Аудан әкімдігіне қарасты мемлекеттік мекемелермен 56 мемлекеттік қызмет ұсынылады.
Есепті мерзімде аудан әкімінің аппараты, 5 аудандық бөлім, 2 кент, 12 ауылдық округі әкімі аппаратымен 6310 мемлекеттік қызмет көрсетілді.
Оның ішінде:
- Тікелей мемлекеттік органмен 1322 – 21,0% ;
- Мемлекеттік корпорациямен 1870 – 29,6%;
- «Электронды үкімет» веб-порталымен 3118 – 49,4% өтініш орындалды.
363 өтінішке қызмет қағидасына сәйкес дәлелді бас тартылды. Оның 363-і электронды атқарылды.
2025 жылы аудандық бөлімдер мен кент, ауылдық округ әкімі аппараттары бойынша көрсетілген қызметтердің жайы төмендегіше қалыптасты:
|
Р/с |
Мекеме атауы |
Барлығы |
Аудан бойынша үлесі (%) |
Мемлекеттік орган |
Мемлекеттік корпорация |
ЭҮП |
|
1 |
«Қармақшы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» КММ-сі |
4338 |
68,7 |
1253 |
1870 |
1215 |
|
2 |
«Қармақшы аудандық ауылшаруашылығы мен жер қатыстары бөлімі» КММ-сі |
589 |
9,3 |
59 |
0 |
530 |
|
3 |
«Қармақшы аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» КММ-сі |
712 |
11,3 |
0 |
0 |
712 |
|
4 |
«Қармақшы аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» КММ-сі |
184 |
2,9 |
0 |
0 |
184 |
|
5 |
«Қармақшы аудандық дене тәрбиесі, спорт және туризм спорт бөлімі» КММ-сі |
6 |
0,1 |
0 |
0 |
6 |
|
6 |
«Қармақшы ауданы әкімінің аппараты» КММ-сі |
111 |
1,8 |
10 |
0 |
101 |
|
7 |
Кент және ауылдық округ әкімі аппараттары |
370 |
5,9 |
0 |
0 |
370 |
|
|
Барлығы |
6310 |
100,0 |
1322 |
1870 |
3118 |
Есепті мерзімде қызмет сапасына шағымдану және қызмет мерзімінің бұзылу жағдайы орын алған жоқ.
2025 жылдың қорытындысымен аудан бойынша электронды көрсетілген қызметтің жалпы үлесі 98,4 пайызды құрады.
Есепті мерзімде аудан әкімі аппаратының 2024 жылдың 25 қарашасындағы «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасына жүргізілетін ішкі бақылау шарасы туралы» № 68-нқ бұйрығына сәйкес 4 ішкі бақылау шарасы жүргізілді.
Бақылау шарасымен 12 мемлекеттік мекемедегі 14 көрсетілетін мемлекеттік қызмет қамтылды.
Нәтижесінде көзделмеген құжаттар талап ету 3, өзге де заңдылықтардың бұзылуының 2 барлығы 5 бұзушылықтың жағдайы анықталды.
Есепті мерзімде 12 ауылдық округі әкімі, 2 кент әкімі аппаратына және 5 аудандық бөлімге іс-тәжірибелік көмек көрсетілді. Көмекпен 48 маман қамтылды.
Аудан әкімі аппаратының электронды әкімдікті дамыту және мемлекеттік қызметтердің мониторингі бөлімінің қызметкерлерімен мекемедегі мамандарға «Е-лицензиялау» мемлекеттік деректер қоры» ақпараттық жүйесімен жұмыс жасау тәртібі, қызмет қағидаларындағы талаптар жан-жақты түсіндірілді.
Мекемедегі мүмкіндігі шектеулі азаматтарға жасалған жағдай (жұмыс кестесі, пандус, шақыру қоңырауы, тактильді тақта және т.б.), ақпараттық тақталардағы қағидалардың өзектендірілуі, «Өзіне өзі қызмет көрсету бұрыштарының» жұмыстарын жандандыру бойынша кеңестер берілді.
Есепті мерзімде Қызылорда облысы бойынша мемлекеттік қызмет істері департаментімен «Ең алдымен адамдар» бағдарламасы аясында бірлескен оқу семинар ұйымдастырылды. Оған аудандық бөлімдер мен кент, ауылдық округі әкімі аппаратының 5 маманы қатынасып, тиісті сертификаттар табысталды.
Аудан әкімдігіне қарасты 19 мемлекеттік мекеменің кеңселері «Өзіне - өзі қызмет көрсету бұрышымен» қамтылған. Тиісті мерзімде аталған бұрыштар арқылы мекеме мамандарының сүйемелдеуімен тұрғындар тарапынан 3656 қызмет алынды.
Аудан әкімі аппаратымен 2024 жылдың 22 қарашасында бекітілген «Аудандағы жергілікті атқарушы орган арқылы ұсынылатын мемлекеттік қызметтер бойынша аудан тұрғындарын ақпараттандырудың жоспар-кестесіне» сәйкес аудан әкімінің аппаратына қарасты мекемелермен 2025 жылы жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарына 19 түсіндірме мақала жарияланып, жоспар толығымен орындалды.