2026-2028 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы

«Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі» Қазақстан Республикасы Кодексінің 91-бабының 3-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес Қызылорда облысы Қармақшы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. 2026-2028 жылдарға арналған аудандық бюджет 1, 2, 3 - қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2026 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер – 7 968 917 мың теңге, оның ішінде:

салықтық түсімдер – 2 499 087 мың теңге;

салықтық емес түсімдер – 30 630 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 2 500 мың теңге;

трансферттер түсімдері – 5 436 700 мың теңге;

2) шығындар – 7 968 917 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу – -208 329 мың теңге;

бюджеттік кредиттер – 0;

бюджеттік кредиттерді өтеу – 208 329 мың теңге;

4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0;

қаржы активтерін сатып алу – 0;

мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0;

5) бюджет тапшылығы (профициті) – 208 329 мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) –             -208 329 мың теңге;

қарыздар түсімі – 0;

қарыздарды өтеу – 208 329 мың теңге;

бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 0.

  1. 2026 жылға аудандық бюджеттен облыстық бюджетке кірістерді бөлу нормативтері төмендегідей көлемде белгіленгені ескерілсін:

1) 103.101 «Әлеуметтік салық» коды бойынша аудандық бюджетке           0 пайыз, облыстық бюджетк 100 пайыз.

  1. 2026-2028 жылдарға аудандық бюджетке берілетін бюджеттік субвенция көлемдері төмендегі мөлшерінде белгіленгені ескерілсін:

2026 жылы – 5 436 700 мың теңге;

2027 жылы – 3 984 410 мың теңге;

2028 жылы – 4 018 574 мың теңге.

  1. 2026-2028 жылдарға арналған аудандық бюджетте, аудандық бюджеттен кенттер, ауылдық округтер бюджеттеріне берілетін бюджеттік субвенциялар төмендегі көлемдер бойынша көзделсін, оның ішінде:

2026 жыл:

Жосалы кенті – 56 806 мың теңге;

Төретам кенті – 24 514 мың теңге;

Ақай ауылдық округі – 81 335 мың теңге;

Қармақшы ауылдық округі –86 001 мың теңге;

Жосалы ауылдық округі – 67 646 мың теңге;

Иіркөл ауылдық округі – 66 254 мың теңге

Жаңажол ауылдық округі – 85 792 мың теңге;

ІІІ-Интернационал ауылдық округі – 66 103 мың теңге;

Ақтөбе ауылдық округі – 80 029 мың теңге;

Ақжар ауылдық округі – 94 924 мың теңге;

Дауылкөл ауылдық округі – 102 357 мың теңге;

Алдашбай Ахун ауылдық округі – 67 143 мың теңге;

Қуандария ауылдық округі – 86 730 мың теңге;

Т.Көмекбаев ауылдық округі – 76 596 мың теңге.

2027 жыл:

Жосалы кенті – 55 535 мың теңге;

Төретам кенті – 22 904 мың теңге;

Ақай ауылдық округі – 82 283 мың теңге;

Қармақшы ауылдық округі –87 533 мың теңге;

Жосалы ауылдық округі – 68 639 мың теңге;

Иіркөл ауылдық округі – 67 561 мың теңге

Жаңажол ауылдық округі – 87 361 мың теңге;

ІІІ-Интернационал ауылдық округі – 67 201 мың теңге;

Ақтөбе ауылдық округі – 81 489 мың теңге;

Ақжар ауылдық округі – 96 627 мың теңге;

Дауылкөл ауылдық округі – 104 611 мың теңге;

Алдашбай Ахун ауылдық округі – 68 292 мың теңге;

Қуандария ауылдық округі – 88 409 мың теңге;

Т.Көмекбаев ауылдық округі – 77 799 мың теңге.

2028 жыл:

Жосалы кенті – 53 107 мың теңге;

Төретам кенті – 19 590 мың теңге;

Ақай ауылдық округі – 82 323 мың теңге;

Қармақшы ауылдық округі –88 336 мың теңге;

Жосалы ауылдық округі – 69 178 мың теңге;

Иіркөл ауылдық округі – 68 083 мың теңге

Жаңажол ауылдық округі – 88 429 мың теңге;

ІІІ-Интернационал ауылдық округі – 67 492 мың теңге;

Ақтөбе ауылдық округі – 82 143 мың теңге;

Ақжар ауылдық округі – 97 602 мың теңге;

Дауылкөл ауылдық округі – 106 177 мың теңге;

Алдашбай Ахун ауылдық округі – 69 177 мың теңге;

Қуандария ауылдық округі – 89 802 мың теңге;

Т.Көмекбаев ауылдық округі – 78 686 мың теңге.

  1. 2026 жылға жеке тұлғаларға мамандарды әлеуметтік қолдау шараларын іске асыру үшін берілген бюджеттік кредиттердің өтеуі 208 329 мың теңге көлемінде белгіленсін.
  2. Ауданның жергілікті атқарушы органының 2026 жылға арналған резерві 61 083 мың теңге сомасында бекітілсін.
  3. Осы шешім 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Дата публикации
03 декабря 2025