
Аудан бойынша жұмыс іздеуші ретінде хабарласқандар саны 6455 (Қармақшы-4823, Байқоңыр қаласы-1632), есепте тұрған жұмыссыз азаматтардың саны – 528 адам (Қармақшы-359, Байқоңыр қаласы-169), Тіркелген жұмыссыздар үлесі 1,3 пайыз (Қармақшы-1,5 Байқоңыр қаласы-1,1). 1646 азамат жұмысқа орналастырылды (Қармақшы-1261, Байқоңыр қаласы-385).
2023 жылы аудан бойынша 2856 жаңа жұмыс орындарын ашу жоспарланып, 2896 жаңа жұмыс орындары ашылды (тұрақтысы 1319 орын, 126,8 пайыз) немесе жылдық жоспар 101,4 пайызға орындалды.
Аудан бойынша 2023 жылы Ұлттық жоба аясында барлығы 24 жобаны жүзеге асыру жоспарланған. Осы бекітілген жобалар бойынша 186 жаңа жұмыс орнын ашу жоспарланса (111 тұрақты,75 уақытша), бүгінгі күнге 215 азамат жұмыспен қамтылды (119 тұрақты және 96 уақытша).
Атап айтқанда: «Сапалы білім»білімді ұлт» бағдарламасы аясында 56 тұрақты жұмыс орыны және "Мықты өңірлер-ел дамуының драйвері» бағдарламасымен 31 уақытша жұмыс орындары ашылды.
Қазақстан республикасының агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған бағдарламасы аясында 52 тұрақты жұмыс орындары құрылды.
Сонымен қатар, «Жасыл Қазақстан» бағдарламасы аясында 76 жаңа жұмыс орындары құрылды.
Жұмыссыздық деңгейін азайту мақсатында 2024 жылдың 1 қаңтарына 12 рет бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өткізілді. Жұмыс берушілер саны 83, бос жұмыс орындарының саны 94.