"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес" бойынша атқарылған жұмыстар

 «Қызылорда облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы» КММ-нің сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері бойынша талдамалық анықтама

 

Қызылорда қаласы                                                                          «___» наурыз 2024 жыл

 

КІРІСПЕ БӨЛІМІ:

  1. Қызылорда облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының (бұдан әрі – Басқарма) құрылымдық бөлімдерінің қызметі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау объектісі болып табылады.
  2. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығына және және Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Төрағасының 2023 жылғы 16 қаңтардағы
    №21 бұйрығымен бекітілген (өзгерістер енгізу туралы) Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына сәйкес жүргізілді.
  3. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды Басқарманың
    2024 жылғы 27 ақпандағы № 18-НҚ бұйрығымен құрылған келесі құрамдағы жұмыс тобы жүргізді:

 

КАЮПОВ

Азамат Биғалиұлы

 

-

Басқарма басшысының орынбасары, топ жетекшісі;

БЕРДЕНОВА

Жанар Серікқызы

 

-

Басқарма басшысының орынбасары, топ мүшесі;

ШЫРЫНБЕКОВ

Нұрлан Полатханұлы

 

-

Әкімшілік бақылау бөлімінің бас маманы, топ мүшесі;

ШОНБАЕВА

Ғалия Айшықханқызы

-

Стратегиялық даму және талдау бөлімінің басшысы, топ мүшесі;

 

СЕЙДАЛИЕВА

Мәуе Оңдалықызы

-

Кәсіпкерлікті дамыту және қолдау бөлімінің басшысы, топ мүшесі;

 

ЕЛЕУИШОВ

Ербол Әлкебайұлы

-

Жер қойнауын пайдалану бөлімінің басшысы, топ мүшесі;

 

ҚҰДАЙБЕРГЕНОВА

Динара Маратқызы

-

Сауданы дамыту бөлімінің басшысы, топ мүшесі;

 

БАЛМАҒАМБЕТОВ Қасымхан Сражадинұлы

-

Сыртқы байланыстар бөлімінің басшысы, топ мүшесі;

 

УАЛИХАН

Гүлшат Бахытжанқызы

-

Әкімшілік бақылау бөлімінің әдіскері, топ мүшесі.

 

  1. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің ішкі талдаумен 2023 жылдың ІІ, ІІІ және ІV тоқсаны қамтылды.
  2. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау 15-31.03.2024 жыл аралығында жүргізілді.
  3. Басқарма басшысының орынбасары А. Каюповке топ жетекшісі ретінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу және жұмыс нәтижелері үшін басшылық жасау, үйлестіру және жауапкершілік жүктеледі.

СИПАТТАМА БӨЛІМІ:

І.Талдау келесі бағыттар бойынша жүргізілді:

1) Басқарманың құрылымдық бөлімдерінің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;

2) Басқарманың құрылымдық бөлімдерінің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

 

Талданатын объект туралы мәліметтер:

Басқарма құзыреті шегінде кәсіпкерлік және өнеркәсіп салаларында функцияларды жүзеге жүзеге асырады.

Басқарма өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң актiлерiне, өзге де нормативтiк құқықтық актiлерге, сондай-ақ, Басқарманың Ережесіне сәйкес іске асырады.

Басқармада 9 құрылымды бөлімше жұмыс жасады:

- Салалық бақылау бөлімі;

- Өнеркәсіпті дамыту және қолдау бөлімі;

- Инвестициялық жобалар бөлімі;

- Өнеркәсіпті және Қазастандық мазмұнды дамыту бөлімі;

- Жер қойнауын пайдалану бөлімі;

- Сыртқы байланыстар бөлімі;

- Сауданы дамыту бөлімі;

- Кәсіпкерлікті дамыту және қолдау бөлімі;

- Туризмді дамыту бөлімі.

Мекенжайы: Қызылорда қаласы, Сұлтан Бейбарыс көшесі, құрылыс 1.

 

ІІ. Басқарманың қызметіне, оны ұйымдастыру-басқару қызметін реттейтін құқықтық актілер мен ішкі құжаттарға сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау жұмыс тобы кодекстерді, заңдарды, нормативтік құқықтық актілерді, бөлімдер өз қызметінде басшылыққа алатын құқықтық актілерді зерделеді.

Басқарма қызметінде келесідей НҚА пайдаланылады:

Қазақстан Республикасының «Бюджет кодексі»;

Қазақстан Республикасының «Еңбек кодексі»;

Қазақстан Республикасының «Әкімшілік рәсімдік-процесстік кодексі»;

Қазақстан Республикасының «Кәсіпкерлік кодексі»;

Қазақстан Республикасының «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы кодексі»;

«Мемлекеттiк сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;

«Инвестициялар туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;

«Өнеркәсіптік саясат туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;

«Сауда қызметін реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;

«Туристік қызмет туралы» Қазақстан Республикасындағы Заңы;

«2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы.

 

 Басқарманың қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасау тәуекелдерінің болуы (дискрециялық өкілеттік пен нормалар)

Басқарма қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актірлерді саралау барысында және жалпы қызметінде келесідей сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталды.

