Қармақшы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- «Қармақшы ауданында коммуналдық көрсетілетін қызметтерді ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қармақшы ауданы әкімдігінің 2022 жылғы
11 сәуірдегі №11 қаулысына (Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде
2022 жылғы 14 сәуірде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
- Осы қаулының орындалуын бақылау Қармақшы ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
- Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.