Қызылорда облысы Қармақшы аудандық мәслихатының 2025 жылғы 19 желтоқсандағы №352 «2026-2028 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қызылорда облысы Қармақшы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Қызылорда облысы Қармақшы аудандық мәслихатының «2026-2028 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» 2025 жылғы 19 желтоқсандағы №352 шешіміне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

«1. 2026-2028 жылдарға арналған аудандық бюджет 1, 2, 3 - қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2026 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер – 7 790 175,6 мың теңге, оның ішінде:

салықтық түсімдер – 2 477 563 мың теңге;

салықтық емес түсімдер – 30 630 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 2 500 мың теңге;

арнаулы түсімдер – 0;

трансферттер түсімдері – 5 279 482,6 мың теңге;

2) шығындар – 6 998 937,5 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу – -13 417 мың теңге;

бюджеттік кредиттер – 205 437 мың теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу – 218 854 мың теңге;

4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0;

қаржы активтерін сатып алу – 0;

мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0;

5) бюджет тапшылығы (профициті) – 804 655,1 мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) –                   -804 655,1 мың теңге;

қарыздар түсімі – 205 437 мың теңге;

қарыздарды өтеу – 1 270 383 мың теңге;

бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 260 290,9 мың теңге»;

келесі мазмұндағы 9-1, 9-2, 9-3, 9-4 тармақтармен толықтырылсын:

«9-1. 2025 жылы республикалық бюджеттен бөлінген нысаналы трансферттердің пайдаланылмаған (толық пайдаланылмаған) 6,7 мың теңге сомасында облыстық бюджетке қайтару ескерілсін.

9-2. 2025 жылы облыстық бюджеттен бөлінген нысаналы трансферттердің пайдаланылмаған (толық пайдаланылмаған) 2 808,3 мың теңге сомасында облыстық бюджетке қайтару ескерілсін.

9-3. 2025 жылы Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан берілетін нысаналы трансферт есебінен республикалық бюджеттен бөлінген пайдаланылмаған (толық пайдаланылмаған) 0,6 мың теңге сомасында облыстық бюджетке қайтару ескерілсін.

9-4. Кент және ауылдық округтер бюджеттерінен республикалық, облыстық және аудандық бюджеттен бөлінген, 2025 жылы пайдаланылмаған (түгел пайдаланылмаған) нысаналы трансферттердің түсімдері 6 047,6 мың теңге сомасында көзделсін.»;

10-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

«10. Ауданның жергілікті атқарушы органының 2026 жылға арналған резерві 61 362 мың теңге сомасында бекітілсін. Оның ішінде: ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) аумағындағы табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға арналған ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органының төтенше резервіне 26 362 мың теңге, шұғыл шығындарға арналған ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органының резервіне 25 000 мың теңге, соттардың шешiмдерi бойынша мiндеттемелердi орындауға арналған ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органының резервіне 10 000 мың теңге».

Көрсетілген шешімнің 1-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Осы шешім 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

Дата публикации
28 января 2026