Кәсіпкерлікті дамыту және қолдау бөлімі:

ҚР Кәсіпкерлік кодексі 79-4-бабының 3-тармағына сәйкес әлеуметтік кәсіпкерлікті дамытуды қолдау бағытында әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізілімін (бұдан әрі – Тізілімді) жүргізу шаралары атқарылуда
(ҚР ҰЭМ 17.07.2023ж №140 бұйрығы).

Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізілімі дегеніміз - дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар туралы мәліметтерді қамтитын электрондық дерекқор болып табылады.

Тізілімге - қоғам үшін қандай да бір әлеуметтік мәселені шешу немесе пайдасын тигізу мақсатында тауарлар өндіру мен қызметтер көрсетумен айналысатын кәсіпкерлер енгізіледі. Тізілімге енгізу 4 санат бойынша жүрізіледі.

Жалпы, Қағида талаптарына сәйкес тізілімді қалыптастыру және жүргізу кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган, яғни Ұлттық экономика министрлігімен арнаулы комиссияның ұсынымы бойынша жүзеге асырылады. Комиссия отырысы тоқсан сайын өткізіледі.

Қызылорда облысы әкімінің 2023 жылғы 24 қарашадағы № 248-ө өкімімен «Дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғаларды тізілімге қосу мәселелерін қарау жөніндегі комиссия» құрылды.

Бүгінгі күні тізілімге ҚР Ұлттық экономика министрінің бұйрығымен республика бойынша 261, оның ішінде облыс бойынша 10 дара кәсіпкер мен заңды тұлғалар енгізілді.

Әлеуметтік кәсіпкерлерді тізілімге енгізу – жеңілдетілген шарттарда мемлекеттік қаржылай қолдау мен салықтық жеңілдіктерді алуға, инфрақұрылымдарды тартуға, ақпараттық қолдау алуға мүмкіндік береді.

Әлеуметтік кәсіпкерлерді тізілімге енгізу үшін өтінімдер мен құжаттар қағаз түрінде қабылданады. Әкімшілік кедергілерді болдырмау, сыбайлас жемқорлық жағдайларын алдын-алу мақсатында бұл қызмет түрін автоматтандыру қажет.

Бұл бағытта облыс тарапынан ҚР Ұлттық экономика мнистрлігіне және
ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрліген бірнеше рет әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізіліміне енгізуге қажетті құжаттарды қабылдау шарасын автоматты жүйеге ауыстыру ұсынылды.

 

Инвестициялық жобалар бөлімі:

Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Өнеркәсіптік-инновациялық жобаларды бірыңғай индустрияландыру картасына енгізу қағидаларын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» 20.06.2022 жылғы №409 қаулысына сәйкес жобаларды индустрияландыру картасына енгізу жұмыстарын жүргізуде.

Қағидалардың 4-тарауы 12 тармағына сәйкес өтінім берушінің жобасын бірыңғай индустрияландыру картасына енгізу үшін құжаттар топтамасын электрондық және қағаз жеткізгіштерде қолма-қол қабылдайды.

Бөлім тарапынан ережеге сәйкес жұмыс жүргізу барысында бөлімдегі қызметкерлер жоба бастамашысымен тікелей байланыс орнатады.

ҚР Индустриялық және инфрақұрылымдық даму министрлігіне облыс әкімдігінің 16.01.2023 жылғы №05-4/324-И хатымен қолданыстағы бекітілген қаулыға жоба бастамашысы құжаттарды қолма-қол емес, «e-Otinish» веб-порталы арқылы тапсыруын немесе «Мемлекеттік қызмет туралы» ҚР Заңына сәйкес мемлекеттік қызметтің регламенті мен стандартын әзірлеу бойынша ұсыныс енгізілді.

Басқарманың қызметін қозғайтын басқа НҚА-да сыбайлас жемқорлық тәуекелдері байқалмады.

ІІІ. Персоналды басқару бағыты бойынша 

Кадрлық құрам бойынша:

2023 жылы:

«Жергілікті мемлекеттік басқарудың кейбір мәселелері туралы» Қызылорда облысы әкімдігінің 2023 жылғы 29 желтоқсандағы № 231 қаулысына сәйкес Қызылорда облысының кәсіпкерлік және туризм басқармасын Қызылорда облысының индустриялық-инновациялық даму басқармасына қосу жолымен қайта ұйымдастырылып, қайта ұйымдастырылған Қызылорда облысының индустриялық-инновациялық даму басқармасының атауы Қызылорда облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы болып өзгертілді. 

Осыған орай, Қызылорда облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының 13 наурыз 2023 жылғы №23 бұйрығына сәйкес Басқармада
25 әкімшілік мемлекеттік қызметші мен 29 штаттан тыс қызметкер штаты бар.

 

Тәртіптік жауапкершілікке қатысты.

2023 жылы:

Облыс әкімі аппаратының басшысы Ш. Баймановтың 17.01.2023 жылғы №09-2/16-қх қызметтік хатына сәйкес, Қызылорда облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының 20.01.2023 жылғы №4 бұйрығымен басқарма басшысының орынбасарлары Ф. Қожабергеновке «сөгіс», Р. Сұлтангереевке «ескерту», бөлім басшылары Ғ. Каримовке, С. Баймахановаға, бас маман
Г. Қапбароваға «ескерту» және бөлім басшысы Қ. Балмағамбетовке «сөгіс» түріндегі тәртіптік жазалары қолданылды.

