Қызылорда облысы Қармақшы ауданы әкімдігінің «Қоғамдық тәртіпті сақтауға қатысатын азаматтарды көтермелеу түрлері мен тәртібін, сондай-ақ ақшалай өтемақылардың мөлшерін айқындау туралы» қаулысының күші жойылды деп тану туралы

«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 37-бабына сәйкес, Қармақшы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. «Қоғамдық тәртіпті сақтауға қатысатын азаматтарды көтермелеу түрлері мен тәртібін, сондай-ақ ақшалай өтемақылардың мөлшерін айқындау туралы» Қызылорда облысы Қармақшы ауданы әкімдігінің 2019 жылғы
    09 тамыздағы №993 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6879 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
  2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қармақшы ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
  3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Дата публикации
18 марта 2026