Лого

Меню

Страницы

Статья

Қармақшы ауданы бойынша аудан және кент, ауылдық округі әкімдерінің халықпен кездесу барысында тұрғындар тарапынан айтылған ұсыныстар мен ескертулерді іске асыру жөніндегі ІС-ШАРАЛАР ЖОСПАРЫ (Өткізілген мерзімі: 2022 жыл 16-20 мамыр аралығы)

Қармақшы ауданы бойынша аудан және кент, ауылдық округі әкімдерінің халықпен кездесу барысында тұрғындар тарапынан айтылған ұсыныстар мен ескертулерді іске асыру жөніндегі ІС-ШАРАЛАР ЖОСПАРЫ

(Өткізілген мерзімі: 2022 жыл 16-20 мамыр аралығы) 

 

№

Айтылған ұсыныс/ескертпелер

Ұсыныс/ескертпелерді орындау жөніндегі іс шаралар және орындалу мерзімі

Жауапты

орындаушылар

Ескертпе

Т.Көмекбаев ауылдық округі

1.      

Аяқ су мәселесін шешу үшін ауыл сыртындағы су ақпай тұрған бұлақтарға тазалау жұмыстарын жүргізу 

Қазіргі таңда, жайылымдық жерлерді суландыру мақсатында аудан бойынша жұмыс жасау қабілеті бар 26 скважина (оның ішінде, 7 скважина Т.Көмекбаев ауылдық округінде)  анықталып, бүгінге құжаттандыру жұмыстары толық жүргізіліп, жоба-сметалық құжаттарын әзірлеу үшін қаржы бөлуге облыстық табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасына бюджеттік өтінім тапсырылды.

Н.Ахметов

Ә.Омаров

 

2.      

«Самара-Шымкент-Ақжар-Тұрмағамбет-Т.Көмекбаев» автожолына жөндеу жұмыстарын жүргізу

«Самара-Шымкент-Ақжар-Тұрмағамбет-Т.Көмекбаев» автомобиль жолының бойындағы Қуаңдария ауылына кіре-беріс және Т.Көмекбаев ауылы бағытында жол бойындағы көпірдің ойылған жерлері қалпына келтіріліп,  екі қапталы демеушілер есебінен қоршалды.

Р.Ефенов

 

Қуаңдария ауылдық округі

3.      

«Самара-Шымкент-Ақжар-Тұрмағамбет-Т.Көмекбаев» автомобиль жолының бойындағы Қуаңдария ауылына кіре-беріс және Т.Көмекбаев ауылы бағытындағы жолдағы көпірге жөндеу жұмыстарын жүргізіп, шлюз салу

«Самара-Шымкент-Ақжар-Тұрмағамбет-Т.Көмекбаев» автомобиль жолының бойындағы Қуаңдария ауылына кіре-беріс және Т.Көмекбаев ауылы бағытында жол бойындағы көпірдің ойылған жерлері қалпына келтіріліп,  екі қапталы демеушілер есебінен қоршалды.

А.Аймырзаев

Р.Ефенов

 

 

4.      

Қуаңдария ауылында мал шаруашылығын дамыту мақсатында мал өрісіне және жайылымына қолайлы ауылдық округке жақын орналасқан 10 ұңғыманы(скважинаны) қазу, ашу және құжаттандыру жұмыстарын жүргізу

Қазіргі таңда, жайылымдық жерлерді суландыру мақсатында аудан бойынша жұмыс жасау қабілеті бар 26 скважина (оның ішінде, 10 скважина Қуаңдария  ауылдық округінде)  анықталып, бүгінге құжаттандыру жұмыстары толық жүргізіліп, жоба-сметалық құжаттарын әзірлеу үшін қаржы бөлуге облыстық табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасына бюджеттік өтінім тапсырылды.

Ә.Омаров

Р.Ефенов

А.Аймырзаев

 

Алдашбай ахун ауылдық округі

5.      

Спорт алаңын жөндеуден өткізу немесе жаңадан салу

Алдашбай Ахун ауылдық округіндегі спорт алаңына жасанды төсенішті (газон) ауыстыруға 2394,8 мың теңге қаржыға бюджеттік өтінім өткізілген.

