Қызылорда облысы Қармақшы аудандық мәслихатының 2024 жылғы 26 желтоқсандағы №232 «2025-2027 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Қызылорда облысы Қармақшы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Қызылорда облысы Қармақшы аудандық мәслихатының «2025-2027 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» 2024 жылғы 26 желтоқсандағы №232 шешіміне мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

«1. 2025-2027 жылдарға арналған аудандық бюджет 1, 2, 3-қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2025 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер – 19 053 916,6 мың теңге, оның ішінде:

салықтық түсімдер – 2 503 546,4 мың теңге;

салықтық емес түсімдер – 113 203,7 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 3 175,4 мың теңге;

трансферттер түсімдері – 16 433 991,1 мың теңге;

2) шығындар – 20 942 364,9 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу – 117 906 мың теңге;

         бюджеттік кредиттер – 320 458 мың теңге;

         бюджеттік кредиттерді өтеу – 202 552 мың теңге;

4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0;

         қаржы активтерін сатып алу – 0;

         мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0;

5) бюджет тапшылығы (профициті) – -2 006 354,3 мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 2 006 354,3 мың теңге;

         қарыздар түсімі – 1 677 233 мың теңге;

         қарыздарды өтеу – 202 552 мың теңге;

         бюджет қаражаттарының пайдаланылатын қалдықтары – 531 673,3 мың теңге»;

7-1 тармақтың 3), 4), 5) тармақшалары алынып тасталсын;

жаңа мазмұндағы 7-3 тармақпен толықтырылсын:

«7-3. Облыстық бюджет есебінен аудан бюджетіне тұрғын үй сатып алуға 90 017 мың теңге несиелер берілгені ескерілсін».

Көрсетілген шешімнің 1, 4, 5-қосымшалары осы шешімнің 1, 2, 3-қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

  1. Осы шешім 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Дата публикации
17 ноября 2025