Қызылорда облысы Қармақшы аудандық мәслихатының 2025 жылғы 23 желтоқсандағы №364 «2026-2028 жылдарға арналған Дауылкөл ауылдық округінің бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қызылорда облысы Қармақшы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Қызылорда облысы Қармақшы аудандық мәслихатының 2025 жылғы 23 желтоқсандағы №364 «2026-2028 жылдарға арналған Дауылкөл ауылдық округінің бюджеті туралы» шешіміне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

«1. 2026-2028 жылдарға арналған Дауылкөл ауылдық округінің бюджеті 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2026 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:

         1) кірістер – 115 324,3 мың теңге, оның ішінде:

         салықтық түсімдер – 7 790 мың теңге;

         салықтық емес түсімдер – 0;

         негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 0;

         трансферттер түсімдері – 107 534,3 мың теңге;

         2) шығындар – 115 351 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу – 0;

         бюджеттік кредиттер – 0;

         бюджеттік кредиттерді өтеу – 0;

4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0;

         қаржы активтерін сатып алу – 0;

         мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0;

5) бюджет тапшылығы (профициті) – -26,7 мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) –        26,7 мың теңге;

         қарыздар түсімі – 0;

         қарыздарды өтеу – 0;

бюджет қаражаттарының пайдаланылатын қалдықтары – 26,7 мың теңге»;

жаңа мазмұндағы 7-1 тармақпен толықтырылсын:

«7-1. 2025 жылы аудандық бюджеттен бөлінген мақсатты трансферттердің пайдаланылмаған (толық пайдаланылмаған) 17,3 мың теңгені аудандық бюджетке қайтару ескерілсін.»;

көрсетілген шешімнің 1, 4-қосымшалары осы шешімнің 1, 2-қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

  1. Осы шешім 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Дата публикации
09 апреля 2026