Қармақшы ауданы бойынша оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолдану кезінде салық мөлшерлемесінің мөлшерін төмендету туралы

Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 726-бабына сәйкес Қармақшы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Қармақшы ауданы бойынша арнаулы салық режимін қолдану кезінде корпоративтік немесе жеке табыс салығы мөлшерлемесінің мөлшері 4 пайыздан
    2 пайызға төмендетілсін.
  2. «Қармақшы ауданы бойынша бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолдану кезінде мөлшерлеме мөлшерін төмендету туралы» Қызылорда облысы Қармақшы аудандық мәслихатының 2023 жылғы 23 маусымдағы №53 шешімі жойылсын.
  3. Осы шешім 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.
Дата публикации
11 ноября 2025