«Қызылорда облысының кәсіпкерлігін қолдау картасын бекіту туралы»
Қызылорда облысы әкімдігінің 2016 жылғы 6 маусымдағы
№477 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 37-бабына сәйкес Қызылорда облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қызылорда облысының кәсіпкерлігін қолдау картасын бекіту туралы» Қызылорда облысы әкімдігінің 2016 жылғы 6 маусымдағы №477 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
Қызылорда облысының кәсіпкерлігін қолдау картасы осы қаулының қосымшасына сәйкес редакцияда жазылсын.
2. «Қызылорда облысының индустриялық-инновациялық даму басқармасы» мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын шараларды заңнамамен белгіленген тәртіппен қабылдасын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қызылорда облысы әкімінің орынбасары М.С. Имандосовқа жүктелсін.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қызылорда облысының
әкімі Қ. Ысқақов
Қызылорда облысы әкімдігінің
2020 жылғы «__» __________№_____ қаулысына
қосымша
Қызылорда облысы әкімдігінің
2016 жылғы 6 маусымдағы № 477 қаулысымен
бекітілген
Қызылорда облысының кәсіпкерлігін қолдау картасы
|
№ |
Жобаның атауы
|
Жобаны тапсырушы |
Жүзеге асырылу орны |
Жауапты орган |
|
|
1 |
Қызылорда облысында томат пастасын өндіру зауыты |
«Қызылорда AGROPlus» ЖШС |
Жаңақорған ауданы |
Жаңақорған ауданының әкімдігі, «ҚОАШБ» ММ, «ҚОИИДБ» ММ |
|
|
2 |
Ванадий кенін өндіру және қайта өңдеу |
«Фирма «Балауса» ЖШС |
Шиелі ауданы |
Шиелі ауданының әкімдігі, «ҚОИИДБ» ММ |
|
|
3 |
Қызылорда облысында Ақ-Еспе шашырамалы титан-циркондық кен орны базасында кен байыту комбинатының құрылысы |
«Жак-Нур» ЖШС |
Арал ауданы |
Арал ауданының әкімдігі, «ҚОИИДБ» ММ |
|
|
4 |
Экологиялық класы К4, К5 мотор отынының өндірісі |
«Kyzylorda Refinery» ЖШС |
Қармақшы ауданы |
Қызылорда қаласының әкімдігі, «ҚОИИДБ» ММ |
|
|
5 |
Қуаттылығы жылына 500 тонна екіокись молибден ұнтағын үшокись молибденге техникалық айналдыру өндірісін ұйымдастыру |
«ТРИМО» ЖШС |
Қызылорда қаласы |
Қызылорда қаласының әкімдігі, «ҚОИИДБ» ММ |
|
|
6 |
Жылына 1500 тонна құс етін өндіретін құс фабрикасын салу |
«Қармақшы Құс» ЖШС |
Қармақшы ауданы |
Қармақшы ауданының әкімдігі, «ҚОИИДБ» ММ |
|
|
7 |
Күрішті егу және құрама жем өндірісін ұйымдастыру |
«Таң ЛТД» ЖШС |
Шиелі ауданы |
Шиелі ауданының әкімдігі, «ҚОИИДБ» ММ |
|
|
8 |
Балықты тереңінен қайта өңдеу зауыты мен пластикалық қайық жасау цехының құрылысы |
«Қазақстан Аквакультура Лтд» ЖШС |
Арал ауданы |
Арал ауданының әкімдігі, «ҚОИИДБ» ММ |
|
|
9 |
Ет комбинатын салу |
«Сыр Маржаны» ЖШС |
Қызылорда қаласы |
Қызылорда қаласының әкімдігі, «ҚОИИДБ» ММ |
|
|
10 |
Тұз өндіру, өңдеу және байыту бойынша өндірістік кешенін салу |
«BSK Каратау» ЖШС |
Қызылорда қаласы |
Қызылорда қаласының әкімдігі, «ҚОИИДБ» ММ |
|
|
11 |
«Қызылорда қаласындағы GTL өнімдеріндегі ілеспе мұнай мен табиғи газды (метанды) өңдеу үшін модульдік типті қондырғыны салу және пайдалану» жобасы |
«GTL Қазақстан» ЖШС |
Қызылорда қаласы |
Қызылорда қаласының әкімдігі, «ҚОИИДБ» ММ |
|
|
12 |
1200 басқа арналған тауарлы сүт фермасын құру және кеңейту |
«СырАгро и К» ЖШС |
Шиелі ауданы |
Шиелі ауданының әкімдігі, «ҚОИИДБ» ММ |
|
|
13 |
1200 басқа арналған ірі қараны өсіру кешенінің және сүт өңдеу зауытының ІІ кезеңін іске асыру |
«РЗА» АҚ |
Қазалы ауданы |
Қазалы ауданының әкімдігі, «ҚОИИДБ» ММ |
|
|
14 |
Керамикалық зауыт салу |
«Rino Asia» ЖШС |
Шиелі ауданы |
Шиелі ауданының әкімдігі, «ҚОИИДБ» ММ |
|
|
15 |
Қызылорда облысында полиметал кендерін өндіру және қайта өңдеу жөніндегі тау-кен байыту комбинаты |
«Mining сonsult сo» ЖШС |
Жаңақорған ауданы |
Жаңақорған ауданының әкімдігі, «ҚОИИДБ» ММ |
|
|
16 |
Қуаттылығы жылына 630 тонна күріш ақтау цехының құрылысы |
«Шаған» фермер қожалығы |
Сырдария ауданы |
Сырдария ауданының әкімдігі, «ҚОИИДБ» ММ |
|
|
17 |
Қызылорда қаласында шыны-пластикалық желілік және сорғы-компрессорлық жоғары қысымды құбырларды өндіру зауытының құрылысы |
«ABK Prom Service» ЖШС |
Қызылорда қаласы |
Қызылорда қаласының әкімдігі, «ҚОИИДБ» ММ |
|
|
18 |
Түйе сүтінен құрғақ ұнтақ өндіру |
«Qazaq Camel» ЖШС |
Арал ауданы |
Арал ауданының әкімдігі, «ҚОИИДБ» ММ |
Ескерту: аббревиатуралардың толық жазылуы:
|
АҚ |
- |
акционерлік қоғам; |
|
ЖК |
- |
жеке кәсіпкер; |
|
ЖШС |
- |
жауапкершілігі шектеулі серіктестік; |
|
«ҚОАШБ» ММ |
- |
«Қызылорда облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі; |
|
«ҚОИИДБ» ММ |
- |
«Қызылорда облысының индустриялық-инновациялық даму басқармасы» мемлекеттік мекемесі. |