2026-2028 жылдарға арналған Ақай ауылдық округінің бюджеті туралы

«Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі» Қазақстан Республикасы Кодексінің 91-бабының 3-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 2-7-тармағына сәйкес Қызылорда облысы Қармақшы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. 2026-2028 жылдарға арналған Ақай ауылдық округінің бюджеті 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2026 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:

         1) кірістер – 120 399 мың теңге, оның ішінде:

         салықтық түсімдер – 41 584 мың теңге;

         салықтық емес түсімдер – 0;

         негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 1 650 мың теңге;

         трансферттер түсімдері – 77 165 мың теңге;

         2) шығындар – 120 399 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу – 0;

         бюджеттік кредиттер – 0;

         бюджеттік кредиттерді өтеу – 0;

4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0;

         қаржы активтерін сатып алу – 0;

         мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0;

5) бюджет тапшылығы (профициті) – 0;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 0;

         қарыздар түсімі – 0;

         қарыздарды өтеу – 0;

         бюджет қаражаттарының пайдаланылатын қалдықтары –0.

  1. 2026 жылға аудандық бюджеттен Ақай ауылдық округінің бюджетіне берілетін бюджеттік субвенция көлемі 77 165 мың теңге мөлшерінде белгіленгені ескерілсін.
  2. Осы шешім 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Дата публикации
06 ноября 2025