Қаржы бөлінуіне қарай тиісті жұмыстар жүргізілетін болады.

Ж.Ерқосаев

Н.Тоғызбаев

Н.Мырзабаев

 

6.      

Ауылдық округтенқосымша ауыз су сақтайтын қойма салу

 

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес 2025 жылға қарай барлық елді мекендерді сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету міндеттелген. Осыған байланысты, «Алдашбай Ахун елді мекеніндегі су құбыры ғимараттарын қайта жаңғырту» жұмыстарына республикалық бюджеттен  199,444 млн. теңге бөлінген. Мемлекеттік сатып алу қорытындысымен «Асанас Дар» ЖШС-гі  жеңімпаз болып анықталып, бүгінгі күнге құрылыс жұмыстары жүргізілуде

М.Әбдірауықов

 

7.      

Ауыл көшелерін жарықтандыру

О.Шораяқұлы көшесіне жарықтандыру жұмыстарын жүргізу үшін аудандық бюджеттен 11337,4 мың теңге қаржы қаралды. Мемлекеттік сатып алу конкурсының қорытындысымен «Пульс» ЖШС жеңімпаз болып анықталып, жарықтандыру жұмыстарын толығымен аяқтады.

Ж.Ерқосаев

Н.Тоғызбаев

Р.Ефенов

Ж.Ниматулла

 

Дауылкөл ауылдық округі

8.      

Дәрігерлік амбулатория салу

«2021-2024 жылдарға арналған Қызылорда облысы бойынша денсаулық сақтау саласының экономикалық және бюджеттік саясатын жүзеге асыру»  жол картасы аясында  2021 жылы  «Тұрмағамбет» дәрігерлік амбулаториясы(4,2 млн.тг) ғимаратының құрылысын салу мақсатында мемлекеттік сараптамадан өткен жобалық-сметалық құжаттамаcы әзірленіп, 2023 жылы «Тұрмағамбет» дәрігерлік амбулаториясы (145 млн.тг) ғимаратының құрылысын жүргізу жоспарлануда.

Б.Нысанбаев (келісімі бойынша)

 

 

9.      

Өрт сөндіруге арналған арнайы техника бөлініп, бір штат ашу

Дауылкөл ауылдық округіне өрт сөндіруге арналған арнайы техникаға аудандық бюджеттен 3494,0 мың теңге қаржы бөлініп, сатып алынды.

Өрт сөндіруге арналған арнайы техникаға байланысты бір штат ашу бойынша тиісті шаралар қабылдануда.  

Ж.Ерқосаев

С.Смағұлов

Д.Бисембаев

 

Ақжар ауылдық округі

10.            

Егінге қажетті су көлемін арттыру

Биылғы жылы егінге қажетті су көлемін жеткізу үшін аудан бойынша қосымша      39 дана су айдау насостары қосылып, қажетті су көлемі қосымша шығындармен жеткізілді.

Оның ішінде; Ақжар ауылдық округіндегі «Ораз Ахун ЛТД» ЖШС-ің 1759 гектар егісіне қажетті 35040 м3 және «Ақжар» шаруа қожалықтарының 1169 гектар егісіне қажетті 28060 м3 су көлемі жеткізіліп, бүгінгі күні егін жинау жұмыстары уақытылы аяқталды.

Е.Бодыбаев (келісімі бойынша)

Ә.Омаров

 

Ақтөбе ауылдық округі

11.            

Сералиев көшесіндегі электр жарығына жөндеу жұмыстарын жүргізу

Ақтөбе ауылдық округінің Н.Сералиев пен Кеңсе көшелерінің электр жарығына жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін  жоба-сметалық құжаттамасы әзірленіп, сараптаманың қорытындысы алынған.

Жобаның жалпы құны 3,76 млн. теңгені

құрайды. Қазіргі таңда, жобаға қаржы бөлу бойынша тиісті шаралар қабылдануда.

Б.Далабаев

Д.Ахметов

Р.Ефенов

Р.Еспенбетов (келісімі бойынша)

 

12.            

