Қоғамдық жұмыстардың түрлерін және қоғамдық жұмыстарды орындауға тиіс ұйымдардың тізбесін айқындау туралы

«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 914-1-бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабының 2-тармағына және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2025 жылғы 17 қаңтардағы  №11-ө өкіміне сәйкес Қармақшы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Осы қаулының қосымшасынасәйкес қоғамдық жұмыстардың түрлері және қоғамдық жұмыстарды орындауға тиіс ұйымдардың тізбесі айқындалсын.
  2. «Қармақшы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
  3. Осы қаулының орындалуы Қармақшы ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
  4. Осы қаулы алғашқы жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Дата публикации
08 декабря 2025