Дегенмен, облыс әкімі Н. Нәлібаевтың 2023 жылғы 2 маусымдағы №99-ө өкімі және басқарма басшысының орынбасары Ж. Берденованың ұсынысына сәйкес Қызылорда облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының 20.01.2023 жылғы №4 бұйрығымен басқарма басшысының орынбасары
Р. Сұлтангереевке «ескерту», бөлім басшылары Ғ. Каримовке, С. Баймахановаға, бас маман Г. Қапбароваға «ескерту» және бөлім басшысы Қ. Балмағамбетовке «сөгіс» түріндегі тәртіптік жазалары мерзімінен бұрын алынып тасталды (21.06.2023 жылғы №90-т бұйрығы).

Сонымен қатар, Басқарма басшысының орынбасары А. Каюповтың қызметтік хаты негізінде Қызылорда облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының 31.10.2023 жылғы №142-Ж бұйрығымен туризмді дамыту бөлімінің басшысы Ғ. Каримовке «сөгіс» түріндегі тәртіптік жазасы қолданылып, Басқарманың 30.11.2023 жылғы №161-Ж бұйрығымен «сөгіс» түріндегі тәртіптік жазасы мерзімінен бұрын алынып тасталды.

2023 жылы басқармада сыбайлас жемқорлық санатына жататын заңбұзушылықтар орын алмаған және сыбайлас жемқорлыққа қатысты сотқа жүгіну фактілері болмаған.

Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің ақпараттық сервисінен алынған мәліметтерге сәйкес Басқарма қызметшілері тарапынан әкімшілік және қылмыстық құқық бұзушылықтар жасаған үшін жауапкершілікке тартылған деректер анықталмады.

Облыс әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі және Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істер агенттігі Қызылорда облысы бойынша департаменті жыл сайын мемлекеттік қызметшілерге анонимді түрдегі сауалнамаларды тұрақты түрде жүргізіп келеді.

 

Кадр мәселелерін реттеу барысында құқықтық проблемалар немесе сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.

 

Лауазымға іріктеу және тағайындау тәртібі мәселелерінің реттелмеуі.

Қызылорда облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасында қызметкерлерді іріктеу мен тағайындау барысында «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңының талаптарына сәйкес жұмыстар жүргізіледі.

 

Лауазымға конкурстық іріктеуді жүргізбей тағайындау.

2023 жыл:

«Жергілікті мемлекеттік басқарудың кейбір мәселелері туралы» Қызылорда облысы әкімдігінің 2013 жылғы 1 шілдедегі № 176 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қызылорда облысы әкімдігінің 2022 жылғы 30 желтоқсандағы №705 қаулысына сәйкес «Қызылорда облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылымына 1 басқарма басшысының орынбасары және 1 бас маман лауазымы қосылуына байланысты штаттық кестеге өзгерістер енгізілді. 

Сондай-ақ, Қызылорда облысы әкімдігінің 2022 жылғы 30 желтоқсандағы №705 қаулысы негізінде Қызылорда облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының 28.02.2023 жылғы №24-нқ бұйрығымен басқарманың штаттық кестесі, құрылымы, мемлекеттік әкімшілік лауазымдарының атаулары, санаттар және индексі, мемлекеттік әкімшілік қызметкерлеріне қойылатын біліктілік талаптарының жобасы, лауазымдық нұсқаулықтары, штаттан тыс қызметкерлерінің лауазымдық нұсқаулықтары бекітілді.

Осы ретте, Қызылорда облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының 13.03.2023 жылғы №23 бұйрығымен Басқармада мемлекеттік қызметкерлерді қайта тағайындау барысында лауазымға Каримов Ғалымжан Болатұлы – туризмді дамыту бөлімінің басшысы, Шырынбеков Нұрлан Полатханұлы – салалық бақылау бөлімінің бас маманы, Тәжібаев Ғазиз Болатбекұлы – жер қойнауын пайдалану бөлімінің бас маманы және Қапбарова Гүлмира Әділханқызы – сауданы дамыту бөлімінің бас маманы лауазымдарына конкурстық іріктеуді жүргізбей тағайындалды.

 

Конкурстық іріктеуді ресми түрде өткізу, біліктілік талаптарына сәйкес келмейтін адамдарды жұмысқа қабылдау.

Басқарманың конкурсы бойынша облыс әкімі аппаратының бірыңғай конкурс отырысы арқылы өткізіліп келеді.

Конкурс Қазақстан Республикасы азаматтарының мемлекеттiк қызметке тең қол жеткiзу конституциялық құқығын қамтамасыз етедi. Конкурстық іріктеуді ресми түрде өткізу, біліктілік талаптарына сәйкес келмейтін адамдарды жұмысқа қабылдау болған жоқ, заңға сәйкес конкурстық процедуралар өткізілді.

Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің Қазақстан Республикасының  Конституциясында, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңында және өзге де заңнамасында белгіленгендерден туындайтын лауазымдық өкілеттіктері және жауаптылығы біліктілік талаптары негізінде айқындалады және лауазымдық нұсқаулықтарда көрсетіледі.

