұмыскер дене жарақатын алған (2 % ), Қазалы ауданында 1 жұмыскер дене жарақатын алған (2%), Арал ауданында 4 жұмыскер дене жарақатын алған (8%).

Жазатайым оқиғаларды салалар бойынша саралағанда көп зардап шеккендер : 

- мұнай-газ саласында 10 жұмыскер зардап шеккен (20%)

- мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындарда 13 адам зардап шеккен (26%),

- басқа салаларда 10 жұмыскер зардап шеккен (20%).

 

Өндірістік жарақаттануды оқиғалардың түрлері бойынша талдағанда көп оқиға:

- жол көлік оқиғаcы салдарынан 15 жұмыскер (30%),

- зардап шегушінің құлауы салдарынан 5 жұмыскер (10%),

- зардап шегушінің биіктен құлауы салдарынан 7 жұмыскер (14%),

- қозғалыстағы заттар мен бөлшектердің әсерінен 15 жұмыскер (30%),

- зиянды және қауіпті өндірістік факторлардың әсерінен 5 жұмыскер (10%) ,

Жазатайым оқиғалардың негізгі себептері бойынша:

- зардап шегушінің өрескел абайсыздығы салдарынан - 18 (39%) орын алған.

- жұмыс жүргізудің қанағатанғысыз ұйымдастырылуынан - 10 (22%),

- автожол қозғалысы ережелерінің бұзылуынан - 9 (20%),

ҚР Үкіметінің 17.06.2021ж. №419 қаулысымен бекітілген «Қазақстан Республикасында қауіпсіз еңбекті қамтамасыз етудің 2025 жылға дейінгі іс-қимыл жоспары» аясында бүгінгі күні облыс бойынша: 

- 994 ұйымда еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жағдайларын бақылауға арналған өндірістік кеңестер құрылған.

- еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша 107 кәсіпорында ЕҚБЖ-нің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша халықаралық стандарттары енгізілген.

- халықаралық әлеуметтік қамсыздандыру қауымдастығының «Нольдік жарақаттану-VizionZero» тұжырымдамасына 34 кәсіпорын қосылған. 

- өндірістік объектілердің еңбек жағдайлары бойынша 26 кәсіпорын аттестаттау жүргізген (1358 жұмыс орны).

- еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарының сақталуын қамтамасыз ету үшін 4 кәсіпорында тапсырыс  беруші тарапынан тік  бақылау енгізілген.

                                                                Қызылорда облысының  

                                                                  бақылау жөніндегі басқармасы

Дата публикации
16 августа 2023