Бизнесті «Даму Лизинг» қолдау құралымен дамыту

Ұйымда немесе кәсіпкерде әрдайым жұмыс үшін қажетті жабдықты немесе арнайы техниканы сатып алуға бос қаражат бола бермейді.

Бұл тығырықтан шығудың жолы – лизингті рәсімдеу, оның негізгі мәні кәсіпорынның дәл қазіргі жұмысында техниканы пайдалану мүмкіндігі және ол үшін несие сияқты біртіндеп төлеуі болып табылады.

Кәсіпкерлер "Даму Лизинг" бағдарламасы шеңберінде жабдықтар мен көлікті кейіннен сатып алу құқығымен жалға ала алады. Бағдарламаға қатысу үшін Лизингтік компанияға өтінім беру, сондай-ақ лизинг нысанасы құнының кемінде 20% мөлшерінде аванстық жарна енгізу қажет.

Бағдарлама шарттары:

  • Бір шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі үшін максималды сома – 500 000 000 теңге
  • Мерзімі – 84 ай немесе 7 жылға дейін
  • Алдын-ала төлем – мүлік құнының 20%

Қордың әріптес лизинг компанияларының тізімі мен бағдарламаның толығырақ талаптары https://damu.kz/kz/programmi/loans/damu-lizing/ сілтемесінде. Лизинг алуға бел буған жағдайда сыйақы мөлшерлемесі мен қосымша шарттарын Лизинг беретін компаниядан анықтау керек.

Дата публикации
28 ноября 2022