Сонымен қатар, мемлекеттік лауазымдарға тиісті біліктілік талаптарына сай келетін, өзінің жеке және кәсіби қасиеттері, денсаулық жағдайы, білім деңгейі бойынша өзіне жүктелген лауазымдық міндеттерді атқаруға қабілетті және Қазақстан Республикасының заңында белгіленген зейнеткерлік жасқа жетпеген Қазақстан Республикасының азаматтары қабылданады.

Басқармада біліктілік талаптарына сәйкес келмейтін адамдарды жұмысқа қабылдау фактілері орын алған жоқ.

Бос орынның болуы, біліктілік талаптары, қажетті құжаттар тізбесі, іріктеудің әртүрлі кезеңдеріне жіберілген тұлғалар туралы ақпаратты орналастырмау, уақытылы және/немесе толық орналастырмау.

«Б» корпусының бос немесе уақытша бос мемлекеттiк әкiмшілiк лауазымына орналасуға конкурстар өткізу кезінде хабарландырулар мемлекеттік органдардың және уәкілетті органның интернет-ресурстарында орналастырылады.

Бос орынның болуы, біліктілік талаптары, қажетті құжаттар тізбесі, іріктеудің әртүрлі кезеңдеріне жіберілген тұлғалар туралы ақпаратты орналастырмау, уақытылы және/немесе толық орналастырмау фактілері болған жоқ.

Іріктеу кезеңдерін өткізу мерзімдерінің болмауы (бос орын туралы хабарландыруды орналастыру, құжаттарды қабылдау, әңгімелесу, тестілеу және т.б.).

Басқарманың конкурсы бойынша облыс әкімі аппаратының бірыңғай конкурс отырысы арқылы өткізіліп келеді. Бірыңғай конкурс отырысы кезеңінде басқарма тарапынан жарияланған конкурстарда тиісті құжаттарды рәсімдеу облыс әкімі аппаратының персоналды басқару қызметі арқылы жүзеге асырылады.

Әңгімелесу және тестілеу өткізу үшін сұрақтарды қалыптастыру және қорғау тетігінің болмауы.

«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған конкурс бойынша әңгімелесу мен тестілеу өткізу үшін сұрақтарды қалыптастыру бірыңғай конкурс өткізу бойынша облыс әкімі аппаратының персоналды басқару қызметі арқылы жүзеге асырылады.

 

Кандидаттар үшін әркелкі жағдайлар жасау.

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік әкiмшiлiк қызметшілерді, мемлекеттік әкiмшiлiк лауазымдарға орналасуға үміткер кандидаттар үшін «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңының талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.

 

Үміткерлерді жұмысқа қабылдау туралы шешім қабылдайтын тұлғалардың мүдделер қақтығысын реттеу жөніндегі шараларды қамтамасыз етпеу.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңына сәйкес, мемлекеттiк қызметшiлер мүдделер қақтығысын болғызбау және реттеу жөніндегі шараларды қабылдауға тиiс. Басқарма тарапынан мүдделер қақтығысы орын алған жағдайда мүдделер қақтығысын болдырмау мақсатында тиісті шаралар қабылданады.

Тiкелей басшы немесе мемлекеттiк органның басшылығы мемлекеттiк қызметшiнiң өтiнiшi бойынша немесе басқа көздерден ақпарат алған кезде мүдделер қақтығысын болғызбау және реттеу жөніндегі шараларды уақтылы қабылдауға, оның iшiнде:

1) мүдделер қақтығысы соған байланысты туындаған немесе туындауы мүмкiн мәселе бойынша мемлекеттiк қызметшiнiң лауазымдық өкілеттіктерін атқаруды басқа мемлекеттік қызметшіге тапсыруға;

2) мемлекеттiк қызметшiнiң лауазымдық мiндеттерiн өзгертуге;

3) мүдделер қақтығысын жою жөніндегі өзге де шараларды қабылдауға тиіс. Мемлекеттiк қызметшi, оның тiкелей басшысы және мемлекеттiк органның басшылығы өздерiне белгiлi болған мүдделер қақтығысы жағдайларын болғызбау және реттеу жөніндегі шараларды қабылдамағаны үшiн тәртiптiк жауаптылықта болады.

 

 

Жұмыскерлерді конкурстық іріктеу жүргізбей лауазымға жоғарылату, өзге лауазымдарға ауыстыру.

2023 жыл:

Қызылорда облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының 13.03.2023 жылғы №23 бұйрығымен Каримов Ғалымжан Болатұлы – туризмді дамыту бөлімінің басшысы, Шырынбеков Нұрлан Полатханұлы – салалық бақылау бөлімінің бас маманы, Тәжібаев Ғазиз Болатбекұлы – жер қойнауын пайдалану бөлімінің бас маманы және Қапбарова Гүлмира Әділханқызы – сауданы дамыту бөлімінің бас маманы лауазымдарына конкурстық іріктеуді жүргізбей тағайындалды.

        

Талдау объектісі қызметкерлерінің жалақысы, көтермелеулері туралы ақпараттың жабықтығы.

