Аудан бойынша (кенттер, ауылдық округтер бюджеттерімен қоса) 2025 жылдың 31 желтоқсанына түсімдер болжамы 19 407 545,8 мың теңге орнына 19 709 304,8 мың теңгеге атқарылып, 101,6 % құрады.
Есепті кезеңге аудандық бюджетінің өз кірістерінің жоспары 2 932 463,7 мың теңге болса, нақты атқарылуы 3 434 435,7 мың теңгені, яғни 117,1 % құрады, 501 972,0 мың теңге жергілікті бюджетке жоспардан артық түсті.
Есепті кезеңге аудан бюджеті кірісінің салықтық түсімдері жоспары 2 769 174,4 мың теңге 3 167 004,2 мың теңгеге, немесе 114,4 % орындалып, 397 829,8 мың теңге артық түскен, салықтық емес түсімдері жоспары 115 911,3 мың теңге 212 170,2 мың теңгеге, немесе 183,0 % орындалып, 96 258,9 мың теңге жоспардан артық түскен, негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер жоспары 47 378,0 мың теңге 55 261,3 мың теңгеге, яғни 116 6 % орындалды, 7 883,3 мың теңгеге жоспардан артық түсті.
Облыстық бюджеттен бөлінген трансферттер жоспары 9 817 530,1 мың теңге болса толығымен түсті, субвенция жоспары 6 657 552,0 мың теңге болып жоспарланса, 6 457 339,0 мың теңге түсіп, 98,8% орындалды, 200 213,0 мың теңге субвенция көлемі қысқартылуынан түспеген.
Аудан бойынша 2025 жылдың 31 желтоқсанына аудан бюджетінің шығындар жоспары 21 377 946,4 мың теңге болса 21 369 453,7 мың теңгеге атқарылып, 100,0% құрап 8 492,7 мың теңге игерілмеді.
Республикалық бюджеттен бөлінген трансферттердің жоспары 100,0 % игеріліп, 7,2 мың теңге қаржының үнемделуінен игерілмеді.
Облыстық бюджеттен бөлінген трансферттер 2 808,3 мың теңге қаржының үнемделуінен игерілмеді .
Жергілікті бюджет қаржысы 5 677,2 мың теңге игерілмеді, оның ішінде 2 129,5 мың теңге Байқоңыр қаласындағы 50 пәтерлік 5 тұрғын үй құрылысы. Электрмен қамтамасыз етуден және Төретам кенті әкімі аппаратынан 688,5 мың теңге «Елді мекендерді абаттандыру мен көгалдандыру» бюджеттік бағдарламасынан Төретам кенті теміржол вокзалы аумағының ағымдағы жөндеу жұмыстарынан мердігер жұмыс көлемін толық атқармауынан және 2 859,2 мың теңге бюджеттік бағдарлама әкімшілерінен үнемделген қаржы.
2025 жылдың 31 желтоқсанына аудан бюджеті шығындары жоспарының бюджеттік бағдарламалар әкімшілері бойынша атқарылуы төмендегідей қалыптасты:
–Аудандық мәслихат аппараты – 100,0 %;
- Кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі –100,0 %;
АХАТ бөлімі –100,0 %;