Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобаның іске асырылу барысы
Шағын бизнесті нығайту, орта бизнесті дамыту бағытында Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба іске асырылып, оның аясында шағын және орта бизнестің банктердегі несиелеріне субсидия, ішінара кепілдіктер, қайтарымсыз гранттар беру тетіктері қарастырылған.
Биылғы жылы осы Ұлттық жоба аясында кәсіпкерлік субъектілерінің қаражаттарға қолжетімділігін қамтамасыз етуге бюджеттен 7,5 млрд. теңге қаржы қарастырылды.
Жыл басынан бері кәсіпкерлердің жалпы несие портфелі
11,2 млрд. теңгені құрайтын 386 жобасына субсидия берілді.
Мемлекеттік гранттар беру конкурсын ұйымдастыру ағымдағы жылдың екінші жарты жылдығына жоспарланған.
Бүгінгі таңда, мемлекеттік қаржылай қолдау шараларының нәтижесінде тіркелген кәсіпкерлердің саны 77,5 мың бірліктен, ал онда жұмыс жасайтын кәсіпкерлердің саны 72,6 мың бірліктен асты.