Қызылорда облысы Қармақшы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«1. 2026-2028 жылдарға арналған Қармақшы ауылдық округінің бюджеті тиісінше 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2026 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер – 95 531,3 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер – 5 670 мың теңге;
салықтық емес түсімдер – 28 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 0;
трансферттер түсімдері – 89 833,3 мың теңге;
2) шығындар – 96 225 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу – 0;
бюджеттік кредиттер – 0;
бюджеттік кредиттерді өтеу – 0;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0;
қаржы активтерін сатып алу – 0;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0;
5) бюджет тапшылығы (профициті) – -693,7 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 693,7 мың теңге;
қарыздар түсімі – 0;
қарыздарды өтеу – 0;
бюджет қаражаттарының пайдаланылатын қалдықтары – 693,7 мың теңге»;
жаңа мазмұндағы 7-1, 7-2 тармақтармен толықтырылсын:
«7-1. 2025 жылы облыстық бюджеттен бөлінген мақсатты трансферттердің пайдаланылмаған (толық пайдаланылмаған) 0,4 мың теңгені аудандық бюджетке қайтару ескерілсін.
7-2. 2025 жылы аудандық бюджеттен бөлінген мақсатты трансферттердің пайдаланылмаған (толық пайдаланылмаған) 0,1 мың теңгені аудандық бюджетке қайтару ескерілсін»;
көрсетілген шешімнің 1, 4-қосымшалары осы шешімнің 1, 2-қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.