Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 29 қарашадағы № 1050 қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының еңбек нарығын дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы (бұдан әрі – Тұжырымдама) бекітілсін.
- Орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар, Тұжырымдаманы іске асыруға жауапты өзге де ұйымдар (келісу бойынша):
1) Тұжырымдаманы іске асыру бойынша қажетті шаралар қабылдасын;
2) Тұжырымдаманы іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспарының уақтылы орындалуын қамтамасыз етсін;
3) есепті жылдан кейінгі жылдың 15 сәуірінен кешіктірмей Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне Тұжырымдаманың іске асырылу барысы туралы ақпарат ұсынып тұрсын.
- Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі есепті жылдан кейінгі жылдың 1 мамырынан кешіктірмей Қазақстан Республикасының мемлекеттік және стратегиялық жоспарлау жөніндегі уәкілетті органына Тұжырымдаманың іске асырылуы туралы есеп ұсынып тұрсын, сондай-ақ бірінші басшының қолын қойғызып, оны (қолжетімділігі шектеулі ақпаратты қоспағанда) интернет-ресурста орналастырып тұрсын.
- Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне жүктелсін.
- Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.