«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 19-бабы 6 тармағы, 2-бөлігінің 1-, 3-тармақшаларына сәйкес, Қармақшы аудандық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Қармақшы ауданының №7 округтік сайлау комиссиясының төрағасы Әділбаев Ақылбек Болысбайұлының өз өтінішіне сәйкес міндетін атқарудан босатылсын.
- Қармақшы ауданының №11 округтік сайлау комиссиясының хатшысы Сулейменова Арайлым Адильхановнаның, комиссия мүшелері Ираева Ақниет Ғалымбайқызының және Серикбаева Перизат Райысбекқызының өз өтініштеріне сәйкес міндетін атқарудан босатылсын.
- Қармақшы ауданының №13 округтік сайлау комиссиясының төрағасы Ажимова Айнур Раманкуловнаның өз өтінішіне сәйкес міндетін атқарудан босатылсын.
- Осы қаулы Қармақшы аудандық мәслихатына, №7, №11, №13 округтік сайлау комиссияларының жолдансын және Қармақшы ауданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсының «Сайлау» бөліміне жариялансын.