2025 жылдың 23 қыркүйек күні сағат 18:00 Қармақшы аудандық сайлау комиссиясының келесі мәселелер бойынша отырысы өткізіледі:
- 2025 жылғы 19 қазанға тағайындалған Қармақшы ауданының Төретам кенті әкімін сайлауында өзін өзі ұсынған әкім болуға кандидаттарды сайлаушылардың қолдау қолдарын жинау үшін қолдап дауыс беретін сайлаушылардың санын анықтау туралы;
- Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, Төретам кенті әкіміне кандидат Жолмаханов Нурсултан Сабытбековичтің сенім білдірген адамдарын тіркеу туралы;
- Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, Төретам кенті әкіміне кандидат Сайымов Нұрлыбек Ізбасарұлының сенім білдірген адамдарын тіркеу туралы;
- Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, Төретам кенті әкіміне кандидат Токшылыков Нуржан Алматовичтің сенім білдірген адамдарын тіркеу туралы;
Өтетін орны: Қармақшы ауданы, Жосалы кенті, Ораз ахун көшесі, №44
Бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін аккредиттеу 2025 жылдың 23 қыркүйек күні сағат 17.30 дейін келесі телефон бойынша жүзеге асырылады 8(72437) 2 12 37.