Мүсірбаев көшесіне жөндеу жұмыстарын жүргізу

Ақтөбе ауылдық округінің Ыбырай Сейтенов, І.Мүсірбаев, Бисенбай Қасқырбаев, Тұрымбет Салқынбайұлы көшелеріне орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін жоба-сметалық құжаттамасы әзірленген.

Жобаның жалпы құны 187,90 млн. теңгені құрайды.

Көшелерге орташа жөндеу жұмыстарына қаржы бөлу бойынша тиісті шаралар қабылдануда.

Д.Ахметов

Р.Ефенов

 

 

13.            

Шаруа қожалықтары ауыл тұрғындарына арзан бағада шөп сату, шөптің сапасына бақылау орнату

Ауыл тұрғындарына «Ақтөбе и К» ЖШС және «Оңталап» шаруа қожалықтары төмендетілген бағада жоңышқа және пішен шөптерін ұсынуда. Жоңышқа бағасы нарықта 650-700 теңге болса, ауыл тұрғындарына 300-400 теңге аралығында әр отбасыға 150-200 данадан үйлестіруде.

Сонымен қатар, шаруашылық жұмысшыларына 150 данадан жоңышқа шөбі тегін берілді.

Ә.Омаров

 

14.            

Шонтаева Майгүлді жұмысқа орналастыру

№16 «Перизат» балабақшасына қоғамдық негізде  жұмыспен орналасты.

Ғ.Ақжігітов

Д.Ахметов

 

ІІІ Интернационал ауылдық округі

15.            

ІІІ-Интернационал ауылынан спорт кешенінің құрылысын бастау

Қазіргі таңда, ІІІ Интернационал ауылындағы спорт кешені құрылысының жоба-сметалық құжаттамасы әзірленіп, сараптаманың қорытындысы алынған.

Жобаның жалпы құны 409,2 млн. теңгені құрайды.

Құрылысын бастауға 2023 жылға қаржы бөлу бойынша тиісті шаралар қабылдануда. 

Б.Далабаев

Н.Сайымов

М.Әбдірауықов

Н.Мырзабаев

 

16.            

Мектепке күрделі жөндеу жұмыстарынбастау

№108 орта мектепті күрделі жөндеуден өткізу үшін ақау актісіне, техникалық зерделеу жұмыстарына, жобалық іздестіру жұмыстарына, мемлекеттік сараптамадан өткізу жұмыстарына қаржы бөлуге байланысты облыстық білім басқармасына бюджеттік өтінім жолданды.

Г.Дүйсембаева (келісімі бойынша)

 

17.            

Стационарлықауруханаашу мәселесі

Қармақшы аудандық ауруханасына қарасты ІІІ Интернационал ауылдық округіндегі дәрігерлік амбулаториясы, оның ішінде стационарды алмастыратын көмек бөлімі жұмыс жасап, халыққа қызмет көрсетуде.

«Денсаулық сақтау ұйымдары желісінің мемлекеттік нормативін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2020 жылғы 15 қазандағы №ҚРДСМ-133/2020 бұйрығының талаптарына сәйкес ауылдық стационарлық ауруханалар ашу қарастырылмаған.

Б.Нысанбаев (келісімі бойынша)

 

Жаңажол ауылдық округі

18.            

Балабақша ғимаратының тозығы жеткен, заман талабына сай жаңа типтегі балабақша салу

Дүр Оңғар елді мекенінде жаңадан жобалық сыйымдылығы 90 орындық балабақша ғимаратын заман талабына сай жаңа типте салу жайлы облыстық білім басқармасына ұсыныс жолданды.Қазіргі таңда бюджет қаражатының болмауына байланысты инвесторлармен жұмыс жасау жолдары  қарастырылуда.

Г.Дүйсембаева (келісімі бойынша)

 

19.            

Жарықтандырылмаған көшелерге жарықтандыру жұмыстарын жүргізу

Жаңажол ауылдық округінің Мәжібаев Әбсаттар, Қошқаров Кенжәлі, Кәрбоз Нұрпейсов, Шегебаева Оразкүл, Нұрлыбаев Қыржықбай көшелерін жарықтандыру үшінжоба-сметалық құжаттамасы әзірленіп, сараптаманың қорытындысы алынған.