Мемлекеттiк қызметшiлердің еңбегіне ақы төлеу Қазақстан Республикасының Президенті бекітетін Еңбекақы төлеудің бірыңғай жүйесі негізінде жүзеге асырылады.

Мемлекеттік қызметшілерге, «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің лауазымдық айлықақыларына үстемеақылар белгілеу тәртібі мен шарттарын тиісті заңнама талаптарына сәйкес жүзеге асырылып келеді.

 

Тәртіптік жазалар алынбаған жағдайда, жұмыскерлерді көтермелеу.

Мемлекеттік қызметшілерді көтермелеу лауазымдық міндеттерін үлгілі орындағаны, мінсіз мемлекеттік қызметі, ерекше маңызды және күрделі тапсырмаларды орындағаны және жұмыстағы басқа да жетістіктері үшін, сондай-ақ олардың жұмысын бағалаудың нәтижелері бойынша қолданылады.

Мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен Қазақстан Республикасы органдарының қызметкерлеріне сыйлық беру, материалдық көмек көрсету және лауазымдық жалақыларына үстемеақылар белгілеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 29 тамыздағы №1127 қаулысы негізінде, тәртіптік жазалары бар қызметкерлерге басқарма тарапынан сыйақы  берілмейді.

 

Мерзімнен бұрын алынған жазалардың көптігі.

Облыс әкімі аппаратының басшысы Ш. Баймановтың 17.01.2023 жылғы №09-2/16-қх қызметтік хатына сәйкес, Қызылорда облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының 20.01.2023 жылғы №4 бұйрығымен басқарма басшысының орынбасарлары Ф. Қожабергеновке «сөгіс», Р. Сұлтангереевке «ескерту», бөлім басшылары Ғ. Каримовке, С. Баймахановаға, бас маман
Г. Қапбароваға «ескерту» және бөлім басшысы Қ. Балмағамбетовке «сөгіс» түріндегі тәртіптік жазалары қолданылды.

Дегенмен, облыс әкімі Н. Нәлібаевтың 2023 жылғы 2 маусымдағы №99-ө өкімі және басқарма басшысының орынбасары Ж. Берденованың ұсынысына сәйкес Қызылорда облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының 20.01.2023 жылғы №4 бұйрығымен басқарма басшысының орынбасары
Р. Сұлтангереевке «ескерту», бөлім басшылары Ғ. Каримовке, С. Баймахановаға, бас маман Г. Қапбароваға «ескерту» және бөлім басшысы Қ. Балмағамбетовке «сөгіс» түріндегі тәртіптік жазалары мерзімінен бұрын алынып тасталды (21.06.2023 жылғы №90-т бұйрығы).

Сонымен қатар, Басқарма басшысының орынбасары А. Каюповтың қызметтік хаты негізінде Қызылорда облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының 31.10.2023 жылғы №142-Ж бұйрығымен туризмді дамыту бөлімінің басшысы Ғ. Каримовке «сөгіс» түріндегі тәртіптік жазасы қолданылып, Басқарма басшысының орынбасары Ж. Берденованың қызметтік хатына сәйкес Басқарманың 30.11.2023 жылғы №161-Ж бұйрығымен «сөгіс» түріндегі тәртіптік жазасы мерзімінен бұрын алынып тасталды.

 

13) Жұмыс нәтижелеріне қарамастан, талдау объектісінің лауазымды адамдарының қалауы бойынша қызметкерлерді көтермелеу.

Басқарма қызметінің алға басуына өз үлесін қосып отырған басқарма қызметкерлеріне сыйақы беру үшін басқарманың бөлім басшыларының, орынбасарлардың ұсынысы негізінде сыйлықақы беру жөнінде шешімдер заңға сәйкес қабылданып келеді.

«Мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен Қазақстан Республикасы органдарының қызметкерлеріне сыйлық беру, материалдық көмек көрсету және лауазымдық жалақыларына үстемақылар белгілеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 29 тамыздағы №1127 қаулысына (бұдан әрі – Қаулы) сәйкес Басқарма қызметінің алға басуына өз үлесін қосып отырған басқарма қызметкерлеріне сыйақы беру үшін басқарманың бөлім басшыларының ұсынысы негізінде сыйлықақы беру жөнінде шешімдер заңға сәйкес қабылданып келеді.

Сонымен қатар, мемлекеттік қызметшілерді атқарған жұмыстарының нәтижесіне сәйкес мемлекеттік мерекелерде марапаттауға ұсыныстар жолданып тұрады.

 

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне шалдыққан лауазым тізбесі

Сыбайлас жемқорлық тәуекеліне шалдыққан лауазым

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері бар лауазымдық өкілеттіктер

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің деңгейі

Кәсіпкерлікті дамыту және қолдау бөлімінің (басшысы немесе бас маманы)

әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілер тізіліміне енгізілген кәсіпкерге мемлекеттік бағдарламаларды қолдану барысында жеңілдіктер, салықтық жеңілдіктер, жалдау ақысын субсидиялау секілді жеңілдіктерді беру

Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізіліміне енгізуге қажетті құжаттар қолма-қол қабылданады.

Орташа

 

  1. Мүдделер қақтығысын реттеу.

2023 жыл қорытындысымен мүдделер қақтығысы фактілері анықталған жоқ.

