Қызылорда облысы Қармақшы аудандық мәслихатының 2025 жылғы 23 желтоқсандағы №365 «2026-2028 жылдарға арналған Алдашбай Ахун ауылдық округінің бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қызылорда облысы Қармақшы аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

  1. Қызылорда облысы Қармақшы аудандық мәслихатының 2025 жылғы 23 желтоқсандағы №365 «2026-2028 жылдарға арналған Алдашбай Ахун ауылдық округінің бюджеті туралы» шешіміне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

«1. 2026-2028 жылдарға арналған Алдашбай Ахун ауылдық округінің бюджеті тиісінше 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2026 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер – 78 315,7 мың теңге, оның ішінде:

салықтық түсімдер – 8 190 мың теңге;

салықтық емес түсімдер – 0;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 717,4 мың теңге;

трансферттер түсімдері – 69 408,3 мың теңге;

2) шығындар – 79 513,2 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу – 0;

         бюджеттік кредиттер - 0;

         бюджеттік кредиттерді өтеу - 0;

4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0;

         қаржы активтерін сатып алу - 0;

         мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0;

5) бюджет тапшылығы (профициті) – -1 197,5 мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) –       1 197,5 мың теңге;

         қарыздар түсімі – 0;

         қарыздарды өтеу - 0;

         бюджет қаражаттарының пайдаланылатын қалдықтары – 1 197,5 мың теңге»;

келесі мазмұндағы 7-1 тармақпен толықтырылсын:

«7-1. 2025 жылы аудандық бюджеттен бөлінген мақсатты трансферттердің пайдаланылмаған (толық пайдаланылмаған) 0,4 мың теңгені аудандық бюджетке қайтару ескерілсін»;

көрсетілген шешімнің 1, 4-қосымшалары осы шешімнің                             1, 2-қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

  1. Осы шешім 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Дата публикации
16 февраля 2026