2026-2028 жылдарға арналған Ақжар ауылдық округінің бюджеті туралы

Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі» Қазақстан Республикасы Кодексінің 91-бабының 1-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 2-7-тармағына сәйкес Қызылорда облысы Қармақшы аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

  1. 2026-2028 жылдарға арналған Ақжар ауылдық округінің бюджеті 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2026 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер – 98 166 мың теңге, оның ішінде:

салықтық түсімдер – 7 180 мың теңге;

салықтық емес түсімдер – 180 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 0;

трансферттер түсімдері – 90 806 мың теңге;

2) шығындар – 98 166 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу – 0;

         бюджеттік кредиттер - 0;

         бюджеттік кредиттерді өтеу - 0;

4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0;

         қаржы активтерін сатып алу - 0;

         мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0;

5) бюджет тапшылығы (профициті) – 0;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 0;

         қарыздар түсімі - 0;

         қарыздарды өтеу - 0;

         бюджет қаражаттарының пайдаланылатын қалдықтары –0.

  1. 2026 жылға аудандық бюджеттен Ақжар ауылдық округінің бюджетіне берілетін бюджеттік субвенция көлемі 90 806 теңге мөлшерінде белгіленгені ескерілсін.
  2. Осы шешім 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Дата публикации
10 декабря 2025