 

  1. Мемлекеттік қызметтер көрсету.

Қызылорда облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасында
5 түрлі мемлекеттік қызмет көрсетіледі.

Олар:

  1. 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамытудың ұлттық жобасы аясында жаңа бизнес идеяларды іске асыру»:

2023 жылы республикалық бюджет қаражаты есебінен 70,0 млн. теңге және облыстық бюджет қаражаты есебінен шағын кәсіпкерлерге 54,2 млн. теңге қаражат бөлінді.

  1. 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамытудың ұлттық жобасы шеңберінде өндірістік (индустриялық) инфрақұрылым жүргізу:

- 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде өндірістік (индустриялық) инфрақұрылым жүргізу бойынша жобаларды қарау жөніндегі өңірлік үйлестіру кеңесінің 05.04.2023 жылғы отырысында 4 жоба қаралып, №1 хаттамалық шешіміне сәйкес 3 жоба мақұлданды. Олар:

  1. «Премиум Класс-Строй» ЖШС-нің Жаңақорған ауданы Құттықожа ауылдық округіндегі әк шығару зауытының 452 млн. теңгеге теміржол тұйығы және 41,9 млн. теңгеге электрмен жабдықтау құрылысын жүргізу;
  2. «Муслимова» жеке кәсіпкерлігінің Жалағаш кентіндегі орталық моншаны 15 млн. теңгеге газбен жабдықтау құрылысын жүргізу;
  3. «Мирас» жеке кәсіпкерлігінің Шиелі ауданы Досбол би ауылының жанында орналасқан автожол бойындағы жолбойы кешеніне инженерлік инфрақұрылым құрылысына 46,3 млн. теңгеге электр желісі мен ауыз су тарту құрылыстарын жүргізу жобалары.

- 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде өндірістік (индустриялық) инфрақұрылым жүргізу бойынша жобаларды қарау жөніндегі өңірлік үйлестіру кеңесінің 17.05.2023 жылғы отырысында 2 жоба қаралып, №2 хаттамалық шешіміне сәйкес 2 жоба мақұлданды. Олар:

  1. «РЗА» АҚ-ның Қазалы ауданы Әйтеке би кентінде орналасқан сүт бағытындағы мал шаруашылығы фермасына кернеулігі 110/35/10 кв «Әйтеке би» қосалқы станциясының 27 ұяшық арқылы 10 кв 2 цептік ұзындығы 10 км әуе желісінің бұрыннан жүргізілген 1 цептік әуе желісіне қосымша екінші әуе желісі жүргізу;
  2. «РЗА» АҚ-ның жалпы құны 386,3 млн. теңгені құрайтын «Қазалы ауданы Қарашеңгел ауылдық округі, Қызыл ту мекенінде 184,3 га суармалы жер телімін құру» жобасына электр желісін тарту және сумен жабдықтау.

- 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде өндірістік (индустриялық) инфрақұрылым жүргізу бойынша жобаларды қарау жөніндегі өңірлік үйлестіру кеңесінің 15.06.2023 жылғы отырысында 1 жоба қаралып, №3 хаттамалық шешіміне сәйкес «РЗА» АҚ-ның жалпы құны 2029,5 млн. теңгені құрайтын «Қазалы ауданы Құмжиек ауылдық округі, Мортық мекенінде 877,5 га суармалы жер телімін құру» жобасына 157,162 млн. теңгеге электр желісін тарту және 999,5 млн.теңгеге сумен жабдықтау мақұлданды;

- 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде өндірістік (индустриялық) инфрақұрылым жүргізу бойынша жобаларды қарау жөніндегі өңірлік үйлестіру кеңесінің 19.07.2023 жылғы отырысында 1 жоба қаралып, №4 хаттамалық шешіміне сәйкес «Aray-Food» ЖШС-нің 4 мың тонналық көкөніс сақтау қоймасын электрмен жабдықтау жобасына өндірістік инфрақұрылым салуды қаржыландыру туралы шешім қабылданды;

- 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде өндірістік (индустриялық) инфрақұрылым жүргізу бойынша жобаларды қарау жөніндегі өңірлік үйлестіру кеңесінің 23.10.2023 жылғы отырысында 1 жоба қаралып, №5 хаттамалық шешіміне сәйкес «Тан ЛТД» ЖШС-нің «ауыл шаруашылығы дақылдарын (жүгері) егуді электрмен жабдықтау» жобасына өндірістік инфрақұрылым салуды қаржыландыру туралы шешім қабылданды.

  1. Кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндіруге жер қойнауын пайдалану құқығының кепіл шартын тіркеу:

Кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндіруге жер қойнауын пайдалану құқығының кепіл шартын тіркеу қызметі бойынша «Аралтұз» ЖШС
2 өтініміне
қорытынды берілді.

  1. Болашақ құрылыс учаскесі астындағы жер қойнауында пайдалы қазбалардың жоқ немесе оның аз мөлшерде екендігі туралы қорытынды беру:

Болашақ құрылыс учаскесі астындағы жер қойнауында пайдалы қазбалардың жоқ немесе оның аз мөлшерде екендігі туралы қорытынды беру бойынша «КАТЭК» ЖШС-не 2 қызмет көрсетілді. Оның 1-ші қызметінде дәлелді себептермен бас тартылған болса, 2-ші қызметінде қорытынды берілді.