Жобаның жалпы құны 50,29 млн. теңгені құрайды.

Жарықтандыру жұмыстарына қаржы бөлу бойынша тиісті шаралар қабылдануда.

Ә.Қоқанов

Р.Ефенов

 

Иіркөл ауылдық округі

20.            

Жеке шаруа қожалықтарына егістік, шабындық және жайылымдық жерлерді ауылдан шалғай жерлерден беру

Иіркөл ауылдық округі бойынша 2018 жылы жайылымдық жерлердің қажеттілігіне талдау жұмыстары жүргізіліп,  жайылымдық  жер учаскелерін нысаналы мақсатына сәйкес пайдаланбай отырған, жер заңнамасын бұза отырып пайдаланған және құжаттарын сәйкестендірмеген меншік иелерінен «Иіркөл» ЖШС-нен 3450,0 гектар жер учаскелері мемлекет меншігіне қайтарылып, үй жануарларын үй-қораларында ұстайтын ауыл тұрғындарын жайылымдық жерлермен қамтамассыз ету мақсатында Иіркөл ауылдық округінің меншігіне берілген.

Қазіргі таңда, Иіркөл ауылдық округі бойынша елді мекеннің бекітілген мал жайылымдық жері 6500,0 гектар, ауыл маңынан жайылымдарды жеке қожалықтарға берілмеу мақсатында мемлекеттік босалқы жерлерінен 4300,0 гектар жерлер белгіленген.

Б.Далабаев

Ж.Тулегенов

Е.Еркебаев

 

21.            

Қорқыт Ата көшесінің №106 орта мектеп бойында орналасқан ғимаратының маңында оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жолға «Жасанды кедергі» орнату

2022 жылы жол қозғалысын реттейтін құрылғылар орнату мақсатында тиісті сала мамандарымен барлық елді мекендердегі қажетті жол құрылғыларына зерделеу жұмыстары жүргізіліп, барлығы 218 дана жол белгілері және 6 жерге жасанды кедергілер орнату қажеттілігі анықталды.

Осыған орай, қаржы бөлуге аудандық бюджеттік комиссияға 11169,241 мың теңгеге бюджеттік өтінім тапсырылды. Қаржы бөлінуіне қарай тиісті жұмыстар жүргізілетін болады. 

Б.Далабаев

Ж.Тулегенов

Р.Ефенов

Г.Дүйсембаева (келісімі бойынша)

Ж.Ниматулла

 

22.            

Балаларға арналған ойын алаңын салу

Иіркөл ауылдық округінде балалар спорт және ойын алаңын орналастыру бойынша жоба-сметалық құжаттамасы әзірленіп, сараптаманың қорытындысы алынған.

Жобаның жалпы құны 16,85 млн. теңгені құрайды.

Жобаға қаржы бөлу бойынша тиісті шаралар қабылдануда.

М.Әбдірауықов

Ж.Тулегенов

Ж.Ниматулла

 

Жосалы ауылдық округі

23.            

Егінге қажетті суды насоспен алып отырған шаруашылықтардың жанар-жағар май шығындарын  субсидиялау мәселесін қарастыру жөнінде тиісті орындарға ұсыныс беру

Егіске пайдаланылатын суды механикалық әдіспен (су тарту насостарымен) алған жағдайда жұмсалынатын жанар-жағар май және электр энергиясы шығындарының құнын субсидиялау мәселесіне байланысты облыстық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасына ұсыныс берілді.

Нәтижесінде су жеткізу маусымы барысында ауыл шаруашылығы құрылымдарының егіске  пайдаланылған суармалы суға төленген шығынының (қаржының) бір бөлігі субсидияланып, ал насос қондырғыларына пайдаланылатын ресурстардың (жанар-жағар май, электр энергиясы) шығыны субсидиялауға жатпайтындығы нақтыланды.

Ә.Омаров

 

Қармақшы ауылдық округі 

24.            

