Қызылорда облысы Қармақшы аудандық мәслихатының 2025 жылғы 23 желтоқсандағы №363 «2026-2028 жылдарға арналған Ақжар ауылдық округінің бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қызылорда облысы Қармақшы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Қызылорда облысы Қармақшы аудандық мәслихатының 2025 жылғы 23 желтоқсандағы №363 «2026-2028 жылдарға арналған Ақжар ауылдық округінің бюджеті туралы» шешіміне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

«1. 2026-2028 жылдарға арналған Ақжар ауылдық округінің бюджеті 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2026 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:

         1) кірістер – 391 304 мың теңге, оның ішінде:

         салықтық түсімдер – 7 180 мың теңге;

         салықтық емес түсімдер – 180 мың теңге;

         негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 0;

         трансферттер түсімдері – 383 944 мың теңге;

         2) шығындар – 391 616,6 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу – 0;

         бюджеттік кредиттер – 0;

         бюджеттік кредиттерді өтеу – 0;

4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0;

         қаржы активтерін сатып алу – 0;

         мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0;

5) бюджет тапшылығы (профициті) – -312,6 мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 312,6 мың теңге;

         қарыздар түсімі – 0;

         қарыздарды өтеу – 0;

бюджет қаражаттарының пайдаланылатын қалдықтары – 312,6 мың теңге»;

жаңа мазмұндағы 8-1, 8-2, 8-3 тармақтармен толықтырылсын:

«8-1. 2025 жылы Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан берілетін нысаналы трансферт есебінен республикалық бюджеттен бөлінген пайдаланылмаған (толық пайдаланылмаған) 0,6 мың теңгені аудандық бюджетке қайтару ескерілсін.

8-2. 2025 жылы облыстық бюджеттен бөлінген нысаналы трансферттердің пайдаланылмаған (толық пайдаланылмаған) 0,1 мың теңгені аудандық бюджетке қайтару ескерілсін.

8-3. 2025 жылы аудандық бюджеттен бөлінген мақсатты трансферттердің пайдаланылмаған (толық пайдаланылмаған) 2,5 мың теңгені аудандық бюджетке қайтару ескерілсін»;

көрсетілген шешімнің 1, 5-қосымшалары осы шешімнің 1, 2-қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

  1. Осы шешім 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Дата публикации
09 апреля 2026