  1. Пайдалы қазбалар жатқан аумақтарда құрылыс салуға рұқсат беру:

Пайдалы қазбалар жатқан аумақтарда құрылыс салуға рұқсат беру қызметі бойынша өтінім келіп түскен жоқ.

Бұдан бөлек мемлекеттік қызметтер көрсетілген жоқ.

  1. VI. Рұқсат беру функцияларын іске асыру

Қызылорда облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасында
2 рұқсат беру функциясын іске асыру көзделген.

  1. Туристік операторлық қызметті (туроператорлық қызмет) жүзеге асыруға лицензия беру;

2023 жылы «Туристік операторлық қызметті (туроператорлық қызмет) жүзеге асыруға лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің
2020 жылғы 29 мамырдағы № 156 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес
2 туроператорлық қызметке лицензиялау қызметі көрсетілді.

  1. «BI Sayahat» ЖШС
  2. «ЦУН» АБҚ
  3. Кен іздеушілікке арналған лицензияны беру.

2023 жылы кен іздеушілікке арналған лицензия беру бойынша өтінім келіп түскен жоқ.

 

Хабарламалар

«Заңды тұлғалардың түсті және қара металдар сынықтары мен қалдықтарын жинауы, сақтауы, қайта өңдеуі және өткізуі жөніндегі қызметтің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы» қызметті Қызылорда облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасына бастағаны туралы хабарлама беру арқылы жүзеге асыру көзделген.

Қызылорда облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасына кәсіпкерлік субъектілерінен:

2023 жылдың басынан бері 18 хабарлама келіп түскен.

 

VII. Бақылау функцияларын іске асыру

30.12.2022 жылы ҚР Кәсіпкерлік Кодексіне өзгерістер енгізу арқылы жергілікті атқарушы органдардан әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағаларына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру құзыреті алынып тасталған.

Қазіргі таңда, бағаларға мемлекеттік бақылау және тексеру шаралары одан әрі Қызылорда облысының сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментімен жүргізілуде.

 

VIII. Бюджет және қаржы қаражатын игеру және бөлу.

 

2023 жылғы игерілу туралы мәлімет

Қаржыландыру жоспары бойынша 2023 жыл қорытындысымен 3 771 088,1 теңге қаралып, 3 771 065,7 теңге игерілген немесе қаржыландыру жоспары
100 пайызға орындалған, оның ішінде:

265 001 «Жергілікті деңгейде кәсіпкерлікті және өнеркәсіпті дамыту саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер» бағдарламасы бойынша облыстық бюджеттен 273 275,4 мың теңге бөлініп,
273 253,1 мың теңге игерілген немесе 99,9%;

265 004 «2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде жеке кәсіпкерлікті қолдау» бағдарламасы бойынша
48 669,0 мың теңге бөлініп, 48 668,9 мың теңге игерілген немесе 100%;

265 011 «Кәсіпкерлік қызметті қолдау» бағдарламасы бойынша 14 251,8 мың теңге қаралып, 14 251,8 мың теңге игерілген немесе 100%;

265 014 «2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба және Басым жобаларға кредит беру тетігі шеңберінде кредиттер бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялау» бағдарламасы бойынша 2 324 461,0 мың теңге қаралған, 2 324 461,0 мың теңге игерілген немесе 100%;

265 015 «2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба және Басым жобаларға кредит беру тетігі шеңберінде шағын және орта бизнеске кредиттерді ішінара кепілдендіру» бағдарламасы бойынша 487 091,0 мың теңге қаралған, 487 091,0 мың теңге игерілген немесе 100%;

265 021 «Туристік қызметті реттеу» бағдарламасы бойынша 24 726,2 мың теңге қаралып, 24 726,2 мың теңге игерілді немесе 100%;

265 065  «Заңды тұлғалардың жарғылық капиталын қалыптастыру немесе ұлғайту» бюджеттік бағдарламасы бойынша жергілікті бюджеттен бөлінген 541 106,0 мың теңге, нақты игерілгені 541 106,0 мың теңге немесе 100%;

265 074 «Кәсіпкерлік субъектілерінің санитарлық-гигиеналық объектілерді ұстауға шығыстарының бір бөлігін субсидиялау» бағдарламасы бойынша 9 912,7 мың теңге қаралып, 9 912,7 мың теңге игерілді немесе 100%;

265 082 «Кәсіпкерлікті дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жобасы шеңберінде жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін жас кәсіпкерлерге мемлекеттік гранттар беру» бағдарламасы бойынша 47 595,0 мың теңге қаралып,  47 595,0 мың теңге игерілді немесе 100%.

 

 

 

 

ІХ. Жеке және заңды тұлғалармен шарттар жасасу.

Қызылорда облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының
2023 жылға арналған мемлекеттік сатып алу жоспары басқарма басшысының
2022 жылғы 27 желтоқсандағы №58-НҚ бұйрығымен бекітілген.