Теміржол астынан мал өтетін өткел салу

 

Қармақшы ауылдық округінде теміржол астынан мал өтетін тесік көпір салу бойынша «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының «Қызылорда магистралды желі бөлімшесінің» филиалына ұсыныс берілді

Б.Далабаев

А.Есқараев

Р.Ефенов

 

25.            

«Айтек» каналының аяғын Қызылтам ауылына келетін «Сарыжылуан» каналына қосып аяқ су келтіру жұмыстарын жүргізу

«Сарыжылуан» каналының ұзындығы 29,0 км, «Табиғат» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының теңгерімінде, сағасы Жалағаш ауданының Далдабай ауылының тұсындағы «Айтек» каналының аяғында.

Каналдың іске қосу мүмкіндігі бойынша «Табиғат» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнына хат жолданды.

Б.Далабаев

А.Есқараев

Р.Ефенов

Е.Бодыбаев (келісімі бойынша)

 

26.            

Ауылдық округке аяқ су келтіру, жайылымдық, шабындық жерлерді суландыру үшін тиісті шараларды қабылдау

Сырдария өзенінен бастау алатын ауылға аяқ су келтіретін Иіркөл көлінің Қайранжылған сағасынан 700 метр Қайранжырған каналына қазу және тазалау жұмыстары жүргізілді. Алдағы уақытта Иіркөл көліне түсетін су көлеміне қарай мал жайылымы, шабындықтар суландырылатын болады. 2022 жылы су айдау маусымында Қармақшы ауылына аяқ су тұрақты берілді.

А.Есқараев

Ә.Омаров

Е.Бодыбаев (келісімі бойынша)

 

Ақай ауылдық округі

27.            

Ақайауылынгаздандыру

2021 жылы облыстық бюджет есебінен республикалық маңызы бар Байқоңыр қаласының жанында орналасқан «Қызылорда облысы, Қармақшы ауданының Ақай елді мекенінде тартылатын газ құбыры мен орамішілік газ тарту желілерін салу» жобасы әзірленіп, сараптамадан оң қорытындысы алынған. Жоба құны 938606,0 мың теңге. Қазіргі уақытта, Ақай ауылын газдандыру жұмыстарын бастау үшін 2022 жылға республикалық бюджеттен 300000,0 мың теңге, аудандық бюджеттен 100,0 мың теңге қаржы бөлінген. Мемлекеттік сатып алу қорытындысымен мердігер анықталып,  құрылыс жұмыстары жүргізілуде.

Б.Далабаев

Э.Қазиева

М.Әбдірауықов

 

 

28.            

Ауылдың көшелеріне толығымен аяқ су тарту

Ақай ауылдық округіне  магистраль бойынша 2013 жылы аяқ су тарту жұмыстары жүргізілді. Магистраль бойынан 14 көшенің тұрғындары өз қаражаты есебінен жалпы 239 үй аяқ су жүргізді. Аяқ суды беретін электр насосының тозығы жетуіне байланысты 2021 жылы аудандық бюджеттен 993,0 мың теңге қаралып, аяқ суды тартатын қуаттылығы жоғары электр насосы алынып, тұрғындарға аптасына 4 мәрте су берілді.

Ауылішілік көшелеріне толығымен аяқ су тарту бойынша тиісті шаралар қабылдануда.

Б.Далабаев

Э.Қазиева

 

 

29.            

Ақай ауылының тұсынан Сырдария өзенінің арғы бетіне өтуге қалқымалы көпір салу

Қалқымалы көпірді Ақай ауылдық округінің тұсына әкеліп орнатуға облыстық автомобиль жолдары және жолаушылар көлігі басқармасына тиісті ұсынысберілді.

Б.Далабаев

Э.Қазиева

Р.Ефенов

 

30.            

Бармин көшесіне жөндеу жұмыстарын жүргізу

Төретам-Ақай айналма жолына күрделі жөндеу жұмыстарына (Бармин көшесі) жобалық-сметалық құжаттарын әзірлеу үшін 8,7 млн.теңге аудандық бюджеттен қаралды. Мемлекеттік сатып алу конкурсы нәтижесімен жобалаушы мекеме болып «Жетісу жол» ЖШС танылды. Бүгінгі күнге  аталған мекеме тарапынан жобалық- сметалық құжаттамарын әзірлеу басталуда. 

