Бюджеттің атқарылуы бойынша орындалған жұмыстар (2026 жылғы І тоқсанның қорытындысы бойынша)

  1. Аудан бойынша (кенттер, ауылдық округтер бюджеттерімен қоса) 2026 жылдың  1 cәуіріне  түсімдер болжамы  2 868 474,1 мың теңге орнына 3 246 324,4  мың теңгеге атқарылып, 113,2 % құрады.

     Есепті кезеңге аудандық бюджетінің өз кірістерінің жоспары  756 431,0 мың теңге болса, нақты атқарылуы 833 897,2  мың теңгені, яғни  110,2 % құрады, 77 466,2 мың теңгеге  жергілікті бюджет жоспары артық орындалды.

     Есепті кезеңге аудан бюджеті кірісінің салықтық түсімдері жоспары 749 853,3 мың теңге   816 970,4 мың теңгеге, немесе 109,0 % орындалып, 67 117,1 мың теңге артық түскен, салықтық емес түсімдері жоспары  5 314,0 мың теңге  6 023,9  мың теңгеге, немесе 113,4 %  орындалып,  709,9  мың теңге жоспардан артық түскен, негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер жоспары  1 263,7 мың теңге 10 902,9 мың теңгеге, яғни  8,6 есе орындалды,  9 6 39,2 мың теңге жоспардан артық түскен.

            Облыстық бюджеттен бөлінген трансферттер  жоспары  2 053 933,3 мың теңге  толығымен түсті.

     Аудан бойынша  2026 жылдың  1 сәуіріне     аудан  бюджетінің шығындар жоспары  2 991 827,1 мың теңге  болса   2 988 239,6 мың теңгеге атқарылып, 99,9%  құрап  3 587,5 мың теңге игерілмеді.

            Республикалық бюджеттен бөлінген трансферттер толығымен 100 % игерілді.

            Облыстық бюджеттен бөлінген трансферттерден 0,9 мың теңге қаржы үнемделуінен игерілмеді.

            Жергілікті бюджет қаржысынан  3 586,6 мың теңге игерілмеді, оның ішінде 

    Жосалы кенті әкімінің аппаратынан  2067,8 мың теңге, Т. Көмекбаев ауылдық округі әкімінің аппаратынан 401,8 мың теңге және  аудандық дене тәрбиесі, спорт және туризм бөлімінен  784,9 мың теңге айдың соңында электрондық шот-фактуралар ақпараттық жүйесінің техникалық ақаулардың орын алуына байланысты жеткізушілермен есеп айырысу жүргізу мүмкін болмауынан жоспарланған  қаражат толық игерілмей қалды  және  332,1 мың теңге  бюджеттік бағдарлама әкімшілерінен үнемделген қаржы.

        2025 жылдың 1 наурызына    аудан бюджеті шығындары жоспарының бюджеттік бағдарламалар әкімшілері бойынша атқарылуы төмендегідей қалыптасты:

    –Аудандық мәслихат аппараты – 100,0 %;

    • Аудан әкімі аппараты – 100,0%;
    • Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі –100,0 %;
    • Экономика және қаржы бөлімі – 100,0 %;
    • Құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі – 99,8 %;
    • Ауыл шаруашылығы бөлімі және жер қатынастары бөлімі – 100,0 %;

    - Кәсіпкерлік және өнеркәсіп  бөлімі –99,9 %;

    • Жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және

    АХАТ бөлімі –100,0 %;

    • Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі- 100,0%;
    • Дене тәрбиесі және туризм бөлімі –99,1%;
    • Қоғамдық даму бөлімі – 100,0 %;
    • Жосалы кенті әкімінің аппараты –98,1%;
    • Төретам кенті әкімінің аппараты – 99,9%;
    • Ақай ауылдық округі әкімінің аппараты –100,0%;
    • Жаңажол ауылдық округі әкімінің аппараты – 100,0%;
    • ІІІ-Интернационал ауылдық округі әкімінің аппараты –100,0%;
    • Ақтөбе ауылдық округі әкімінің аппараты –100,0%;
    • Ақжар ауылдық округі әкімінің аппараты –100,0%;
    • Дауылкөл ауылдық округі әкімінің аппараты – 100,0 %;
    • Иіркөл ауылдық округі әкімінің аппараты – 100,0%;
    • Жосалы ауылдық округі әкімінің аппараты – 100,0%;
    • Қуаңдария ауылдық округі әкімінің аппараты – 99,9 %;
    • Көмекбаев ауылдық округі әкімінің аппараты – 98,4%;
    • Қармақшы ауылдық округі әкімінің аппараты –100,0 %;
    • Алдашбай Ахун ауылдық округі әкімінің аппараты – 99,9%;
Дата публикации
09 апреля 2026