2023 жылға бекітілген мемлекеттік сатып алу жоспары 52 813 861,03 теңгеге (ҚҚС-есебінсіз) мемлекеттік сатып алулар жоспарланып, оның ішінде:

Ашық конкурс арқылы 27 435 196,43 теңге (ҚҚС-есебінсіз);

Баға ұсыныстарын сұрату тәсілі бойынша 22 015 866,39 теңге (ҚҚС-есебінсіз);

Тікелей шарт жасасу арқылы бір көзден 4 723 625 теңге (ҚҚС-есебінсіз).

Мемлекеттік сатып алу туралы ҚР 2015 жылғы 4 желтоқсандағы Заңының талаптары сақтала отырып, есепті кезеңге жылдық мемлекеттік сатып алу жоспарына 8 рет өзгерістер енгізілді.

Ішкі мемлекеттік аудит департаментімен 2023 жылы жоспарлы тексерулер жүргізілмеген.

Мемлекеттік сатып алу туралы ҚР 2015 жылғы 4 желтоқсандағы Заңының талаптары сақталған және де өткізілген сатып алуларда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл туралы заңының талаптарын бұзылуына ықпал ететін фактілер байқалмады.

 

Х. Ақпараттық жүйелерді әзірлеу және пайдалану.

Басқармада ақпараттық жүйелерді әзірлеу және пайдалану жүйесі қарастырылмаған.

 

Жеке және заңды тұлғалардың өтініштеріне байланысты:

Басқарманың жеке қабылдау кестесі Қызылорда қаласы, Сұлтан Бейбарыс көшесі, құрылыс №1 мекенжайында орналасқан облыс әкімдігі ғимаратының
1 қабатында көпшілікке көрінетін жерге ілініп, арыз-шағымдарға арналған пошта жәшігі басқарманың қабылдау бөлімінде орналастырылған.

2023 жылдың ІІ, ІІІ және IV тоқсан қорытындысымен - 341 өтініш келіп тіркелген. Оның ішінде жоданымның түрлері бойынша: арыз – 185, шағым – 18, басқа да жолданымдар (ұсыныс, хабарлама, сұрау салу және т.б.) – 138. Өз құзыреті бойынша басқа мемлекеттік органдарға 57 өтініш (перенаправление) қайта бағытталған. Басқарма тарапынан 290 жолданым қаралып, 119 өтінішке жауап берілді.

Өтініштердің барлығына заңға сәйкес жазбаша жауап берілді.

Басқармаға қарауға жолданған жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша ҚР Әкімшілік рәсімдік-процесстік кодексіне сәйкес жауаптар берілуін, өтініштердің уақытылы есепке алынуын қадағалау бағытында талаптарын бұзушылықтар орын алмаған.

Басқармаға қарауға жолданған жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша ҚР Әкімшілік рәсімдік-процесстік кодексіне сәйкес жауаптар берілуін, өтініштердің уақытылы есепке алынуын қадағалау бағытында талдау жасалды. Талдау барысында мерзімі кешігіп орындалғандар анықталмады.

 

 

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмау және жою мақсатында ҰСЫНЫМДАР:

  1. Басқарманың барлық мемлекеттік әкімшілік қызметкерлеріне:

- сыбайлас жемқорлық көріністеріне қарсы тұрсын және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарына жол бермесін;

- басқа мемлекеттік қызметшілер тарапынан жасалған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактілерінің жолын кессін.

  1. Басқарма басшысының орынбасарлары мен барлық бөлім басшыларына:

- Фейсбук әлеуметтік желісінде тұрғындарды хабардар ету үшін ай сайын интернет-конференциялар ұйымдастырсын;

  1. Әкімшілік бақылау бөліміне:

- Басқармаға қабылданған (тағайындалған) қызметшілерге «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл туралы» және «Мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңдарының, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексінің талаптарын қатаң сақтау жөнінде және шектеулермен арнайы жазбаша таныстырсын;

- Тұрақты түрде құқықтық оқыту өткізсін;

- 2024 жылға бекітілген тауарларды, қызметтерді, жұмыстарды конкурс, баға ұсыныстарын сұрату тәсілі арқылы сатып алуды жүзеге асырсын.

  1. Кәсіпкерлікті дамыту және қолдау, жер қойнауын пайдалану және туризмді дамыту бөлімдері:

- Мемлекеттік қызметтер мен рұқсат беру функцияларын іске асыру барысында қызмет алушыларға сапалы, уақытылы, заңды қызмет көрсетсін.

  1. Кәсіпкерлікті дамыту және қолдау бөлімі:

Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізілімін электронды түрде жүргізуді және оны «eGov mobile business» қосымшасы арқылы жүзеге асыру уәкілетті орган Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігіне хат жолдасын.

Осы ұсынымдарды іске асыру мерзімі: қыркүйек 2024 жыл.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КЕЛІСЕМІН

Басқарма басшысы

_____________  Д. Абсаттаров

_______________

А. Каюпов

 

_______________

Ж. Берденова

 

_______________

Н. Шырынбеков

 

_______________

Ғ. Шонбаева

 

_______________

М. Сейдалиева

 

_______________

Е. Елеуишов

 

_______________

Д. Құдайбергенова

 

_______________

Қ. Балмағамбетов

 

_______________

Г. Уалихан

 

Дата публикации
14 апреля 2022