Р.Ефенов

 

Төретам кенті

31.            

Төретам кентінде тазалық жұмыстарын жүргізетін коммуналдық мекеме ашу

«Мемлекеттік кәсіпорындар, акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерiнiң) елу пайызынан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және олармен үлестес тұлғалар жүзеге асыратын қызмет түрлерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы №1095 қаулысына сәйкес коммуналдық мекемелерге тазалық және көркейту-көгалдандыру жұмыстарымен айналысу мүмкіндігі қарастырылмаған. Яғни, бұл бағыттағы қызметтер бәсекелестік ортаға берілген.

Б.Далабаев

Г.Елеусинов

Р.Ефенов

 

32.            

Төретам кентін газдандыру

2021 жылы облыстық бюджет есебінен республикалық маңызы бар Байқоңыр қаласының жанында орналасқан «Қызылорда облысы, Қармақшы ауданының Төретам кентінде тартылатын газ құбыры мен орамішілік газ тарту желілерін салу» жобасы әзірленіп, сараптамадан оң қорытындысы алынған. Жоба құны 1459338,0 мың теңге. Қазіргі уақытта, Ақай ауылын газдандыру жұмыстарын бастау үшін 2022 жылға республикалық бюджеттен 300000,0 мың теңге, аудандық бюджеттен 100,0 мың теңге қаржы бөлінген. Мемлекеттік сатып алу қорытындысымен мердігер анықталып, құрылыс жұмыстары жүргізілуде.

Б.Далабаев

Г.Елеусинов

М.Әбдірауықов

 

33.            

Газдандыру жұмыстары жүргізілген кезде әр үйдің ауласынадейін кіргізіп беру

Газдандыру жұмыстары аяқталған уақытта тиісті шаралар қабылданатын болады.

Р.Ефенов

Ғ.Елеусинов

 

34.            

Төретам кенті мен Ақай елді мекеніне арнайы техникалар беріліп, тазалық мекемесін ашу

«Мемлекеттік кәсіпорындар, акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерiнiң) елу пайызынан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және олармен үлестес тұлғалар жүзеге асыратын қызмет түрлерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы №1095 қаулысына сәйкес коммуналдық мекемелерге тазалық және көркейту-көгалдандыру жұмыстарымен айналысу мүмкіндігі қарастырылмаған. Яғни, бұл бағыттағы қызметтер бәсекелестік ортаға берілген.

Р.Ефенов

Ғ.Елеусинов

 

35.            

Ақай ауылы мен Төретам кенті ортасындағы Бармин көшесін жөндеу

Төретам-Ақай айналма жолына күрделі жөндеу жұмыстарына (Бармин көшесі) жобалық-сметалық құжаттарын әзірлеу үшін 8,7 млн.теңге аудандық бюджеттен қаралған. Мемлекеттік сатып алу конкурсы нәтижесімен жобалаушы мекеме болып «Жетісу жол» ЖШС танылды. Бүгінгі күнге  аталған мекеме тарапынан жобалық- сметалық құжаттамарын әзірлеу басталуда. 

Р.Ефенов

 

Жосалы кенті

36.            

Жосалы кентіне заманауи жабық бассейн салу

Жосалы кентіне заманауи жабық бассейн салу бойынша тиісті шаралар қабылдануда.

Б.Далабаев

М.Әбдірауықов

 

37.            

Жосалы кентінде жабық ғимаратта орналасқан балалар ойын орталығын салу

Жосалы кентінде жеке кәсіпкер Ж.Бұқпанованың иелігіндегі «Малике ана» мейрамханасының ескі ғимаратын балалар ойыны алаңы етіп жасақталған. Ғимарат ішінде балалар ойын алаңы және келушілерге асхана қызмет көрсетеді.

Ж.Ерқосаев

Ш.Сыдықов

Б.Өмірзақов

 

38.            

Балқы Базар көшесін асфальттау, жаяу жүргінші жолын салу, түнгі жарық орнату

Балқы базар көшесініңұзындығы 1,2 км құрайды. Көше асфальттанған және түнгі жарық шамдарымен қамтамасыз етілген.  

Көшеге жаяу жүргінші жолын салу бойынша тиісті шаралар қабылдануда.

Б.Далабаев

Ш.Сыдықов

Ж.Ниматулла

 

39.            

Мүсірбаев тұйығы көшесіне асфальттау, түнгі жарық орнату

 

Мүсірбаев тұйығы көшесінеқиыршық тас төсеуге аудандық бюджеттен 5 млн 544 мың теңге қаржы бөлінген. Мемлекеттік сатып алу қорытындысымен жеңімпаз анықталып, қиыршық тас төсеу жұмыстары жүргізілуде.

Мүсірбаев тұйығы көшесіне түнгі жарық орнатубойынша тиісті шаралар қабылдануда. 

Б.Далабаев

Ш.Сыдықов

Ж.Ниматулла

 

40.            

«Теміржолсуқұбыры» ЖШС мекемесінің теңгеріміндегі құбырдан ауыз суды уақытылы беру

Жосалы кентінде «Теміржолсуқұбыры» ЖШС мекемесінің теңгерімінде 2 құбыр бар, сыйымдылығы 160 куб.м«Теміржолсуқұбыры» ЖШС мекемесі арқылы 496 абонентті ауыз сумен қамтамасыз етіп отыр. Зерттеулердің нәтижесінде 496 тұтынушыларға тәулігіне 480 куб.м су беріліп отыр. Ауыз суды уақытылы беру бойынша тиісті шаралар қабылдануда.

Б.Далабаев

Ш.Сыдықов

Р.Ефенов

 

41.            

Жаз-қыс мезгілдерінде балалар демалатын  лагерьді толығымен іске қосу

Қармақшы ауданындағы жаңадан салынған жаз маусымына арналған  балалар тынығатын  лагерь, қазіргі таңда,  «Мамандандырылған №284 мектеп-лицей интернаты» атауын алып, облыс әкімінің  қаулысы   даярлануда. Жаңадан ашылатын мектеп-лицей оқу орнын  пайдалану жоспарлануда.

Г.Дүйсембаева (келісімі бойынша)

 

42.            

№183 орта мектепке аяқ су апару

Жосалы кентіндегі Нақыпов, Келмембет батыр,Тоғызбаев, Қасымов Бәйтереков, Тәуелсіздік көшелеріне 3 км жаңадан аяқ су арығы тартылып, №183 орта мектепке аяқ су жеткізу үшін асфальтты көше астынан труба жүргізу жұмыстарын жүргізу жоспарланып отыр.

Ш.Сыдықов

 

43.            

Балабақша басшыларын ротациялау

«Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшыларын ротациялауды жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы 11 қарашадағы № 559 бұйрығына сәйкес   Қармақшы ауданы бойынша мектепке дейінгі ұйым басшылары ротацияланды.

Қазіргі таңда аудан бойынша  №2 «Жұлдыз» бөбекжай-бақшасы, №5 «Айгөлек» бөбекжай-бақшасы, №6 «Айсұлу» бөбекжай-бақшасы,  №17 «Алақай» санаториялық бөбекжай-бақшасы, №24 бөбекжай-бақша меңгерушілерінің бос орындарына конкурс жариялау үшін облыстық білім басқармасына ұсыныс берілді.

Г.Дүйсембаева (келісімі бойынша)

 

44.            

Сәрке батыр көшесін жарықтандыру

Сәрке батыр көшесін жарықтандыружұмыстары бойынша жоба сметалық құжаттамасын әзірлеуге тиісті шаралар қабылдануда. 

Ш.Сыдықов

 

 

 

 

 

 

                                                                                                              

Дата публикации
25 октября 2022
Дата обновления
25 октября 2022
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

27 октября 2026
27 октября 2026
27 октября 2026
Интернет БАҚ.

Социальные медиа

Facebook
Instagram
VK

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы